Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21599 материал табылды

Әдебиет • 06 Ақпан, 2022

«Ымырт» қазақ романының прогресіндегі жаңа баспалдақ

«...Нұрпейісов пен Әуезовті салыстырғанда тым қарапайым болудың қажеті жоқ, өйткені «Ымырт» қазақ романының прогресіндегі жаңа баспалдақ. «Абай жолы» романын белгілі бір деңгейде Гетенің «Вильгельм Мейстерімен» қатар қоюға болады.

Қазақстан • 06 Ақпан, 2022

Алаштың абызы

Аралда туып, Алаштың абызы болған Әбенің қазасы баршамызға қайырлы болсын! Иә, өмір заңы – келу, кету. Шүкір! Тәубе! Бәрін көрді. Барын берді Ұлы үлгі қалдырды. Жоғары рухани планка (меже) қойып кетті. Соңғы рет кездескенде маған сыйлаған «Соңғы парыз» кітабына «Бұл менің ғасырмен, уақытпен есеп айырыс­қан еңбегім» деп жазыпты. Қан­дай ірі сөздер десеңізші!

Қазақстан • 06 Ақпан, 2022

Аты өшпейтін асыл аға

Әбдіжәміл ағамыз дүниеден өтті дегенде, менің есіме ол кісінің кейбір ерекшеліктері түсті. Жалпы, ол кісі біреуге жақ­са, біреуге жақпайтын. Бас­қа жазушыларға қарағанда ерекше көзге түсіп тұрады. Мысалы, біз, жазушылардың бәрі, әуелі әңгіме жазамыз. Одан кейін повесть, хикая жазамыз. Әбден шыңдалғанда барып романға бет бұрамыз ғой. Бұл кісі прозаға бірден «Кур­ляндия» деген романымен келді. Соғысқа қатысып келгеннен кейін «Курляндия» романын жазып, жариялады.

Қазақстан • 06 Ақпан, 2022

Қош, қайран Әбеке!

Ұлттық руханиятымыздың бір ғасырлық дәуірі тарихқа кетті. Қазақ әдебиетінің не­гізін қалаған, Мұхтар Әуе­зов баста­ған алыптар тобы­ның ең соңғы тұяғы, әйгілі жазушы Әбді­жәміл Нұрпейісов қайтыс болды деген хабар жетті.

Қазақстан • 06 Ақпан, 2022

Әбдіжәміл Нұрпейісов жайында

Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сый­лығының лауреаты Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 98 жасқа қара­ған шағында дүниеден озды.

Қазақстан • 06 Ақпан, 2022

Ұлтының ар-ұяты бола білді

Әбекеңнің өмірден өткенін төбемізден жай түскендей болды деп айта алмаймыз. Өйткені бұл кісі бір жыл­­дың төңірегінде қатты нау­қастанып жатты. Ең соңғы рет барғанымда тіпті шүй­кедей болып қалған. Жатын бөлмесінен коляскамен алып шыққанда, жас бала сияқты болып қалғанын көр­дім. Сонда менің көзімнен жас шығып кетті. Қандай Әбе­кең еді.

Қазақстан • 06 Ақпан, 2022

«Ардың ісіне» адалдықтың үлгісі

Әлем әдебиетіндегі мойны озық айтулы қаламгерлермен есімі бірге аталатын Әбекең, Әбдіжәміл Нұрпейісов ағамыз шын мәнінде көзінің тірі кезінде-ақ аты аңызға айналған ғажап адам еді.

Қазақстан • 06 Ақпан, 2022

Соңғы сөз

Әбені соңғы рет екі жеті бұрын көрдім. Үйінде төсегінде сарғайып, құр сүлдері жатыр екен. Мені көріп түсі жылып төсектен басын көтер­гісі келді. Басын сүйеп төсегіне отыр­ғыздық. «Ер арыса – аруақ» деген. Қаң­қасы қалыпты. Сөйлей алмады. Ауы­зына «Айналайын!», деген сөз түсіп, соны қайталай берді. Қай­талай берді.

Қазақстан • 06 Ақпан, 2022

Қош, ұлт патриархы!

«Әбең өмірден өтті...» деген суық сөзді естігенде бетті сипап отырып, тіл ұшына келгені «Қош, ұлт патриар­хы!» деген сөз болды.