Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Қоғам • 01 Наурыз, 2021

Бойымда қазақылық бар

Жерді жеті айналса да қазақ халқындай бауырмал, қонақжай халықты таппайтын шығар ешкім. Қай заманда да бас сауғалап, сырттан келгендерді ұлтына, ұлысына қарамастан, бауырға бас­ты. Қолындағы соңғы нанымен бөлісті. Тіпті сонау қызылдардың қылышынан қан тамып тұрған жылдары қуғынға түскендерді үйіне де жасырғанын білеміз.

Қоғам • 01 Наурыз, 2021

Адамдардың татулығынан асқан құндылық жоқ

Ұлтына, тіліне, дініне қарамай, өзге этнос өкілдерін бауырына басқан қазақ халқының дархан мінезі, кеңпейіл болмысы кейінгі ұрпаққа үлгі деп білемін. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы, сыйластығы, түсіністік сияқты құндылықтардың да әрдайым орны ерекше.

Қоғам • 01 Наурыз, 2021

Бұл нағыз рухани камертон

Биыл алтыншы мәрте тамаша мерекені – Алғыс айту күнін атап өтіп отырмыз. Бұл – нағыз жарқын әрі рухани мейрам. Сондай-ақ осы ерекше күнді Қазақстан халқының бауырмалдығының, мейірімді жүрегіміздің, жан тазалығының айқын көрінісі дер едім. Тіпті нағыз рухани камертон десем, қателеспеймін.

01 Наурыз, 2021

Кешенді бағдарлама қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 24 қарашадағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы» Жарлығына сәйкес, саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру, барлықсанаттағы қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстарын жүргізу бағытында елімізде ауқымды жұмыс басталғаны және аталған іске ғалымдар, қоғам қайраткерлерінің жұмылдырылғандығы баршамызға аян.

Қоғам • 01 Наурыз, 2021

Аллаға шүкір еткеніміз...

Қоғам • 01 Наурыз, 2021

Бірлік – кемел келешегіміздің кепілі

Бәрімізге белгілі, биыл қастерлі де қасиетті тәуелсіздігімізге отыз жыл толады. Жыл аяғына дейін республика көлемінде ұйымдастырылатын үлкенді-кішілі сан алуан саяси-әлеуметтік, мәдени шаралардың барлығы да осы тәуелсіздік деген ұлағатты да ұлы ұғымның мәртебесін биікке көтеріп, ұрпақ санасына берік орнықтыруға үлесін қосса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Білім • 26 Ақпан, 2021

Оқу үдерісін қазақшалауға қосқан үлесі зор

Адамды танымал ететін қадір-қасиет көп қой. Біреуді таланты, енді біреуді тынымсыз еңбегі немесе ерекше қабілеті танымал етіп жатады. Адамның сондай көп қырларының бірі деп тиянақтылықты да атар едік.

Руханият • 26 Ақпан, 2021

Ақын даңқы аласармайды

Уақыт сынағынан сүрінбеген алып тұлғалар саусақпен санар­лық. Солардың бірі – Жамбыл. Сүйінбай баба іні шәкіртіне домбырасын бекер қалдырмапты.

Қазақстан • 26 Ақпан, 2021

Ғұлама ғалым, көрнекті қайраткер

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1970-1986 жылдардағы ректоры, Инженерлік академияның және механика-математика институтының негізін қалаған мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Жолдасбеков жайлы сөз қозғағанда көз көргендер мен үзеңгілестері ең әуелі оның еңбекқорлығын алға тартып, «істің адамы еді» дейді. Бүгінде 90 жылдық мерейтойы аталып өтіп отырған, халқына қалтқысыз қызмет еткен көрнекті академиктің Қазақстан ғылымы мен біліміне, ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағына сіңірген зор үлесін атап өтіп, төрткүл дүниені түгел мойындатқан ғылыми жетістіктерін мақтан етеді.

Қазақстан • 26 Ақпан, 2021

Мақтанышым мен сағынышым

Туып-өскен жердің, достар мен жақындардың, етене таныс салт-дәстүрлердің қаншалықты ыстық екенін туған елден жыраққа кеткенде түсінетінің заңды.