Хоккей • 16 Мамыр, 2023
Бүгін Қазақстан хоккей құрамасы Швейцарияға қарсы ойнайды
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатында Швейцария құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 16 Мамыр, 2023
Мемлекеттік қызмет: жаңа кезеңдегі маңызды міндет
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімге негізделген мемлекеттік басқарудың «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру үрдісі мемлекеттік міндеттерді қоғам күтетін талап-тілектерге сәйкес жүзеге асыруға қажет негізгі құндылықтар мен қағидаттарды қайта қарауды өзектендірді.
Әскер • 15 Мамыр, 2023
Қатардағы жауынгерден генералға дейін
1991 жылғы тамыз дағдарысы жетпіс жыл үстемдік құрған кеңес одағының құлауына алып келді. Осы тұста еліміз де егемендік алып, 1992 жылдың 7 мамырында Қарулы күштеріміз құрылды. Содан бері 31 жыл өтті. Осы уақыт ішінде елдің қорғаныс қабілетін нығайту үшін қаншама қыруар шаруа атқарылды. Ол кезең де бүгінде тарих қойнауына енді.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2023
17-19 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары жоспарланып отыр. Бұл сапар «Орталық Азия – Қытай» форматында мемлекет басшылары деңгейіндегі Бірінші саммит аясында өтпек. Әдеттегідей, үлкен сапарлар аясында екі жаққа да маңызды келісімдерге қол қойылады. Соның ішінде негізгісі және біздің қоғамда ерекше назарға ілігіп отырғаны – Қытаймен екеуара визасыз кіріп-шығу туралы уағдаластық.
Спорт • 15 Мамыр, 2023
Талапты жастар қатысқан турнир
Исі қазақта Жәнібек есімді батыр бірнешеу. Соның ішінде Ер Жәнібек Бердәулетұлы қазіргі Семей облысындағы Жарма ауданының Ортабұлақ ауылы маңында жерленген. Қабанбай, Наурызбай, Дәулетбай, Бөгенбай сияқты аты аңызға айналған батырлармен бірге тізе қосып, ұлтының азаттығы жолында жауымен бел шешпей күрескен.
Спорт • 15 Мамыр, 2023
Техникалық спортқа баулу кенжелеп тұр
2022 жылы Астанада өткен отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қордаланған маңызды мәселелердің бірі ретінде еңбек нарығындағы техникалық мамандардың тапшылығын атаған еді.
Мәдениет • 15 Мамыр, 2023
Айтысқа бөлінетін қаржы одаққа толық жетпейді – Ринат Зайытов
Қазақ халқы үшін айтыс өнерінің орны әрқашан да ерекше болған. Мемлекет қаржысынан ара-тұра ұйымдастырылатын айтыстар болмаса, еліміз тәуелсіздік алғалы бері айтыс өнері мемлекеттен мардымды қолдау көрді деп айту қиын. Осы орайда Аманат партиясы фракциясының мүшесі Ринат Зайытов Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа айтыс өнерін қолдау жөнінде депутаттық салау жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2023
«Дипломмен ауылға» бағдарламасының кемшіліктері айтылды
«Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асып жатқанына 14 жыл болды. Алайда, мамандарға мұқтаж өңірлер көбеймесе, азайған жоқ. Бұл мәселе Мәжілістің жалпы отырысында көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 14 Мамыр, 2023
Бүгінде 3-6 жастағы балалар балабақшамен толыққанды қамтылды деуге болады. Бірақ мәселе мұнымен толықтай шешілді деп айта алмасақ керек.Себебі алдымыздан сапа мәселесі бой көрсетті.