Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21599 материал табылды

Пікір • 09 Ақпан, 2022

Атакәсіптегі тәртіпсіздік реттелуге тиіс

Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сөздерін жіті тыңдап шықтым. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатысты пікірлеріне құзырлы орган басшылары мұқият зер салуы қажет.

Қоғам • 09 Ақпан, 2022

Адал еңбек әрбір отандасымыз үшін маңызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында билік пен қоғамның адал еңбек пен әділ ынталандыру идеологиясын ұстануы қажет екенін жеткізді. Бұл мәселені Президент бұған дейін де көтерген болатын.

Әлем • 08 Ақпан, 2022

Қытай мен Непалды не байланыстырады?

Өткен жылдың қыркүйегінде Қытай Непалдың батысындағы Хумла ауданына басып кірген болатын. Алайда Катмандудағы Қытай елшілігі қандай да бір шабуылдың болғанын жоққа шығарып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.

Коронавирус • 08 Ақпан, 2022

Эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді

Коронавирус індеті тарала бастаған уақытта құдды бір олимпиаданың медаль кестесін бақы­ла­ғандай қай өңірде қанша адам ауру жұқ­тыр­ғанын аңдитын едік. «Үш күннен кейін көрге де үйренесің» демекші, қазір қай­ғылы жағдай орын алып жатса да міз бақпайтын болдық. Еліміздегі соңғы тәуліктегі эпидемиялық ахуалға көз жүгіртсек, ковидке шалдыққандар бо­йынша Павлодар облысы «үштікті» түйіндеп тұр.

Қоғам • 08 Ақпан, 2022

Жалдамалы жұмыскерлерге сұраныс жоғары

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» (ЕРДО) АҚ Болжамдау депар­­та­ментінің дерегі бойынша, Қазақстанда биыл жал­да­мал­ы жұмыскерлердің саны 6,8-6,9 млн адамды құрайды. Жал­дамалы жұмыскерлерге сұраныс 188,6 мың адамды құрайды, оның жартысы жұмыстан шығатын жалдамалы жұмыскерлерді алмастыру сұра­нысына сай келеді. Со­ны­мен қатар күзетшілер, бух­гал­терлер, сатушылар мен жүр­гізушілер еңбек нары­ғында ең танымалы және жаппай сұра­ныста қала береді.

Қоғам • 08 Ақпан, 2022

Алматыда 200-ден аса кәсіпкер өтемақы алды

2022 жылғы қаңтарда жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен ШОБ субъекті­лері­не келтірілген шығындарды өтеу үшін ай­мақ­тық комиссияның кезекті отырысын­да 337,4 млн теңге сомасына 204 өтінім мақұлданды.

Руханият • 07 Ақпан, 2022

Тарлан мінезді тұлға

Қай заманда болмасын қазаның жеңілі жоқ. Ал қарға тамырлы қазаққа, айбынды Алты Алашқа ортақ тұлғаның дүниеден өтуі тұтас халықты күңірентіп кетеді. Бүгін қазақ қоғамы сондай ауыр, қайғылы күнді бастан өткеріп отыр. Қазақ әдебиетінің пат­­риархы, ұлт руханиятының көшбасшысы Әбдіжәміл Нұр­пейі­сов келместің кемесіне мініп, мәңгілік мекеніне аттанды.

Ғылым • 07 Ақпан, 2022

Ғылымға қолбайлау мәселелер хақында

Қазақстандық ғылымды дамыту – маңызды мәселелердің бірі. Ғылым қоғамның тікелей өндірістік күшіне айналса, ғылыми әзірлемелер экономиканың негізгі қозғаушы күші болады. Білімнің жоғары деңгейі, кәсібилік, серпінді бағыттар мен ғылыми жетістіктерді дер кезінде жүзеге асыру – заманауи жоғары технологиялық қоғамның ең құнды қасиеттері. Қазіргі таңда ғылымға көңіл бөлмеген мемлекеттер қоғамның озық игіліктерінен құр қалуға мәжбүр. Осының салдарынан олар жаһандық экономикалық нарықтағы ең табысты, технологиясы дамыған елдерге шикізат өндіруші ретінде ғана қызмет ете алады. Сондықтан да ел Президенті Қ.Тоқаев білім мен ғылымды дамытуға үлкен көңіл бөліп отыр.

Қазақстан • 07 Ақпан, 2022

Дарынды тұлға

Еліміздің көрнекті ғалымы, жоғары мектеп пен ғылымның белгілі ұйымдас­тырушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Кенжеғали Сағадиев тірі болғанда бұл күндері оның 84 жасын тойлар едік.

Қоғам • 07 Ақпан, 2022

Аяқ киімді таңбалау кодтары енгізілді

2022 жылдың 1 ақпаннан бастап Қа­зақстан Ресейдегі аяқ киімді таң­балау кодтарын өзара тани бас­тайды.