Спорт • 28 Сәуір, 2022
Семейдегі доп додасы тартысты өтіп жатыр
Тәуелсіздік алғалы Қазақ елі байрақты бәсекелерді жиі өткізе бастады. Оған мысал жетіп жатыр. Астанада қысқы спорт түрлерінен Азия ойындары, Алматыда студенттердің дүниежүзілік Қысқы Универсиадасы, күрес, дзюдо, бокстан әлем чемпионаттары мен Әлем кубогы сайыстары өтті.
Қазақстан • 28 Сәуір, 2022
Қазақстан • 28 Сәуір, 2022
Бұл түрімізбен қалай жаңарамыз, қалай жаңғырамыз?
«Egemen Qazaqstan» газетінің биылғы 11 сәуірдегі нөмірінен белгілі ақын Ақұштап Бақтыгерееваның: «Жүрегім ауырады менің» деген мақаласын оқыдым.
Таным • 28 Сәуір, 2022
«Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», демей ме ұлы Абай. Ендеше, өнегелі ісіңмен, өмірде қалдырған ізіңмен ғұмырың жалғасады екен. Мұны айтып отырған себебім, 1929 жылы өмірден озған Қашаған жыраудың шығармаларын оқып, зерделеп отырып, Маңғыстау халқының жүрегінде орнаған сүйіспеншілік сезімге қайран қалдым. Міне, мәңгілік жасайтын адам осындай болмақ деген ой еріксіз өзіне тартады.
Қоғам • 28 Сәуір, 2022
Генерал-лейтенант Болат Жанасаев – Қазақстан Қарулы Күштері жоғары қолбасшылығының жарқын өкілдерінің бірі. Ел армиясының қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосқан әскери қайраткердің өмір жолы генералдар мен офицерлердің бүгінгі буынына үлгі.
Таным • 28 Сәуір, 2022
Ауылдың кіреберісіндегі Тілекқайыр оқытушының үйінің алдындағы ұзын үйдің бір жағында шебер Жақсығали ағай тұратын. Ал көк қақпалы екінші жағында мен ес білгелі алдымен Ленин орденді шопан болған ауылға сыйлы ардагер Жұмабике әжей тұрды. Білікті ұстаз, тіл маманы, оқыған өлеңдері жүректен жүрекке жетіп, бейне бір сахна қойылымын көріп отырғандай сезімге бөлендіретін Тасболат Тінәлиев ағай да дәл осы үйде ұрпақ өрбіткен. Құтты шаңырақта Бейімбет пен Айгүл де түтін түтетіп, балалы-шағалы болды.
Таным • 28 Сәуір, 2022
Жеңіс шеруіне қатысқан қаһарман
Мәскеу. Қызыл алаң. 1945 жыл. Маусым. Жеңіс парады. Неміс фашистерін өз ордасында тас-талқан етіп қиратқан даңқты Кеңес Армиясының жеңімпаз жауынгерлері аяқтарын нық басып, Сталин және басқа мемлекет басшылары тұрған Ленин мавзолейі алдынан лек-легімен өтіп жатты. Қуаныштан тебіреніп «Уралаған» халықтың лақтырған алқызыл гүлдеріне шомылып салтанатты сапта 1-Беларусь майданының, жиынтық полкының жауынгерлері де келе жатты. Бұл сапта соғыстың 1295 күнін алдыңғы шепте өткізген, кеудесі орден-медальдармен жарқыраған Талқа Әуелұлы Әйменов те бар еді…
Білім • 28 Сәуір, 2022
Пәндік олимпиада білім сапасын жақсартады
Білім мен интеллект бірінші орынға шыққан заманда елдің дамуын адам капиталы айқындайды. Бұл – ХХІ ғасырдың ақиқаты. Мұны озық елдердің тәжірибесінен көріп отырмыз. Бәсекелестік бәйгесіне ілесуде ұлттың зияткерлік әлеуеті маңызды рөл атқарады десек, елдің білім беру саласының сапасын арттыруда пәндік олимпиадалардың орны ерекше.
Қоғам • 28 Сәуір, 2022
Біз көптеген ел басшыларының билікті сақтап қалу үшін конституцияны өзгертіп, сайлау нәтижелерін бұрмалап, басқа да шектен тыс әрекеттерге барғанының куәсі болдық. Олар мемлекетті басқару жеке басының меншігі емес, азаматтардың сенімі екенін түсінуі керек. Сіздер өз халқыңызға қызмет етулеріңіз керек! Демократияны шайқауды, елдің табиғи байлығын тонауды, қарсыластарыңызды азаптап, түрмеге жабуды доғарыңыздар! Біріккен Ұлттар Ұйымының 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Муннің Бас Ассамблея жиынында айтқан сөзі
Қазақстан • 28 Сәуір, 2022
Әділетті қоғам құрудың негізгі тетігі
Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізде конституциялық өзгерістер енгізуге бағытталған бірқатар бастаманы атап өткен болатын. Жалпы, алдағы өзгерістер Жаңа Қазақстан құру идеясының заңды жалғасы болып отыр. Қазір біз Президенттің бастамалары мен саяси реформаларының қалай жүзеге асатынын түсіндік. Конституцияға енгізілетін өзгерістер – әділетті қоғам құрудың қолданыстағы негізгі тетігі.