Пікір • 09 Мамыр, 2022
Жаңа Қазақстанның жаңа келбеті
Мемлекет басшысы 5 маусым күні жалпыхалықтық референдум өтетіні туралы Қазақстан халқына үндеу жолдады. Референдум – саяси реформаларды жүзеге асыру бағытындағы басты құжат.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2022
ҚРКФ кәсіподақ мүшелеріне үндеуі
Атқару комитетінің шешімімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумды қолдау туралы үндеуі қабылданды.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2022
Amanat партиясы мәлімдеме жасады
Amanat Төрағасы Ерлан Қошанов бейнеконференция байланысы арқылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдау үшін партияның республикалық штабының алғашқы жиынын өткізді.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2022
Тарихи әділеттілік қалпына келтірілді
«Көптеген қазақстандықтар соғыс жылдарында көрсеткен ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды, бірақ қандай да бір себептермен басқа марапаттарға ие болды. Мұны бірқатар мұрағат көздері, соның ішінде құпиясыздандырылған құжаттар растайды». Бұл туралы Мемлекеттік хатшы өзінің телеграм арнасында жазды.
Үкімет • 09 Мамыр, 2022
Палатаның күн тәртібі нақтыланды
Парламент Мәжілісінің Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Тарих • 08 Мамыр, 2022
Адамзат тарихында орын алған қақтығыстардың барлығына ортақ трагедиясы көп. Солардың бірі кеңестік тарихта «Ұлы Отан соғысы» деген атпен қалған Кеңес Одағы мен Германия мемлекетінің арасында болған соғыстағы тұтқындар қасіреті.
Қазақстан • 08 Мамыр, 2022
Күркіреп күндей өтті ғой сол жылдар…
Кеңес Одағының батыс шекарасына қарай бағытталып ұшқан сол оқ әлемді бір-ақ сәтте асты-үстіне төңкерді. Адамды адамға дұшпан етті, мейірім мен қатыгездікті адамзат жүрегінде арпалыстырды. Сол сәттен бастау алған бақандай төрт жыл миллиондаған керзі етікті жер жастандырды, қарғыс атқан қаралы 1845 күн миллиондаған орамалдың ұшын көз жасына шылады…
Қазақстан • 08 Мамыр, 2022
Мен бірде Алматыдағы М.Әуезов атындағы драма театрына спектакль көруге бардым. Сондағы үзіліске шыққанда соғыс ардагері Шайхыслам Баймұхамбетов ағайдың ұлы Бағланмен кездесіп қалдым. Екеуіміз ағалы-інілі болып құшақ жая қауыштық. 60-70-80-жылдардағы Нарынқолда өткізген күндерді әңгімелеп, мәре-сәре болдық та қалдық. «Қазір жол жақсы ғой. Баяғы ГАЗ-69 машинасы емес. Көлігіміз жүрдек. Ауылға туысқаншылап барып тұрамын», деді Бағлан. Иә, сонау бір кездері Нарынқолдан Алматыға жетудің өзі мұң еді. ПАЗ деп аталатын шағын автобустар. Оның өзі санаулы. Жолаушылардың оған сыймай таласып жатқаны. Жол да оңып тұрған жоқ еді. Ал енді... Уақыт бәрін де қалпына келтірген. Өзгерткен. Бағлан інімнің сөзінен мен міне, осыны ұқтым.
Әлем • 08 Мамыр, 2022
Шанхайда коронавирус өршіп тұр
Әлемде коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдегенімен, Қытай бұл дертпен әлі күресіп жатыр. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин халықтың наразылығына, экономиканың құлдырауына қарамастан қатаң шектеулер қойды. Қытай неге дертті ауыздықтай алмай отыр? Індетке қарсы вакцинаның әсері әлсіз бе? Танымал иммунологтың болжамы қандай?
Фотогалерея • 07 Мамыр, 2022
«Құралайдың салқыны» деген сөз бар. Мамыр айының он шақты күнге созылатын ауа райының құбылмалы күндерінде киіктер жаппай төлдейді.