
Саясат • 19 Тамыз, 2021
Өзара іс-қимылдың болашағы талқыланды
Ташкент қаласында (Өзбекстан) «Орталық және Оңтүстік Азияның өзара байланысы: алғышарттар, перспективалар, геостратегиялық маңызы» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Әдебиет • 18 Тамыз, 2021
Өлеңдегі әуен туралы сөз қозғағанымызға да бірталай уақыт болды. Уақыт пен кеңістіктің арасын жіпсіз жалғап тұрған жалғыз ұғым да осы әуен болса керек. Ақын өзі айтқысы келген ойдың ішінде әуен төгіліп тұрады. Оны есту түйсігі жоғары адамдар ғана тез аңғарады. Мексикалық ақын Октавио Пас бұл турасында өз көзқарасын былайша тарқатады: «Бір шумақ өлеңді түсіну үшін алдымен оны есту керек, естігенде құлақпен емес, сана түйсігімен естіген дұрыс. Әр өлеңнің әуені әртүрлі». Бұған біздің тараптан қосарымыз, кей өлеңнің әуенін қайта-қайта естуден жалықпайсың. Біздің әдебиетімізде әне сондай әуезді, сиқырлы жырлар жазған ақынның бірі – Мейірхан Ақдәулетұлы.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2021
Қазақстан Президент Архивінің қорқұрушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Сұлтан Жиенбаевтың туғанына биыл 100 жыл толады. Сұлтан Сүлейменұлы жайында жазуыма себепші болған ол кісіні осыдан бес жыл бұрын 95 жасқа келуіне орай Архив тарапынан құттықтап барған кездегі ізгі ниетпен айтқан сөздері, өнегелі, тәрбиелік мәні бар әңгімелерін естіп, жадымда сақтап қалғаным.
Тарих • 18 Тамыз, 2021
Өзбекәлі сынды тұлғаны еске түсіргенде алдымен ойға қасиетті Тайқазан оралады. Өйткені тайқазан халқымыздың құтына айналған, тәуелсіздіктің символындай жәдігер бүгінде еліміздің мақтанышы. Ал осы Тайқазанның құт болып құйылғанына 622 жылдан асыпты. Тайқазан туралы аз-кем мәліметке көз жүгіртсек, әлемдегі ең үлкен қазанның жалпы салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр болады. Оған бейсенбі күні су толтырылып, тәтті араластырылып қояды екен. Келесі күні, яғни жұма намаздан кейін тәтті су жұртқа таратылған. Одан кейін бос қазанға әркім өзінің әкелгенін, яғни саудагер – тиынын, қасапшы – етін, аңшы – терісін, шаруа бидайын салатын болған.
Фотогалерея • 18 Тамыз, 2021
Назарларыңызға Egemen Qazaqstan газетінің фото-тілшісі Ерлан Омардың Ақмешіт үңгірінен жолдаған суреттер топтамасын ұсынамыз. Табиғаттың тылсым құбылысы Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында орналасқан.
Саясат • 18 Тамыз, 2021
Бейнеуліктер сенаторларға мұқтаждықтарын айтты
Сенат депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Бақтыбай Шелпеков Маңғыстау облысында білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытуға арналған бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлады жоғарғы Палатаның баспасөз қызметі.
Саясат • 18 Тамыз, 2021
Эпидемиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Қоғам • 18 Тамыз, 2021
Қиналғандарға қолұшын беру – парызымыз
1949 жылдың 29 тамызын қазақ халқының басындағы ең қайғылы күннің бірі деп айтуға болады. Осы күннен 1989 жылдың 19 қазанына дейінгі 40 жыл аралығында сол кездегі бодандықтың салдарынан қазақ елінің, жерінің, халқының, жан-жануар, табиғатының Семей ядролық полигонының зардабын тартып келгені ақиқат. Бұл туралы Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Бахия Атшабаров, Меңдіғали Сужиков, Кешірім Бозтаев, Медеу Сәрсеке және басқа да көптеген белгілі тұлғалар айтып, жазған. Мәселен, Медеу Сәрсекенің «Семейдің қасіреті» деген үш тілде жарық көрген кітабында толық ұғынықты жазылды.
Әдебиет • 17 Тамыз, 2021
Тагор күнделігіне тағы бір үңілгенде
Жаһан оқырманы үзбей оқуға ынталы үлкен әдебиеттерде жасампаздықтың әр жанры күн сайын дамып, өз міндетін атқарып келеді. Біз сөз еткелі отырған күнделік жазу да қазіргі әдебиет үшін аса маңызды. Қаламгердің күнделігі бізге оның жан дүниесіндегі кей жұмбақтардың шешімін, ешкімге айтпаған сырларын, күйініші мен сүйінішін, қала берді өмірін айна қатесіз айтып береді. Бұған Кафканың, Толстойдың, өзіміздің Мұқағали Мақатаевтың жазған күнделіктері дәлел болмақ.
Экология • 17 Тамыз, 2021
Ұлытауға барғандардың көбі таудың биігі мен бөктерінен ұларын іздейтін көрінеді. Ұлытаудың ұлары деген қазақ үшін аса қастерлі болса керек. «Ұлытауға бардың ба, ұлар етін жедің бе?» деген халықтың ескі сөзі және бар. Нешеме жыл, қаншама ғасырдан бері келе жатқан сөз екен бұл?