Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21606 материал табылды

Қоғам • 02 Ақпан, 2022

Халық ертегілері Youtube-те қолжетімді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен алғаш рет «Қазақстан халқы ертегілері» атты Қазақстан этностарының халық ертегілері жинағы жарық көрді.

Спорт • 02 Ақпан, 2022

Аяулымның екінші Олимпиадасы

Аяулымның ата-анасы Серік Әміренов пен Гауһария Кеңесбекқызы – Зайсан ауданының тумалары. Бертін келе олар Өскеменге қоныс аударды. Серік пен Гауһария қыздары Аяулымның спортқа деген бейімі мен құштарлығын байқаған соң үш жасынан қазақ қыздарына тән емес фристайлдың могул түріне берді. Спорттың бұл түрі аса қауіпті, күрделі. Бастапқыда оңай болмады. Анасы қызының қиналып жүргенін сезіп, «Қызым, спорттың басқа түріне ауыссаң қайтеді?» дегенде қайсар қыз: «Жоқ, фристайлдан айырылмаймын», деді.

Қазақстан • 02 Ақпан, 2022

Жаңа мұнай шоғыры табылды

Маңғыстау облысындағы Өзен кен орнынан жан-жақ­ты барлау барысында жаңа мұнай шоғыры табылды. Осының нәтижесінде шыға­рылатын мұнай қоры­ның өсімі 39,9 млн тоннаны құрайды.

Қоғам • 02 Ақпан, 2022

Әлеуметтік төлем мөлшері артты

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін үш әлеуметтік төлемнің мөлшері ұлғайтылды. Бұл шара 347,7 мың адамға әсер етті.

Қоғам • 02 Ақпан, 2022

Баянсыз бағдарламалар

Осыған дейінгі Nur Otan партиясының съездеріне байланысты айтылып келген пікірлер тек қана символикалық мәнге ие болып келгені белгілі. Ал осы жолғы Мемлекет басшысы тарапынан айтылған мәселелерден билік транзитінің аяқталғанын, енді жаңа Қазақстанды құруға бет бұрғанымызды аңғартты.

Пікір • 02 Ақпан, 2022

Ел сенімі саяси өмірге серпін береді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» агенттігіне берген сұхбатын­да алдағы саяси реформалардың бағыт-бағдарын айқындап, қазақстан­дық саяси кеңістікті елеулі өзгерістер күтіп тұрғанын айтты.

Қазақстан • 02 Ақпан, 2022

Мемлекет мүддесі бәрінен жоғары тұруға тиіс

Қаңтар оқиғалары саяси-экономи­калық және әлеуметтік тұрғыдан қаншалықты осал екендігімізді айқ­ын көрсетіп берді. Ендеше, мем­лекеттің негізін шайқалтатын, елдің тәуелсіздігіне қауіп төнді­ретін мұндай жағдайды болдырмау үшін не істеу керектігі бәрімізді тол­ғандыруға тиіс және оған жауап іздеуіміз қажет. Сондықтан қоғам­да бұл мәселе кеңінен талқыланып, пікірталастар мен ой-пікірлер ор­таға салынып та жатыр.

Тарих • 01 Ақпан, 2022

«...Өзінен халық қамын бұрын жеді»

Бүгін мұсылман дінінің үлкен қайраткері, қасиетті Мекке, Мәдинаға үш рет қажылыққа барып, киелі орынға тәу ету барысында қазақ халқының ардақты ұлдары Құнанбай Өскенбайұлымен, қазақтан шыққан тұңғыш генерал Ғұбайдолла Жәңгірұлы Шыңғысханмен, тағы басқа ел азаматтарымен бірге сапарлас болған Досжан хазірет Қашақұлы туралы толығырақ әңгімелегенді жөн көріп отырмыз. Оның себебі де жоқ емес. Өйткені аталған дін қайраткерінің есімі баспасөзде арагідік айтылғанымен, оның қазақ даласына Ислам дінін таратудағы ағартушылық істерін жұртшылық көп біле бермейді.

Қазақстан • 01 Ақпан, 2022

Билік пен байлық

– Қазіргі байлардың бұрынғы байлардан айырмашылығы неде?– Бұрынғы байлар рулы бір елді асырайтын, бағатын, жыртығы болса – жамайтын. Қазіргі байлар «өзім, өзім» деп тек өз басының байығанын ойлайды, басқаны сезінбейді.(Автобустағы екеудің әңгімесінен)

Қазақстан • 01 Ақпан, 2022

Ел боламын десең іргелі...

...Ғұлама тарихтың тарам-тарам сүрлеуіне көз жүгіртсеңіз, қазақ деген халықтың сонау көнеден бастау алған өмір соқпағы, басынан өткерген небір «тар жол, тайғақ кешулері», замана сарыны тайға таңба басқандай сайрап жатыр. Талай-талай асулардан көктей өтіп, сан-алуан елдерді жүгіндіріп, әлемнің тең жартысын өзіне қаратқан қаһарман елдің атойлаған іздері жатыр. Ақылмен, көрегендікпен, қайсарлықпен болашаққа жол салып дәуірлеген сол кезеңді көшпенділер дәуірі, көшпенділер өркениеті дейді екен. Оны да еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген осы кездері ғана жұтына оқып, санамызға сіңіріп жатырмыз. Тарихшыларымыз, зерттеуші ғалымдарымыз, археологтеріміз талай дүниенің түйінін шешіп, тот басып, көмескіленіп жатқан жәдігер-қазынамызды тауып, шым-шымдап болса да ел ырзығына айналдыруда. Мұның өзі – ғасырлар тұңғиығында қалып, әбден шиеленісіп қалған «орама жіпті» бір-бірлеп тарқатумен бірдей нәрсе.