Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Руханият • 04 Наурыз, 2021

Ұлт үшін туған тұлға

Ұлыларды уақыттың өзі туғызады. Заманның өрті мен дерті, дауылы мен жа­уыны, сеңі мен селі шыңдап шынықтырады. Тарих ұзақ толғатып, сирек туатын ұлылар алдына ұлы мақсат қояды. Соның бір мықты мысалы – ұлт үшін туған ұлы тұлға Әлихан Бөкейханның өмірі, оның халық үшін басын бәйгеге тіккен тарихи қызметі. Қазақтың бағына біткен осы баға жетпес бағылан ұлт үшін қандай ұлы істер істегенін, бұл жолда қаншама тар жол, тайғақ кешкенін, елім деп еміренген жүрегінің жалынын түрме де, темір тордың іші-сыртындағы қинау да сөндіре алмағанын, қаһарман азаматтың қайсар рухы мұқалмай, қиындық көрген сайын тас қайраққа қайралған болаттай өткірлене түскенін көзіқарақты халықтың өзі де біледі. Оны тізбелеп жатпай, сөзі мен ісінің арасында айырма болмаған кемел ойлы кемеңгердің данышпанға тән даналық ой-толғамдарын сөз етпекпіз.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2021

Елбасы бастамасы өңірлерде оң нәтиже беруде

Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Тараз қаласына және Шымкент қалаларына барды. Бұл сапар кезінде Дариға Нұрсұлтанқызы Елбасының «Қамқорлық» бастамасының іске асырылу барысымен танысты.

Экология • 04 Наурыз, 2021

Органикалық өнімдер экономикадан өз орнын алуы тиіс

Органикалық әрі табиғи таза өнімдер қатарына бал арасы мен марал шаруашылықтарының өнімдері жатады. Бұл салалардың өнім сапасы мен экологиялық тазалығы, биологиялық алуан түрлілікті сақтау саясатындағы маңызы өте жоғары. Сонымен қатар «Қазақстанда жасалған» деген белгімен табиғи азық-түлік брендін ілгерілету де бүгінгінің басты талабы болып отыр.

Қоғам • 03 Наурыз, 2021

Қандастардың қатары қалыңдайды

Биыл, Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Тәуелсіздіктің халқымызға берген басты игіліктерінің бірі – алыс және жақын шетелдерден  қазақтардың Отанға оралуына жол ашылғанына да 30 жыл толмақшы. Еліміз өз еркіндігіне қол жеткізердің алдында, 1991 жылғы 18 қарашада Қазақ КСР Министрлер Кабинеті «Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақстанда қоныстандырудың тәртібі мен шарттары туралы» арнайы қаулы қабылдаған болатын.

Руханият • 03 Наурыз, 2021

Қазақ ұршығының құдіреті

Қазақта «Ұршықтай үйіріп алдыңа әкелді» деген сөз бар. Бұл сөзді тура да, ауыспалы да мағынасында Кеңес өкіметінің 1920-1938 жылдардағы қазаққа әкелген ашаршылық, атып-асу, қуғындау зұлматына қатысты айтса болады. 

Қазақстан • 03 Наурыз, 2021

Ақылбек Күрішбаев: Селекциялық жұмыспен айналысамыз ба, әлде шет елден тағы да мал тасимыз ба?

Соңғы жылдары «Етті мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында елімізге 153 мыңнан астам асыл тұқымды малдың басын жаппай әкелу жүзеге асырылды. Оны сатып алуға (мемлекеттік субсидияларды қоса алғанда) 500 млн АҚШ долларынан астам қаражат жұмсалды.

Қазақстан • 03 Наурыз, 2021

АӨСШК – Қазақстан сыртқы саясатының жарқын жемісі

Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің елең-алаңында бірден халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретінде әлем қауымдастығының дамуы мен қауіпсіздігін бірізділікке салып, нығайту бойынша сан алуан шаралардың басын қайырды.

Қоғам • 03 Наурыз, 2021

Ұланнан шыққан ұлағат иесі

Еліміздің шұрайлы Шығыс өлкесінің солтүстік-батысындағы Қалба тауының бөктерінде орын тепкен Ұлан ауданының шалғай ауылында орта мектепте оқып жүрген кезден бастап ол мұғалім болуды армандайды. Оған өмірден көрген-білгені мен көкейге түйгені мол, сырлы сөздің қадірін білетін, суырып салма ақындығы елге танымал анасы Зияда Жарболқызының да ықпалы мен ақыл-кеңесі ерекше болды.

Руханият • 03 Наурыз, 2021

Текті термеші

Байдың да, патшаның да кем тұсын ашып айтып, халқына тірек болып, мұң-мұқтажын алға тартып, тілінен текті сөз шығып, әр қойылған сұраққа тапқырлықпен тиянақты жауап айтпаса, оны ақын деп атаудың қажеті шамалы. Міне, осындай сұрапыл сұраққа көздеп жауап беріп, жерін жырлап, ауыз бірлікке шақырып, елін ынтымаққа жетелеген, жырларын рухани азық етіп, әр сөзі ұрпағына ұран болған ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлы.

Қоғам • 03 Наурыз, 2021

Волонтерлік – азаматтық қоғамның баспалдағы

Дамыған азаматтық қоғамсыз, атап айтқанда үкіметтік емес ұйымдарсыз (ҮЕҰ) елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы мүмкін емес. Осыған дейінгі оқиғалар мен тәжірибе азаматтық белсенділер, ҮЕҰ әрдайым қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғап, халықтың ең өзекті мәселелерін шешуге ұмтылатынын талай рет көрсетті.