Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24571 материал табылды

Қоғам • 03 Қазан, 2023

Шексіз мүмкіндік шуағы

Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қарайтынымыз рас. Олардың қандай дағды мен қарым-қабілетке ие екенін де біле бермейміз. Бірақ олардың өмірге деген құлшынысы, әлеуметтің әлеуетін көтеруге деген ниеті көпшілікті тән­ті ететіні сөзсіз.

Қоғам • 03 Қазан, 2023

Есет Байкен: Астана діни көшбасшылардың диалог алаңына айналды

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық келісім қоғамының өзіндік бірегей моделі құрылды. Бұл жол бүкіл әлемге «Қазақстандық жол» ретінде танылды.

Сенат • 03 Қазан, 2023

Күн тәртібі бекітілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысында депутаттар 5 қазанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Көрме • 03 Қазан, 2023

Көрмеге 226 компания қатысады

Алғаш рет EXPO халықаралық көрме орталығында «Көлік және логис­тика» тақырыбында «TransLogistica Kazakhstan-2023» көрмесі өтеді. Бұл іс-шара отандық көлік апталығы аясында ұйымдасты­ры­лып отыр.

Пікір • 03 Қазан, 2023

Ғылыми зерттеулерге зәруміз

Елімізге агроөнеркәсіптік кешен салалары үшін өндірістік және ғылыми кадрларды даярлаудың тиімді мемлекеттік бағдарламасы қажет. Мұны жүйелеудің бір тетігі – ғылыми қызметті ынталандыру және жас ғалымдардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын реттеу. Бұған қоса жыл сайын салалық ғылыми зерттеу институттарына PhD даярлау жөніндегі нысаналы гранттарды бекіткен абзал.

Әдебиет • 02 Қазан, 2023

Айшуақ сөздің ақыны

1972 жылдың қоңыр күзі. Сабақтан шығып, жауып тұрған жаңбырмен жағаласып бір топ студент келе қалған автобусқа жапа-тармағай мініп алдық. Ол кезде мен Киров атындағы мемлекеттік университеттің филология факультетінің үшінші курс студентімін. Менімен бірге автобусқа кірген студенттер оқуға биыл түскен балалар екені сөздерінен білініп, даурығып, су болған шаштарын сілкіп тастап, топтасып тұра қалып әңгіме боратты. Сол кезде біреуі «мен сендерге өлең оқиын, соны тапсаңдар, сыйлығым бар» деп тамағын кенеп өлең оқи жөнелді:«Ақ бұлттар, қара бұлттар, ала бұлттар,Байқасақ аспанда да алалық бар.Біреуде жас та болса, даналық бар,Біреуде қарт та болса шалалық бар».

Қоғам • 02 Қазан, 2023

Пошташы неге қиналды?

Биылғы жаңа жылда екі-үш күн қатарынан қар жауды. Тобықтан аса. Ертеңіне жел тұрып, айнала ақ бұрқасын болды да кетті. Осы уақытта үйдегі қол жуғыштың шлангісінің бірінен су сыздықтап, тамшылап мазамызды алып тұрған. Далаға шыққың келмейді. Сонда да болса, біледі-ау деген адамдарды шақырып көрсетіп едім, олар: «Шлангісін ауыстырудан басқа лаж жоқ» дегенді айтты. «Жазған құлда шаршау жоқ» демекші, күннің райына қарамай «Жаңа ауыл» шағын ауданындағы құрылыс материалдарын сататын дүкенге баратын болып белімді будым. Жел үдемесе, басылатын түрі жоқ. Оның үстіне боранмен араласып қардың ұшқынынан әудем жерді де көруге де мүмкіншілік бермей келеді. Әйтсе де, «жол мұраты – жету» дегендей, ниеттеніп шыққан соң, амал жоқ.

Саясат • 02 Қазан, 2023

Инвестициялық жобаларды іске асыру

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығы­мен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөнін­дегі мемлекеттік комиссия отырысында бірқатар ірі инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.

Үкімет • 02 Қазан, 2023

Бюро отырысы

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Руханият • 01 Қазан, 2023

Қазақ – қашанда қазақ!

Яндекс.Метрика