Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21587 материал табылды

Қазақстан • 03 Тамыз, 2022

«Тәуелсіздік ұрпақтары» анықталар күн жақын

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.

Қазақстан • 03 Тамыз, 2022

«Дарын» сыйлығына байқау жарияланды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы – ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында табысталады.

Қазақстан • 02 Тамыз, 2022

Жаңа Қазақстанның азаматы неден қашық болғаны жөн?

Мемлекетімізде түбегейлі өзгерістер қолға алынып жатқан тұста мұндай сұрақтың туындауы заңды секілді. Өмір тоқтамас, адамзат жаңарар деген бар емес пе? Ендеше, «заманнан заман туар неше түрлі» дегенді де ескерген жөн. Тек замана жылдан-жылға сұм болмаса екен деп тілейік. Заманды жаратылыс билейтіндіктен, адамдар тұрмыс құрсауына түсіп, жұрт өмірдің дұрыс-бұрыстығын түсінуге шамасы келмей, азап шегіп, азып-тозу, өкінішке қарай, үйреншікті өмір құбылысына айналып барады. Тіптен өмірде өзінің даңғыл жолын таба алмағандар түбінде шешуі жоқ, шегі жоқ үрейге душар болады. Осындайда мінез бен ақыл жараса алмай, адамгершілік ұтылып, азаматтардың мінез-құлқының міні рухани кеселге ұшырап отыр. Ал мұндай ахуалдың қалыптасуы Қазақстанның тәуелсіздігі мен оның мемлекеттілігінің орнығып, нығаюына кедергі жасары анық.

Қазақстан • 02 Тамыз, 2022

Дулати зерттеушісі

Ахмет Байтұрсынұлы • 02 Тамыз, 2022

Ахаңның ақ жолы

«Басқадан кем болмас үшін, біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға ынтымақ пен бірлік керек. ...Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай, түзу істеңдер! Сендер адассаңдар, арттарыңнан Алаш адасады. Арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар!». Ахмет Байтұрсынұлы

Қоғам • 02 Тамыз, 2022

Салт-дәстүріміз – саф алтындай құндылығымыз

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» жобасының аясында Аналар қауымдастығының Ақтөбе филиалы мен Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы бірлесе отырып, кең көлемді этнофестиваль өткізді.

Қоғам • 02 Тамыз, 2022

Әлеуметтік жобаларға – 2,6 млрд теңге

Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы әлеуметтік жауапкершілік тұрғысында Павлодар өңірінде өркенді істерді қолға алуда. Облыс басшылығы мен Еуразиялық топтың арасында биылға жалпы құны 2,6 млрд теңге тұратын әріптестік меморандумы қабылданды. Оған бұқаралық спортты дамыту, медициналық және білім беру мекемелерін жабдықтау, елді мекендерді абаттандыру тармақтары еніп отыр.

Спорт • 02 Тамыз, 2022

Балуандар бас қосқан турнир

Осыдан шамалы уақыт бұрын Зайсан қаласында елеулі оқиға болды. Жазушы, журналист Асқар Сәбитовтің (марқұм) ұйымдастыруымен жарық көрген «Зайсанның жайсаң балуандары» атты кітаптың тұсаукесеріне Алматы мен елордадан, еліміздің басқа елді мекендерінен кезінде боз кілемде жасын ойнатқан бура сан, бота тірсек балуандар жиналып, жерлестерімен жүздесті. Олар үш күн бойы күреспен шұғылданып жүрген балалардың өнерін тамашалады, өздері де боз кілемде өнер көрсетті.

Қазақстан • 02 Тамыз, 2022

Аймақтарға аттанды

Ақпараттық марафон барысында AMANAT партиясының мүшелері 179 аудандағы 394 ауылдық елді мекенге баруды көздеп отыр. Осылайша, еліміздегі 250 мыңнан астам отандасымыз партияның Үкіметпен бірлесіп іске асырып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы туралы егжей-тегжейлі танысады.

Қазақстан • 01 Тамыз, 2022

Мемлекетшіл

Қалтафон қоңыраулатты. «Махмұт Базарқұлұлы жақында жетпіс жасқа толатын еді... Сізден...» деп басталған өтініш-тілек таңданта қойған жоқ. Талайдан жолдас, дос болып келе жатқан азаматқа мерейжасы тұсында бірауыз жылы сөзін арнайтын шығар деп күту әбден-ақ табиғи. Несі бар, арнаймыз. Қарайлайтын, алаңдайтын ештеңе жоқ. Жетпістің аты – жетпіс. «Бір күн дәмдес болғанға қырық күн сәлем» дейді ғой біздің қазақ. Ал біздің өз кейіпкерімізбен етене аралас-құраласқанымызға биыл дәл отыз бес жыл толады екен. «35 күз. 35 қыс. 35 көктем. 35 жаз. Осал өмір емес-ау 35 жас» деп Мұқағали жазғандай, отыз бес жыл деген – біраз уақыт. Әйтеуір, бір адамды танып-білуге жететін уақыт екені анық.