Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Абай • 05 Қазан, 2020

Ар ілімін асқақтатты

Қайталанбас, бірегей қасиеттері көп қазақты қаны таза ха­лық дейміз. Өкінішке қарай, осынау өзгеше халқымыз, ұлағатты ұлтымыз басқыншылықтың қорлығын, отар­шылдықтың зорлығын бастан көбірек кешіріп, азапты ғасырларда азаттығынан айырылып, азып-тозуға ұшы­рағаны да аян. Осылайша қаны таза қазақ талай-талай дерттерді жұқтырды. Олар алауыздық, арыз­қойлық, жағымпаздық, күншілдік, дүниеқоңыздық, қанағат­сыздық, екіжүзділік деп жалғасып кете барады.

Руханият • 04 Қазан, 2020

Ұлан-Батырда Абай және әл-Фараби кеші өтті

Өткен аптаның жұма күні Моңғол елінің астанасы Ұлан-Батыр қаласында Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен ағартушы-ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Абай және әл-Фараби тағылымы" атты кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға • 04 Қазан, 2020

Пандемия кезінде мұғалімнің маңызы зор екеніне баршаның көзі жетті – Б.Байбек

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтап, Facebook парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 02 Қазан, 2020

Зілзалаға төзімді құрылыс жобаларын ұсынды

Францияның зілзалаға төзімді құрылыс қауымдастығы (AFPS) Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтына («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) ынтымақтастық туралы ұсыныспен ресми хат жолдады.

Қоғам • 02 Қазан, 2020

Еуразиялық патенттік ұйымның марапаты

Әділет министрлігі және «Ұлт­тық зияткерлік меншік инс­титуты» РМК (KAZPATENT) ұсынуы бо­йын­ша Еуразиялық патенттік ұйым­ның әкімшілік кеңесінің 36-оты­рысы шешімі­мен зияткерлік мен­шік сала­сы­ның құрметті марапа­ты – «Өнертапқыштық және па­тент­тік іске қосқан үлесі үшін» В.И.Блин­ников алтын медалімен ме­ди­цина ғылымдарының докторы, про­фессор, Ресей Федерациясы Ғылым академиясының және Қазақ­стан Республикасы Ұлттық ғы­лым академиясының акаде­мигі, өнер­тапқыш Төрегелді Шар­манов және тау-кен және мұнай сала­сындағы жетістіктерімен танымал Satbayev University марапатталды.

Саясат • 02 Қазан, 2020

Азаматтық – жайлы өмірдің символы емес!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында «Мемлекеттік қызметшінің немесе квази­мемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олар қызметінен босатылады», деп мәлімдеді.

Тарих • 02 Қазан, 2020

Кеудесін орден-медальға толтырып қайтқан

Сұрапыл соғыс басталған кезде әкем Қызылқұм ауданындағы Ленин атындағы орта мектепте директор болатын. 21 жаста екен. Ал оған дейінгі өмір жолы әкемді тым ерте есейтіп, әсіресе ашаршылықтың салған зобалаңынан аман қалғанына сенер-сенбесін білмей жүріпті. Арыстағы жетім балаларға арналған үйді пана тұтып, аман қалған. Әкем Қаныбек Патсаев 1920 жылдың 17 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданындағы, Шардара ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келіпті.

Медицина • 02 Қазан, 2020

Медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуді ұсынды

Сенатта Мұрат Бақтиярұлының төрағалық етуімен Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысы болды. Онда депутаттар елдегі медициналық қызметтердің сапасы, қолжетімділігі және даму келешегі мәселелерін талқылады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қоғам • 02 Қазан, 2020

«Виртуалды қойма» модулін қолдану кеңейтілді

«Электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйе­­­сі­­нің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электронды шотфактуралар жазып берілетін тауарлардың тізбесін бек­і­ту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі­нің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қар­­жы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі №384 бұйрығы­­на толық­тырулар енгізу туралы» Қазақстан Республика­сы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №862 бұй­рығымен «Виртуалды қойма» модулін қолдану кеңейтілді.

Оқиға • 02 Қазан, 2020

Оқушылар күміс және қола медаль жеңіп алды

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан құрама командасы 61-ші Халықаралық математикалық Олимпиадада (International Mathematical Olympiad) үш күміс және екі қола медаль жеңіп алды. IMO 2020 жарысына әлемнің 100-ден астам елінен жоғары сынып оқушылары қатысты. Қазақстандық команданың құрамында 6 адам болды.