Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Әлем • 19 Тамыз, 2020

Қазақстандық әскери дәрігерлер Ливанда зардап шеккендерді емдеп жатыр

Олар Бейрут, Боуар, Машгар және Сайда қалаларының меди­циналық мекемелерінде науқастарға медициналық көмек көрсетеді.

Руханият • 19 Тамыз, 2020

Тепе-теңдік немесе нөл туралы пәлсапа (Эссе)

Нөл оң жақтан қойылса, оның мазмұны ашыла бермек, ал түпкі мәнін кім білмек? Мысалы, бір санынан кейін нөл болса, он, бір санынан екі нөл болса, ол жүз, үш нөл болса, мың, тағысын та­ғылар. Солай оң жақтан қойыл­ған нөлдердің санына қарай, олар­дың мағыналары өзгере бермек, айталық бірден кейінгі алты нөл миллион деген мағына береді. Миллионның ішінде қан­шама сандар бар, бәрін алты нөл жинақтап тұр. Нөл Жаратушы құпиясы, оның мәнін адам баласы аша алмақ емес. Нөлді жиі қолданамыз, ал оның құпиясы мәңгілік екенін біле бермейміз.

Қоғам • 19 Тамыз, 2020

Жаны сұлу жазушы

Қажығали ағамен кеш таныстым. Ол жетпіске толған жылы. Сегіз жыл араластым. Аз ба? Көп пе? Білмеймін. Әрине уақыт тұрғысынан өкініштің бары рас. Дегенмен мазмұндық биіктіктен келетін болсақ, ағадан олжалағанымды айтып жеткізе алмаспын. Бодан ойға бағынбай кеткен бекзат суреткердің бойындағы барлық қасиеттер, дәлірек кестелесем, жазушылық шеберлігі мен адами болмысы маған бір-бірімен біте қайнасып, ұлы гармонияға ұмтылған тұтастықтың саф ауасымен тыныс­тауға мүмкіндік берді. Іні үшін осыдан асқан байлық бар ма?! Сондықтан да сегіз жылдың аздығына өкпе айту – Құдайға қылыш алып жүгіргенмен бірдей. Алланың ісіне амал жоқ.

Таным • 19 Тамыз, 2020

«Екінші ұстаз» туралы еңбек

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күллі түркі жұртының мақ­та­нышы, «мұғалім сәни» (екінші ұстаз) атанған ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық (870-2020) мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Алайда жыл басынан бері әлемді әлекке салған пандемияның кесірінен мәдениет саласындағы жоспарланған іс-шаралардың көбісі атқарылмады.

Президент • 19 Тамыз, 2020

Қылмыс деңгейі төмендеп келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұр­дәу­летовті қабыл­дады, деп хабарлады Прези­денттің баспасөз қызметі.

Саясат • 18 Тамыз, 2020

Жемқорлықты жою бірлігі жарасқан қоғамның ғана қолынан келеді

Мемлекеттегі тұрақтылық, бейбітшілік пен тыныштық, азамат­тарымыздың әл-ауқаты – басты құндылықтар. Әрбір мем­лекеттік қызметші өз учаскесінде жерлестерінің әл-ауқатын ны­ғайту және өмір сүру сапасын жақсарту үшін бәрін жасауға мін­детті. Осы аспекті бойынша біз де шетте қалмауға тырысамыз.

Қоғам • 18 Тамыз, 2020

Көлік апатынан кімдер зардап шегеді?

Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу барысында Қазақстанның қай аумақтарында әйелдер жол-көлік апатына жиі түсетінін анықтады.

Абай • 18 Тамыз, 2020

Дана Хикар және Абай

Қазақ қауымы «Дана Хикар сөзімен» ең алғаш осыдан отыз жыл бұрын қауышқан болатын. Дана Хикар хикаясы – адамзаттық асыл ойдың уызындай болған әрі көне, әрі аса құнды туынды. Адамзаттың ортақ игілігі саналатын «Дана Хикар сөзі» – XVI-XVII ғасырлардан армян жазуымен жеткен қыпшақ тіліндегі мұралар ішіндегі көркем-дидактикалық жанрдағы әзірге белгілі, шоқтығы биік жалғыз шығарма. Бұл дидактикалық шығарманың сипаты мен мән-мазмұны, зерттелуі мен тілі жайлы танымдық мағлұмат қазақ қауымына С.Құдасовтың 1990 жылы жарияланған «Армян жазулы қыпшақ ескерткіші «Дана Хикар сөзінің» тілі» атты монографиясы арқылы мәлім болған еді.

Білім • 18 Тамыз, 2020

Қашықтан оқыту: ерекшеліктер мен қиындықтар

Ғаламды шарпыған індеттің елімізге дендеп енуіне байланыс­ты қашықтан оқы­ту қанатын кеңге жай­ғаны баршамызға аян. Уақыт бізді таң­да­ды, біз тарихи мүмкін­­дігімізді жүзеге асырудамыз.

Аймақтар • 18 Тамыз, 2020

Алға артта қалмауға тырысады

45 мың тұрғыны бар Алға ауданы елді мекендерінің 95 пайызы бүгінде газбен және ауыз сумен қамтылған, газ жүргізілмеген Сарықобда ауылдық округінің Сарықобда және Болгарка ауылдары ғана қалды. Облыс орталығына ең жақын, Ақтөбе агломерациясының құрамына кірген Алға ауданының аумағында шағын өзендер, бұлақты тоғандар көп болғанымен, суармалы шаруашылық желісі ақсап тұр.