Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Саясат • 17 Ақпан, 2021

ADAL партиясы әкімдіктердің бюджетін халықпен келісуді ұсынды

 ADAL партиясы еліміздің 148 ауданы мен 34 қала әкімдіктеріне азаматтарды толғандыратын проблемалар туралы деректерге сәйкес жергілікті бюджеттерді түзету мүмкіндігін қарастыру ұсынысымен ресми хаттар жолдады. Қазақстандықтардың шағымдары мен өтініштері көбінесе жолдардың сапасына, ұялы байланысқа, интернетке қосылу, сумен жабдықтауға және жұмыссыздыққа қатысты. Сондай-ақ кей елді мекендердің тұрғындары медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты шағымданған.

Руханият • 17 Ақпан, 2021

Латын әліпбиіне көшу – ұлтжандылықты ояту кілті

Неге әлем картасынан ойып тұрып орын алған Аргентина мен Мексика испанша, Бразилия португал тілінде, Бельгия голландша сөйлейді? Байырғы халықтар қайда, тіл қайда? Жер бетінде осылай басқа мемлекеттердің тілінде сөйлейтін жұрт қаншама? Әлде бұл жерлерде байырғы тұрғындар болмады ма?

Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Соңғы сарматтардың ізі табылды

Өткен жылы Ақтөбе облыстық музейінің археологиялық экспедициясы Ойыл, Шалқар, Ырғыз аудандарында қазба жұмыстарын жүргізіп, бұрын тізімге енгізілмеген бірқатар этнографиялық ескерткіштерді анықтады. Мұның қатарында ежелгі адамдар тұрағы, қорғандар, орта ғасырлық кесене орны, мешіт, қоршаулар сияқты этнографиялық ескерткіштермен бірге ежелгі өркениеттің материалдық дүниелері де бар.

Қоғам • 17 Ақпан, 2021

Ізгілік іздеген жолаушы немесе генерал Тыныбек Оңалбаев жайлы бір үзік сыр

Қашанда өзін балаға емес, ересек адамға тән байыппен ұстайтындықтан болар, бізге Тыныбектің қолынан келмейтін іс жоқ сияқты болып көрінетін. Қаласа жоғары сыныптың да сабағын еңсеріп әкететіндей, тіпті оқымай-ақ осы қалпымен мұғалім болуға да шамасы келетіндей болып тұратын. Бір сөзбен айтқанда, оның есейгенде кім боламын, нендей мамандықты игеремін десе де жолы болатынына титтей де шүбә келтірмейтін едік. Бірде қалада оқитын бір ағамыздың Тыныбекке қарап: «Оу, сен өзің тура дирижер сияқты екенсің», дегені бар. Онда біз оның нендей мамандық екенінен еш хабарымыз жоқ, бар болғаны ақ көйлегі мен қара бешпеті тал бойынан үйлесім тауып тұрғанына қарап айтқан шығар дегенбіз. Кейіннен дирижердің кім екенін білген кезде, шынында да осы мамандық оған әбден үйлесер еді деген ойда болғанбыз.

Қоғам • 17 Ақпан, 2021

Жергілікті медианы қалай сақтаймыз?

НЬЮ-ЙОРК. Коронавирус дағдарысы тағы бір мәрте нақты, сенімді және анық ақпаратқа жаппай қол жеткізудің маңызын тағы бір мәрте көрсетіп берді. Пандемия кезінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі халық вирустың өзін ғана емес, оның экономика мен қоғамға әсерін түсінуге көмектесетін сенімді жаңалықтар көздерін қажет етті. Бұл ақпаратты жинайтын, тексеретін және жеткізетін адамдар бұрын-соңды кездеспеген ауыртпалыққа тап келді. Алда-жалда келесі дағдарыс бастала қалса, сенім білдіретін медиа өкілдерінің азайып бара жатқаны – қауіпті үрдіс.

17 Ақпан, 2021

Импичменттің ақыры

ВАШИНГТОН. АҚШ Сенатының Дональд Трампты Капитолийге 6 қаңтарда жасалған шабуылға мұрындық болғаны үшін айыптай алмауы бірқатар сұрақ туындатады. кілдер палатасы оған импичмент жариялады. Бірақ Сенаттың әрекеті АҚШ Конгресі президенттің Конституцияға қарсы әрекетіне қаншалықты қарсы тұра алады деген ойға жетелейді. Мемлекеттің негізін қалаушылар президенттің өз құзыретін кеңейтіп, патшаға айналуына жол бермеуді көздеген болатын. Трамптың билігі кезінде америкалық конституция жүйесінің жүрегіне қанжар қадалды. Президент сайлауда жеңіліп қалғанын мойындаған жоқ. Сондай-ақ биліктің тең құқылы тармағына күш қолданып, шабуыл жасауға әзір болды.

Қоғам • 17 Ақпан, 2021

Қоғамды демократияландыру жолындағы маңызды қадам

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebookтегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңесте сөйлеген сөзіндегі түйінді ойларымен бөлісті.

Қоғам • 17 Ақпан, 2021

Азаматтық алудың әлегі

Күнделікті нәпақасын осы жерден тауып, күнде таңы осы жерде атқан соң, Асқарбай Элмурадов пен оның егіз ұлы Асан мен Үсен Рудный қаласының тұрғыны болып саналады. Әйтпесе, еш мемлекеттің де азаматы емес, құжатсыз қалған Асқарбай мен Асан-Үсен құдайдың ғана есебінде бар, адамның есебінде жоқ сияқты. Өзі Өзбекстаннан қоныс аударған қандасымыз.

Парламент • 16 Ақпан, 2021

Мәулен Әшімбаевтың «Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: ашаршылық зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» дөңгелек үстелінде сөйлеген сөзінің толық нұсқасы

Елордадағы Ұлттық Академиялық кітапханада Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: ашаршылық зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында отандық және шетелдік белгілі ғалымдар қазақ даласындағы ашаршылықтың зардабы, себебі мен салдары туралы пікір білдіріп, осы бағыттағы мәселелерді кеңінен талқылады.Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың осы жиында сөйлеген сөзінің толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

Әлем • 16 Ақпан, 2021

Үндістанда мұздықтың еруінен қаза тапқандар саны 54-ке жетті

Үндістанның Уттаракханд штатында мұздықтың еруінен қаза тапқандар саны 54-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz