Қоғам • 20 Қаңтар, 2023
Ақтарылған аңдатпа «Ақбас Алатауды дүбірлете шыққан Шыңғыс шығармалары әлемді елең еткізді. Асқақ ән аспанға атылып, тәтті жыр жер бетін ұйыта қалды. Мөлдір махаббат, ақтілек ана, қиыспас достық, тәтті татулық, терең толғау – бәрі-бәрі орын тапқан оның туындысынан. Қай дастанын оқи бастасаң да жылылық құшағына кіресің. Қызыға бересің, оқи түсесің, аяғына бір-ақ шыққаныңды өзің де білмей қаласың. Өмірге үңіліп, тұңғиық түбінен маржан іле білген, жетеліге аталы сөз жеткізген зергердің құдіреті осылай болмақ! Шыңғыс толғауын бұл күнде – шұғылалы Шығыс та, менмен Батыс та оқиды. Зар-зәбір естіген ащыға аһ ұрып күрсінсе, арманға жеткен адамдар қуана түседі. Осылай отырған оқушы Айтматовтың жақсылардың жақсысы, жүректілердің жүректісі екенін сезінеді. Авторға мың сан алғысын жолдайды. Міне құрмет, міне бақыт! Ал қазақ оқырманы, кезек саған да тиді. Мынау сол асыл дүние. Ал да оқы! Қызыққа бат! Өс. Өрле. Қанаттан. Өзгелерге де айт, құр қалмасын. Асықсын, сусындасын. Бұл сенің бауырыңның – телқозының асыл шығармасы. Оған Әуезов өзінің аталы сөзін арнаған, әлемге паш еткен. Өнерлі перзент деп масаттана мақтанған. Оның шығармасы сол ұлы Әуезовтің шығармаларымен қатар әр қазақ оқырманының төрінде тұруға лайық».
Реформа • 19 Қаңтар, 2023
Кез келген қоғамда демократиялық өзгерістерді бір сәтте немесе бір күнде жүзеге асыру мүмкін емес. Демократияны жарлықпен енгізе де алмайсың, әр халықтың сол мақсатқа жету үшін өзінің жүріп өтетін соқпағы, соқтықпалы жолы болады.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2023
Ұрпағымызды кім тәрбиелеп жүр?
Бүгін, міне, Тәуелсіздік алған жылы туған перзенттер отыздан асты. Мектептегі, жоғары оқу орындарындағы жастардың бәрі – тәуелсіздік төлдері. Жұмысқа жаңа орналасып жатқан алғашқы дипломды лек те солар. Тәуелсіздік кезеңдегі туған жастар қандай? Олар алғыр, өжет, жалтақтау дегенді білмейді. Ойларын бүкпесіз ашық айтады.
Экология • 19 Қаңтар, 2023
Бұрын болған, қазір тек төрт әріптен тұратын аббревиатураға ие жер туралы сөз.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2023
Бет-бейнесі мультфильм кейіпкерлері секілді аса бір күлкілі де қызықты портреттерді көрген боларсыз. Графика өнерінде бейнелеудің бұл түрі карикатура аталады. Бір бойына сатира мен журналистика элементтерін қоса алып жүретін аталған жанр бейнеленген кейіпкердің ішкі болмысын, мінез-құлқын да бере алатын қасиетімен өміршең.
Әлем • 19 Қаңтар, 2023
Microsoft компаниясы 10 мың жұмыс орнын қысқартады
Microsoft шығындарына байланысты 10 мың жұмыс орнын қысқартады. Компания басшысы жұмыстан босатылғандардың барлығы түрлі жеңілдіктер алады деп уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2023
Полиция Рамиль Мухоряповқа қатысты істі тоқтатты
Choco холдингінің басшысы, кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қатысты іс тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 19 Қаңтар, 2023
Роман Скляр «Газпром» басшысымен келіссөз жүргізді
Күні кеше Санкт-Петербург қаласында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллердің кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2023
Қоғам жемқорлықты жоюға мүдделі
Еліміздің 30 жылдағы дамуына үлкен кедергісін келтірген, көшімізді кері тартқан мәселе жемқорлық екенін көбіміз білеміз. Біле тұра, бұл індетпен күресте әлі де айымыз оңынан тумай тұрғаны айқын екенін де мойындаймыз. Кедергісіз келешек, жарқын болашақ – жалпы әділет салтанат құрған қоғам орнатқымыз келсе, осы жемір мәселені түп-тамырымен жоюымыз керек.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2023
Бұрынғы ет комбинатын іске жаратайық
Абай облысында ет өңдеу өнеркәсібі қайта жанданатын тәрізді. Кезінде ет өңдеуде күллі кеңес одағына мәлім болған Семейде 2025 жылы жаңа ет комбинаты іске қосылады деп жоспарланып отыр. Инвестор да табылыпты. «Еуразия АгроХолдинг» компаниясына жер телімі де беріліпті. Инвестор ендігі екі жылын кәсіпорынды іске қосуға күш салады.