Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Мамыр, 2022

«Усул сутие жолы» қандай әдіс?

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ баласын оқыту әдістемесін жүйелеуді неден бастады, сауаттау әдісін қалай қалыптастырды деген мәселе төңірегінде сөз қозғасақ. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі төте оқу, төте жазу және усул сутие деген ұғымдармен тығыз байланысты екендігі мәлім. Бәрімізге белгілі, VIII ғасырдан XX ғасырдың басына дейін түркі халықтарының барлығы араб әліпбиін қолданды. Ол қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне лайықталмаған, құрамында артық әріптері көп өте күрделі әліпби болатын.

Ғылым • 03 Мамыр, 2022

Ғылымға арналған ғұмыр

ҰҒА академигі Әбдімәлік Нысанбаевтың ғұмыры толығымен ғылым жолына арналды. Жарты ғасырдан аса ғылым аясындағы өмір тарихы қиын да қызық кезеңдерге толы.

Қазақстан • 03 Мамыр, 2022

Ынтымақтастығымыз нығая берсін

Біз бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызға мың да бір алғыс айтуымыз керек. Заманымыз тыныш, береке-бірлігіміз жарасқан. Өзім Шығыс Қазақстан облысындағы Орыс мәдени орталығының белсендісімін.

Қазақстан • 03 Мамыр, 2022

Ең бірінші әлеуметтік ортаны өзгерту маңызды

Қазіргі заманда біз барлығына бір идеологияны алып, сіңіре алмаймыз. Қазақстан халқы күрделі, көптеген топқа бөлінді, әңгіме тек этностық құрылым туралы ғана емес. Бізде әртүрлі саяси көзқарастар бар. Оңшылдар, солшылдар, оқшауланушылар және глобалистер.

Қоғам • 03 Мамыр, 2022

Хайптың соңы қауіпті

Бірнеше жылдан бері интернет кеңістікте болып жатқан ақпараттық соғысты назардан тыс қалдыру мүмкін емес. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде абайсызда айтылған сөз елеулі қақтығыстарға әкелуі ықтимал, тіпті елдегі жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін. Адамдар өзіміздікі және бөтен деп бөлісе бастайды. Әлеуметтік медиада арандатушылар көп. Фейк-ньюс деген де бар. Оны құрту керек еді.

Қазақстан • 03 Мамыр, 2022

Жаңа Қазақстан өзімізден бастау алады

Этномәдени бірлестіктер және Ассамблеяның барлық құрылымы – жаңа реформаларды құрудағы өте маңызды азаматтық ресурс. Ең алдымен, Жаңа Қазақстанды құруды өзімізден бастауымыз керек деген нақты түсінік бар. Алда күрделі жұмыс күтіп тұр, және біз жаңартудың барлық үдерісіне толық көлемде қатысуға дайынбыз.

Қазақстан • 03 Мамыр, 2022

Халықтың кесімді сөзін айтар кезі келді

Бәріңізге белгілі күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конс­титуцияға енгізілетін өзгерістерді жалпыхалықтық референ­думға шығару жайлы ұсынысын айтты. Қоғам белсендісі ретінде Президентіміздің бұл бастамасына барынша қолдау білдіремін.

Қазақстан • 03 Мамыр, 2022

Жаңа реформалар «Екінші Республиканың» тынысын ашады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында ел дамуында негізгі бағдар болатын бірнеше сая­си реформаға кеңінен тоқталды.

Қазақстан • 03 Мамыр, 2022

Бізді ортақ құндылықтар біріктіреді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында еліміздің бүгіні және болашағына байланысты жаңа бағыттарды, бастамаларды айқындады. Осы бастамалардың арасында қоғамның қолдауына ие болғаны, әрине Ата Заңымыз – Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізу туралы ұсыныстың бүгінгі таңда өзектілігі өте жоғары.

Қазақстан • 03 Мамыр, 2022

Тәуелсіздік тарихындағы жаңа кезең

Мемлекет басшысы еліміздің негізгі заңына енгізіле­тін өзгерістер бо­йынша референдум өткізуді ұсынды. Референдум – осындай өзгерістердің жаңа кезеңі және тәуелсіздік тарихындағы жаңа кезең, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты іске асуы.