Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Пікір • 25 Тамыз, 2020

Жүйелі жұмыс қажет

Қазақстан тәуелсіздігін ал­ғалы бері 4 мәрте жемқорлыққа қар­сы стра­тегия енгі­зілді. Қазір­гі таңда елі­мізде 2015-2025 жыл­­дар­ға арнал­ған сыбайлас жем­қор­лыққа қар­сы бе­сінші стратегия жүзеге асып жатыр.

Саясат • 25 Тамыз, 2020

Үкіметтік емес ұйымдарды тарту – дұрыс шешім

Сыбайлас жемқорлық неге қа­уіп­ті? Қасым-Жомарт Тоқаев атап көр­сеткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әрекетсіздік азаматтар арасында наразылық пен құқықтық нигилизмнің жоғарылауына әкеп соғады. Сондай-ақ жемқорлық қо­ғам алдында заңның беделін түсі­ріп, әлеуметтік шиеленісті күшей­теді. Ел экономикасының тиім­ділігін төмендетіп, мемлекеттің құл­ды­рауына әкеледі.

Қоғам • 25 Тамыз, 2020

«7-20-25»: Кереку неге көштен қалды?

«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру бойынша республикада соңғы орындарда тұрған өңірдің бірі – Павлодар. Бағдарлама басталған сәттен-ақ суырылып алға шықпаған бұл аймақ әлі де сол көштің соңында келеді.

Қоғам • 25 Тамыз, 2020

Мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында 56 106 қазақстандыққа автоматты түрде мүгедектік мерзімі, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі және жеке оңалту бағдарламалары үш айға ұзартылды. Бұл ретте мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша жүзеге асырылады.

Парламент • 25 Тамыз, 2020

Өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Сенатор В.Волков Алматы қаласында Әділет департаментінің, қалалық соттың және адвокаттар алқасының қызметкерлерімен кездесулер өткізді.

Тарих • 25 Тамыз, 2020

Автономияға ұмтылыс: Ұлттық қозғалыс және кеңестік декрет

Кеңестік Қазақ Республикасы қай күні құрылды? Биыл кеңестік Қазақ Республи­касының құрылғанына 100 жыл толады. Бұл респуб­лика – Қазақ хандығы құлағаннан кейін­гі уақытта алғаш рет барлық қа­­зақ жерле­рін бір автономия құ­ра­мына біріктіруге тырысқан ұлт­тық қозғалыстың және боль­ше­виктердің ұлт мәселесіне қатысты саясатының заңды нәтижесі бол­ды. Осы уақытқа дейінгі тарихнамада РКФСР БОАК пен ХКК-нің «Автономиялы Қыр­ғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасын құру туралы» дек­реті қа­былданған 26 тамызды немесе ҚАКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болған 4-12 қа­зан аралығын Республиканың құ­рыл­ған уақыты ретінде қарастыру орын алып келді. Негізі, республиканы құру туралы декрет қабылданғанымен, тамыздың соңында республика құрылған жоқ. Кеңестік Қазақ Республикасының құ­рылған күні – 6 қазан. Себебі дәл осы күні ҚАКСР Кеңестері Құрылтай съезінің кешкі мәжілісінде «ҚАКСР еңбекшілері құқығының декларациясы» атты бірінші Конституциялық құжат қабылданды. Съезд ҚАКСР-ды жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңес­терінің республикасы деп жариялады.

Әлем • 24 Тамыз, 2020

Ресейлік вакцина салдарынан COVID-19 мутацияға ұшырауы мүмкін

Тестілеудің үшінші кезеңінен өтпеген ресейлік вакцинаны қолдану салдарынан коронавирус мутацияға ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігіне сұхбат берген ғалымдар айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 24 Тамыз, 2020

Бапкердің бағы

Сағдидың сексенінші көктемі ...Қызылды-жасыл гүлдер құлпырып, көктем келгенде Сағдидың да жан дүние­сі жаңарып, жадырай түседі. Себебі көк­темде шыр етіп дүние есігін аттағаннан болар, жыл мезгілінің осы уақытын ерекше ұнатады. Еркін күрестен сан мәрте рес­публикалық, облыстық сайыстарда топ жарған КСРО спорт шебері болған Сағди Қапасұлымен таныс болғаныма қырық жылдай уақыт өтсе де, оның сонау 1991 жылы елімізді былай қойып, күні кеше тарих қойнауына кеткен ТМД елдерінде қыздар күресін тұңғыш рет ұйымдастырып, Қазақстанның төрт облысында нәзік жандылардың күресін өмірге әкелгенін, жыл сайын байрақты бәсе­келерді ұйымдастырғанын естігенде бастапқыда сенбедік те. Күне кеше Олим­пиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова атындағы манежде ардагерлер арасында тұңғыш рет облыстық жарыс ұйымдастырылғанда Сағди ағамен кездесіп қалдық.  

Ғылым • 24 Тамыз, 2020

«KazRoboProject-2020» байқауына 62 жоба ұсынылды

Жыл сайын, нақтылай айтқанда 2016 жылдан бері еліміздің жас конструкторларын, талантты, ізденімпаз өрендерді анықтау мақсатында «KazRoboProject» ғылыми-техникалық жобалар байқауы ұйымдастырылып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен ұйымдастырылған байқау «КазРоботикс»федерациясының даму бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

Пікір • 24 Тамыз, 2020

Жалған мақтан жарысы болып тұр

Біз көшпелі түркі халықтарының ішінде туыстық қарым-қатынасты үнемі бірінші орынға қоя білген ұлт ретінде өзімізді ерекше деуші едік. Бұл қасиет қазақ халқының той-думанында айрықша мәнге ие болатын.