Қоғам • 29 Маусым, 2022
Шекара шебіндегі өңірдің халқымен жүздесті
Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев жақында Алматы облысында болып, Райымбек және Кеген аудандарының халқымен жүздесіп қайтты.
Үкімет • 29 Маусым, 2022
Ерлан Қошанов: Бизнеске де, Үкіметке де ашық әрі түсінікті салық жүйесі қажет
Amanat партиясының Төрағасы, парламенттік фракция жетекшісі Ерлан Қошанов салық заңнамасын жетілдіру мәселелеріне арналған жиында: «Партия сіздердің барлық сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайын. Бүгінгі талқылау – жаңа салық жүйесін қалыптастыру жолындағы стратегиялық міндеттерді шешудегі үлкен бірлескен жұмыстың бастамасы», деді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Экология • 29 Маусым, 2022
Жастар экология тақырыбын қаузайды
Қазақстанда өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеуге бағытталған республикалық жоба жүзеге асырылуда. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының хабарлауынша, экобелсенділер еріктілермен бірлесіп, түрлі экоакциялар, конкурстар мен сенбіліктерді ұйымдастыруда.
Аймақтар • 29 Маусым, 2022
Семей қаласының гербі бекітілді
Семей қаласы мәслихатының кезекті 25-ші сессиясы өтіп, онда депутаттар қаланың гербі мен оның толық сипаттамасын бекітті. Сондай-ақ, жиын барысында жергілікті атқарушы органға гербті пайдалану тәртібін анықтау ұсынылды.
Қазақстан • 29 Маусым, 2022
«Қайырымдылық» тақырыбындағы марка
Қазпоштада «Мемлекет саясаты» сериясынан «Қайырымдылық» тақырыбында пошта маркасы айналымға енгізілді. Пошта маркасының номиналы – «С» литері (380) теңге. Бұл Қазақстан Республикасының жерүсті көлігімен салмағы 50 грамға дейінгі тапсырыс хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді.
Қазақстан • 28 Маусым, 2022
Ауған соғысы туралы айтатын болсақ, Ауған соғысының хас батыры, әскери қайраткер, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың есімі ойымызға түсетіні рас. Бақытжан Ертайұлын танымайтын Алаш азаматы кемде-кем шығар. Ауған соғысы кезінде ержүрек әскери басшы әрі ақылды әскери стратег ретінде көзге түскен ерлігі үшін еліміздің ең жоғарғы наградасы – «Халық қаһарманы» атағы берілді. Кейін Парламент Мәжілісінің депутаты атанып, заң шығару жұмысына белсенді араласты. Мен бүгінгі мақалам арқылы курсанттық етіктің талайын бірге тоздырған тағдырлас досым Бақытжанның қалың оқырман көп біле бермейтін азаматтық қырлары туралы сыр шерткім келеді.
Қазақстан • 28 Маусым, 2022
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Иса Байзақов Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылында туған. Қазақ поэзиясында айрықша орын алатын Исаның актерлік, әншілік, домбырашылық өнерінің сыртында оның ақындық өнері бір төбе. Оның «Құралай сұлу», «Қойшының ертегісі», «Алтай аясында», «Кавказ», «Қырмызы-Жанай», «Ақбөпе» сияқты поэмалары өзінің көркемдігімен де, адамгершілік асыл қасиеттерді паш ететін идеялық қуатымен де қазақ әдебиетінде айрықша мәртебелі орынға ие.
Әлем • 28 Маусым, 2022
Жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты
АҚШ-тың Миссури штатында жолаушылар пойызы мен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC News-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Маусым, 2022
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Тарбағатай тұрғыны 700 келіден астам көксерке балығын заңсыз тасымалдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Маусым, 2022
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Маусым айының ортасында Өскемен қаласы полиция басқарамысына облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны алаяққа алданып қалғанын айтып, жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz.