Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19858 материал табылды

Қоғам • 10 Қараша, 2020

Борышкерлерді қалай қорғауға болады?

Қазақстан азаматтары өздерін банкрот деп жариялай алмайды. Себебі ондай құқығы жоқ. Қарызын қайтара алмай немесе несиесін төлей ал­май жүрген жандар көбіне кол­лекторлардың тұзағына түсіп жатады. Сосын амалсыз мо­й­нындағы несиелерін жабу үшін тағы несие алады. Сөйтіп, қарызға белшесінен батады.

Қоғам • 10 Қараша, 2020

Шектеулі мүмкіндігіміздің шекарасын кеңейтсе...

Ата-анам менің алты айлығымда көзімнің көрмейтінін біл­ген екен. Содан 6 жасымнан 20 жасыма дейін 11 рет ота жасатты. Бірақ, өкінішке қарай, ешбірінен нәти­же болмады. Мектепті сау балалармен бірге оқып бітірдім. Қос жанарым көрмесе де, сезім қабілетім жақсы дамыған.

Оқиға • 10 Қараша, 2020

Тоғыз млрд теңге үнемдеді

Қорғаныс ведомствосында өткен аппарат кеңесінде Қарулы Күштердің жаңа оқу жылына негізгі даярлық мәселелері қаралып, сонымен қатар әскердің күнделікті тыныс-тіршілігінің кейбір бағыттары бойынша тапсырмалар берілді.

Сұхбат • 10 Қараша, 2020

Қызметтік иттер қылмыстың ізін суытпай ашады

Әскердегі тыныс-тіршілік өзгеше бір әлем секілді. Бұл саланың өзіндік міндеті, атқарар қызметі, алға қойылған нақты мақсаты мен жоспарлары бар. Әскери қызметтегі әрбір жан Отанға деген патриоттық тәрбиені бойға сіңіре отырып, адал қызмет етуді, азаматтық борышты ыждағаттылықпен орындауды бірінші орынға қояды. Осы орайда кинология қызметіне қатысты аз-кем әңгіме өрбіткенді жөн көрдік. Сондықтан Ұлттық ұланның 5572 әскери бөліміндегі кинология қызметіне арнайы тоқталдық.

Тарих • 10 Қараша, 2020

Қазақстандағы ашаршылық: құжаттар сөйлейді...

Отандық және шетелдік тарихнамада 1929 жыл ішкі саясаттағы сталиндік «түбегейлі бетбұрыс», ЖЭС-тің (жаңа экономика­лық саясат) түпкілікті құлдырауы және аграрлық сектордағы «жоғарыдан» түскен революцияның жылы деп саналады. ЖЭС кезеңінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы өрлеуді бастан өткерді. Мысалы, 1928 жылғы астықтың жалпы түсімі 1920 жылмен салыстырғанда 50 есе жоғары болды. Алайда шаруалар бұдан ештеңе ұтқан жоқ. Мемлекеттік сатып алу бағалары нарықтық бағадан үш есе төмен болғандықтан, олар барлық жерде егіс алқаптарын азайта бастады, елде астық дайындау дағдарысы басталды. Шаруалардан астық қорлары, соның ішінде тұқым қорлары да тартып алынды.

Таным • 10 Қараша, 2020

Бесқала қазақтарының күйшілік дәстүрі

Қазақ халқы Бесқала аймағын ертеден қоныс етіп, өзіне тән музыкалық мәдениетін қалыптастырып, ұлттық өнердің жан-жақты кемелденуіне аталған шаһар зор үлес қосты. Өткен ғасырларда Әмудария бойындағы Шымбай, Хожелі, Қоңырат, Шаббаз, Көне Үргеніш қала­лары Бесқала деген ортақ атаумен аталып, бүгінгі Қарақалпақстанның ілкідегі бір атауы ретінде тарихта қалды.

Саясат • 10 Қараша, 2020

Халық үнін естімейтін салық органы

Дүйім жұртты пандемия дүрліктіріп тұрған қиын-қыстау кезеңде «Жау жағадан алғанда бөрі етекке жармастының» керін келтіріп отырған жайтқа наразылығымды ел газеті арқылы тиісті органдарға жеткізсем деймін.

Оқиға • 10 Қараша, 2020

Танымал туынды

Жақында «Фолиант» баспасынан Испания корольдігі академия­сының мүшесі, гроссмейстер, саяхатшы, тарихшы, әдебиетші, Кипрде, Ливанда, Ливияда, Мозамбикте, Анголада, Югославияда және басқа елдерде аса шиеленісті оқиғалар жайлы атышулы хабарлар жүргізген танымал журналист, бірнеше испаниялық және халықаралық әдеби, мемлекеттік сыйлықтың иегері Артуро Перес-Ревертенің «Құрсау немесе өлім үстіндегі ойын» («Осада, или шах­маты со смертью») атты романы жарыққа шықты.

Руханият • 10 Қараша, 2020

Ауыл деп соққан жүрек

Ел анасы деген ең биік есімді иелену – екінің біріне бұйыра бермес бақыт. Қанша дәуір аунаса да, қанша заман өзгерсе де, ондай атты арқалаған аналар өз биігінен түспейді. Қадірлі Зықаң – Зылиха Тамшыбаева жайлы естелік жазсам, уақыттың ырқына бағынбайтын, қай кезде де құндылығын жоғалтпайтын бір нәрсе барын анық білемін. Ол – адамгершілік, ол – адал еңбек, ол – елге тигізген шарапаты.

Президент • 09 Қараша, 2020

Президент энергетика, көлік, және мемлекеттік наградаларға қатысты Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, көлік, және мемлекеттік наградаларға қатысты Заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Заңның мәтіні төмендегідей: