Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Елбасы • 07 Қазан, 2020

Тұңғыш Президент ешқашан айнымайтын өмірлік ұстанымының бірін атады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған "Абай аманаты" атты мақаласында ешқашан айнымайтын өмірлік ұстанымының бірін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елбасы • 07 Қазан, 2020

Бүгінгі ұрпақ ұлттық шексіз құндылықтың қадірін білуі тиіс - Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы бүгінде салтанатты елордасы бар егемен мемлекетте өмір сүріп жатқан жасампаз ұрпақ ұлттық шексіз құндылықтың қадірін біліп, маңызын түсінуге тиіс екенін айтты. Бұл туралы ол "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған "Абай аманаты" атты мақаласында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай • 07 Қазан, 2020

Ұлы ақынның сөздері бесік тербеген әлдимен бірге құлаққа сіңді - Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Абайды тануы әуелде неден басталғаны жайында айтып берді. Бұл туралы ол "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған "Абай аманаты" атты мақаласында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай • 07 Қазан, 2020

Елбасы: Абай - халықтың мінез бітімін түбірімен жаңаша түлеткен санаткер

Тұңғыш Президенттің "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған "Абай аманаты" атты мақаласында хакім Абай елдің болашақ бағдарын айқындап берген тұлға екені жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай • 07 Қазан, 2020

Абай тұлғасы ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір - Елбасы

Бүгін "Egemen Qazaqstan" газетінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Абай аманаты" атты мақаласы жарық көрді. Онда ол хакім Абай өмір сүрген тұста қазақ қоғамы бұрынғы хандық басқару жүйесінен біржолата қол үзгені жайында сөз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай • 07 Қазан, 2020

Абай аманаты

Адамзат өркениетінің тарихы сан мәрте дәлелдегендей, ұлы тұлғалар көбіне көненің күйреп, жаңаның бой көтеріп, қоғамның бір сападан екінші сапаға ауысар дәуірінде дүниеге келеді. Жаратушы өз мейірі түскен ерекше жанның бойына нұрлы сипат дарытып, замананың сан алуан факторлары оның қайталанбас дара болмысын сомдайды.

Руханият • 07 Қазан, 2020

Қарияның құжатын қайта жасап берді

Осы жылдың ақпан айында Жетісай ауданы Күрішті ауылының тұрғыны 99 жастағы Күлай Сүгірбаеваның осы уақытқа дейін жеке куәлік алмағаны туралы мәселе көтерілген еді. Сол кезде анықталғандай Күлай әже өзінің барлық құжаттарын жоғалтып алып, соның салдарынан ұл-қыздары да құжатсыз жүрген екен.

Пікір • 07 Қазан, 2020

Еліне етене жақын басылым

Дәстүрлі басылымдарға жазылу науқаны жақындағанда, көненің көзі, тарихтың өзі болып отырған, салмақты газет-журналдардың санына қарап отырып кейде қынжыласың, көбінде қуанасың.

Қоғам • 07 Қазан, 2020

Басты міндет – жазылушыға жақсы қызмет көрсету

Өмірімді пошта қызметімен байланыстырған мен 1991 жылдан бері осы салада еңбек етіп келемін. Алғаш Шардара ауданын­да жұмысқа қабылданып, еңбекқорлығымның арқа­сында 2000 жылы «Қазпошта» АҚ облыстық бөлімше­сіне қызметке келдім. Содан бері 20 жылдай осы мекемеде еңбек етіп келемін.

Қоғам • 07 Қазан, 2020

Оқырман күтіп отырады

Пандемия басталғалы жиілеп кеткен шектеу шаралары күнделікті газет, хат-хабар тасымалдауға да айтарлықтай қиындық, кедергі туғызып отыр. Соған қарамастан, «Қазпошта» өз қызметін бұрынғыдай мүлтіксіз атқаруынан жаңылмай келеді.