Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21599 материал табылды

Өнер • 17 Ақпан, 2022

Ақан Сатаев «Қазақфильмнің» жағдайы мәз емес екендігін айтты

Елімізге танымал кинорежисер, «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев бас қалада өткен алқалы отырыста өзі басқаратын компанияның жағдайы мәз емес екендігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Әлем • 17 Ақпан, 2022

«Өмір сүр!»: Жириновскийдің ұлы әкесіне алаңдаулы

Ресей Мемлекеттік Думасының бұрынғы вице-спикері, Ресей либералды-демократиялық партиясының төрағасы Владимир Жириновскийдің ұлы Игорь Лебедев COVID-19-инфекциясымен ауруханаға түскен әкесінің жағдайы туралы алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2022

Қарабалықтағы төбелес: Біреуі - қайтыс болды, екіншісі - ауруханада

Қостанай облысы Қарабалық ауданының тәртіп сақшылары ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 17 Ақпан, 2022

Вейп эпидемиясының қаупі жоғары

Денсаулық сақтау министрлігінің Ден­саулық сақтауды қорғау ұлт­тық орталығының сарап­шы­­сы Жанар Қалмақова Қа­зақ­станда темекі шегу тәуел­ді­­лігінің төмендеуі аясында және қа­былданған заңнамалық нор­ма­лар­­ға қарамастан, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында вейп эпидемиясы өсуде деп есептейді.

Қоғам • 17 Ақпан, 2022

Елеусіз қалған ерлер, иесіз тұрған үйлер

Архангельск – Қызылжар ауданындағы ірі ауылдық округтердің бірі. Оның құрамына енетін Новокаменка және Архангельск елді мекендері облыс орталығына жақын орналасқандықтан және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары басып өтетіндіктен, тұрғындардың бақуатты өмір сүруіне де, төрт түлік өсіруіне де өте қолайлы. Өкінішке қарай, олай болмай тұр. Оның мән-жайына округ әкімі Ирина Рыбакованың дәстүрлі есеп беру жиы­ны­на қатысқанымызда тұрғындардың өздері майдан қыл суырғандай етіп тәптіштеп айтып берді.

Өнер • 16 Ақпан, 2022

Қасиетті күй өнерінің шырақшысы

Қазақтың халықтық музыка­сы тарихында жалпылама соқ­пақпен шиырламай өзін­ше төтен­нен жол салған ғалым­да­ры­мыз аса көп емес. Олардың болмыс-бітімі өзгелерден бөлек келеді, көрсеқызар әуеліліктен ада болады, табиғаты жасам­паздыққа мейлінше жақын жаратылады. Ғылымда жаңа­шыл бетбұрыс жасайтын, соны сер­піліс әкелетіндер әсі­лі, осы­лар. Сондай аяулы жан­дар­дың бірі – қазақ руханияты мен мә­дениеті жолында тер төк­кен арыс азамат, көрнекті өнер­та­­нушы ғалым, шертпе күй ше­­­­бері Базаралы Мүптекеев (1967-2015) еді. Базаралы орын­­­даушылық өнерде артына жарқын із қалдырған даңғайыр күйші әрі көреген зерттеуші болды. Зиялы оқырман назарына оның атқарған жұмыстары жөнінде шағын ақпарат ұсын­ғымыз келеді.

Тарих • 16 Ақпан, 2022

Махамбеттің соңғы сөзі

Үйіп-үйіріп құйындата соғатын жел құмды өңірді қабырғалата, айғыздап тастаған: аттың шашасынан келеді, кей-кейде құм көшіп тұрады, бел-белеңі, төбе-қырқасы жаңарып жатады. Бірде қатқылға тартатын қасқа жол біраздан соң құмдауытпен еміс-еміс көрінеді, бусанған із құмды жауып жатады. Құмды өңірде әр бұтаның бағытына ой-жобаң жетпесе, мәңгіріп қаласың. Қауіп-қатерден сүрінбей өтуің алғыр ақылыңа, көрегендігіңе байланысты.

Медицина • 16 Ақпан, 2022

Сақтандыру бойынша азаматтарға қандай медициналық көмек тиесілі?

Азаматтар «Маған сақтандыру не үшін қажет, не үшін жарна төлеймін, МӘМС маған не береді?» сипатындағы сұрақтарды жиі қояды. Себебі көпшілігі МӘМС жүйе­сінде қандай медициналық көмектерді тегін алуға бола­тынын біле бер­мейді. Сондықтан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жү­йесі бойынша тізбеге қандай қызметтер кіретіні және сақ­тан­­дырылған азаматтардың қандай құқықтары бар екені туралы ақпарат беруді жөн көріп отыр», дейді Қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша фи­лиа­лының баспасөз қызметі.

Экология • 16 Ақпан, 2022

Ледебур бадамы «Қызыл кітапқа» енген өсімдік

Көктемде Тарбағатай тауының бөктерінде қызғылт гүлдері бар бұта енді ғана көгеріп келе жатқан аймаққа керемет көрініс береді. Бұл – Ледебур бадамы. Ледебур бадамы (Amygdalus ledebouriana) раушангүлділер тұқымдасына жататын, ерте гүлдейтін өсімдік.

Қазақстан • 16 Ақпан, 2022

Ақыл – айбынымыз, кітап – байлығымыз

«Артық білім – кітапта» екенін ересек қауым жақсы білгенімен, жас ұрпақ әлі де болсын әлеуметтік желілердегі, интернет кеңістігіндегі қызылды-жасылды арзан ойын-күлкіге құмар. Өскелең ұрпақ жата-жастанып кітап оқудың орнына алтын уақытын алдамшы қызыққа алмастырып әлек. Бұдан тұп-тура екі жыл бұрын осы олқылықтың орны толар сәт пайда болып, елімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы қолға алынған болатын. Содан бері бірер жыл өтті. Не өзгерді, неге қол жеткіздік?