Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Тарих • 23 Ақпан, 2021

Қолдан жасалған «істің» құрбандары

Өткен ғасырдың басында халқы­мызды сарсаңға салып, қасірет шектір­ген сая­си қуғын-сүргіннің зобалаңы тарих­тың ақтаңдағы ретінде көңілден көшпей, жүректен өшпей келе жатқаны рас. Осыған орай, өткен жылғы қарашаның 24-інде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойып, жедел түрде комиссия құрамы да жасақталып, жұмысын бастап кетті.

Тарих • 23 Ақпан, 2021

Ақтаңдақты ғылыми тұжырым ғана айқындайды

Тарих ғылымы басқа гуманитарлық ғылымдармен салыстырғанда, мемлекет тарапынан әділетті қолдауға аса мұқтаж. Мұның себебі өткен ғасырда оның шын мәнінде «сарай ғылымына» айналып, тоталитарлық жүйенің біржақты саясатын бұқара арасында насихаттаушы қуатты идеологиялық құралға айналуында жатыр. Шүкіршілік, еліміз тәуелсіздік алған соң тарихымыз да сая­си еркіндікке, рухани дербестікке қол жеткізді. Енді тарихшылар ақиқатқа негізделген тәуелсіз ойларын өз зерттеулерінде қаймықпай, жалтақтамай жаза алатын жаңа заман мүмкіндігіне ие болды.

Медицина • 23 Ақпан, 2021

Індеттің екінші толқынына дайынбыз ба?

Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында алғаш рет тіркел­ген қатерлі COVID-19 вирустық инфекциясы адамзатқа үлкен үрей туғызып, бүкіл әлемді жаулап алғанына міне, бір жылдан асты. Осы мезгілде бұл ауыр індет дүние жүзінің 215 еліне тарап, 110 млн-нан астам адам ауырып, олардың 2,5 млн-ы көз жұмып­ты.

Пікір • 23 Ақпан, 2021

Әділдіктен – әділеттілікке

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауы мен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақа­ла­сында ашық, әділ, әділетті қоғам мен тиім­ді мемлекет құру мәселесіне арнайы тоқталды. Президенттің ұғымында әділетті мем­лекет орнату халықтың әлеуметтік жағ­дайын жақсартумен қатар, барлық аза­маттың мүддесін бірдей қорғауды аң­ғар­тады.

Аймақтар • 23 Ақпан, 2021

Қазақты сүйіп, қазақ тілін қастерледім

Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында батыс шекараға жақын тұратын поляктардың қатарында менің әкем Иосиф Дворецкойды да ата-анасымен бірге Солтүстік Қазақстан облысының Келлер ауданындағы Ростовка ауылына жер аударады. Айдалып келгендердің бәрі жергілікті комендатураның бақылауында, үш шақырым алысқа шыға алмайтын қатаң тәртіпте ұсталады. Бұл елді мекеннен қазақ ауылдары алыстау. Сондықтан олар қазақтарды да сирек көреді.

Әдебиет • 23 Ақпан, 2021

Едіге батыр жайында бірер сөз

Еуразия кеңістігін мекендеген түркі халықтарына кең тараған, әсіресе, қазақ, ноғай, башқұрт, татар, қарақалпақ, өзбек жұрттарына мәшһүр Алтын Орда заманының шарайнасы іспетті, қазақтың классикалық батырлық эпосы «Едіге батырдың» отыз шақты нұсқасы бар.

Руханият • 23 Ақпан, 2021

Хаттар, жылдар, тағдырлар...

Қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы Сәбит Мұқанов (1900–1973) ХХ ғасырда өмір сүрді, әдебиеттің барлық жанрында дерлік өнімді де өнікті еңбек етіп, соңына мол әдеби мұра, рухани қазына қалдырды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жыл­дарда да көптеген шығармалары қайта басылып, ХХІ ғасыр­дағы оқырмандарымен қайта қауышып жатқанына куәміз. 2020 жылы «Қазығұрт» баспасынан жазушының 10 томдық «Таң­дамалы шығармалары» мемлекеттік тапсырыспен жарық көрді.

Абай • 22 Ақпан, 2021

Ұлы Абайды қазақша сөйлеткен Марат ағай

Театр – күрделі интеллектуальдық гармониядан тұратын, үш жақтан бірдей қиыннан қиысқан сахналық өнер. Осынау киелі сахна төрінде, Ұлы тұлғаның болмысына еніп өмірін сомдау, көрермен жүрегінен орын алу  үлкен өнерді қажет ететіні анық. Шымкент қалалық опера және балет театры сахнасында «Абай» операсының басты кейіпкері Оразметов Марат Өмірханұлы жайлы білесіз бе? Ендеше айтайық!

Қоғам • 22 Ақпан, 2021

Әлеуметтік сала депутаттардың жіті назарында

Өткен жылы адамзат баласына төнген індеттің салмағы оңай болған жоқ. Жүздеген адам жақындарынан айырылды, әлемдік экономика дағдарысқа тап болды. Сондай қиын-қыстау шақта ел азаматтары ынтымақтастық пен жаппай жанқиярлық танытты. Nur Оtan партиясы және оның белсенді мүшелері «Біз біргеміз» акциясын ұйымдастырып, көптеген мұқтаж жандарға  көмек қолын созды. Осы кезде Nur otan жетекші саяси ұйым екенін тағы бір дәлелдеп, нақты істердің партиясы екендігін көрсетті.

Руханият • 21 Ақпан, 2021

Кісі иесі (әңгіме)  

Со жылы Арқарлының асуына қарақұс қаптап кеткен... Кенжеғазының он екі-он үшке келіп қалған кезі ғой, асудың күнгейі мен теріскейінде қызыл қуып, ақ қашқан, ақ қуып қызыл қашқан ана бір қиямет қайымда да осылай қаптаған, қарақұс.