Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21606 материал табылды

Руханият • 01 Ақпан, 2022

Көз көргендер мен бастан кешкендер

Кеңестік қуғын-сүргінді біздің әулет те молынан бас­тан кешірді. Ата-бабамыз бай болғаны үшін ғана бізді қан шеңгел өкімет аяусыз қуғынға ұшыратты. Алдымен қайын жұртым туралы айтатын болсам, атам Оразбайды «бай-құлақ» деп ат қойып, мал-мүлкін тартып алып, өзін Түмен облысына қашуға мәжбүр қылады. Ол жаққа алдымен ағасы Қасым қашып барған екен. Атамыз ит тұмсығы батпайтын Тайганың ішінде күрке жасап күн көріп, жақын маңдағы орыс «селендерінің» малын бағуға жалданып жан сақтап отырған осы ағасын паналайды. Азды-көпті отырған соң ауылда қалған отбасына хабарын жеткізеді. Елде күнкөріс қиындап, «байдың құйыршығы» деген қысым көбейген соң әйелі Дәметкен 5-6 жастағы баласы Сейітті (менің күйеуім – авт.) жетелеп Түмен жаққа жаяу жетеді. Қаншама қиындық көріп, жол бойы азап пен қорлықты бастан кешеді. Жүре алмай қалған баласын жолда ат-арбалылар кездессе салып жіберіп, алдағы жол айрыққа тастап кетіңдер дейді екен. Аштық пен суық бір жағынан қысып, «баламнан айырылып қалдым ба?» деген қауіп екінші жағынан сорлатып, жолайрыққа жеткенде жолдың жиегінде отырған баласын көріп өлгені тірілгендей қуанатын көрінеді.

Тарих • 01 Ақпан, 2022

Стив Гаррисон: Мәншүктің батырлығы америкалықтардың жүрегін тебірентті

Шығыс қыздарының арасында алғаш болып, Кеңес Одағының Батыры атанған қазақ Қызының есімі бұл күнде аңызға айналды. Биыл қаһарман қыздың туғанына 100 жыл толғалы отыр.Мәншүк Мәметова (шын есімі Мәнсия) 1922 жылы 2 қазанда Орал облысы Бөкей Ордасында дүниеге келген. Анасының еркелетіп қойған аты – Моншақ.

Қазақстан • 01 Ақпан, 2022

Субсидия деген бір сарсаң

Субсидия ережелерінің жиі құбылуы отандық шаруа­лар­дың дің­кесін құртып болды. Құжат жинау­мен әлек болып, одан қал­ды күні-түні ғаламторға байланған фермерлер тиісті қара­жа­тына уақтылы қол жеткізе алмай жүр. Жақында Мемлекет басшысы өз мә­лімдемесінде бұл мәселеге ерекше тоқталып, демеу­қар­жы­ның діттеген жерге жетуін назарда ұстауды тапсырған еді. Әйт­песе, еліміздің кейбір өңірінде әкімдік қызметкерлері сы­бай­лас жемқорлықтың құрығына ілігіп, мемлекет қаржысын талан-таражға түсіріп келгені әшкере болған-ды.

Білім • 01 Ақпан, 2022

Университеттеріміздің әлемдегі орындары

Ақпарат пен технология үстемдік еткен қазіргі заманда алдыңғы орында ғылым тұратыны түсінікті жағдай. Демек ғылым мемлекетке өз пайдасын тигізу үшін бұл саламен жүйелі түрде айналысуы қажет. Ал осы мәселеде білім беру ошақтары, оның ішінде жоғары оқу орындары басты маңызға ие екені айдан анық. Бұл ретте білім беру жүйесіндегі стандарттардың және Қазақстан ЖОО-ларының әлемдік университеттермен салыстырғандағы деңгейі қандай деген сауал туады.

Қоғам • 01 Ақпан, 2022

Әлеуметтік мәселені шешу – басты бағыт

Жыл басында болған қайғылы оқиғалар елімізге терең, жүйелі және шынайы өзгерістер қажет екенін көрсетіп берді. Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінде жаңа Үкімет пен Қазақстан халқының алда тұрған міндеттері туралы баяндама­сында бүгінгі таңда қоғамды алаңдатып отырған, әрбір қазақ­стандықтың көкейіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, оны толық, жан-жақты талдап, алда тұрған міндеттерді анықтап, оның шешу жолдарын айтты.

Тарих • 31 Қаңтар, 2022

Бірімжановтан қалған бір белгі

Кейінгі жылдары Алаш арыстарының мұралары жиі-жиі табылып, ұлттық ғылыми мирасымыз аясының кеңеюіне жол ашып жатқаны бар. Жаңадан табылған шығармалар санаты­на Алаш қайраткерлерінің түрмеде, айдауда жүрген кез­де жазған еңбектері қосылды.

Әдебиет • 31 Қаңтар, 2022

Ошағыңды таптасаң, оты өшеді...

Тарих • 31 Қаңтар, 2022

Нығмет Нұрмақов және губатком төрағалары

Мына бір фотоға қарайықшы. Бір қарағанда мұндағы қазақтың марғасқалары арқа-жарқа болып отырғандай көрінеді.

Білім • 31 Қаңтар, 2022

Шәкіртақының өсуі – студенттердің ынтасын арттырады

Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында білім мен ғылымның өзекті мәселелері талқыланып, өткен жылдың барысы сарапталған болатын. Бұл жиында осы жылғы келелі міндеттер айқындалған-ды.

Қазақстан • 31 Қаңтар, 2022

Жақсысын үйренуіміз қажет

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында көп мәселенің басын ашып айтты. Соның бірі еліміздегі ірі кәсіпорындарға шетелден мамандар тартуды қысқартып, Қазақстан азаматтарын жұмысқа алу туралы болды.