Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Әлем • 18 Қаңтар, 2021

Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды

Словакияда тұрғындарға коронавирус анықтамасының теріс нәтижесі болмаса, жұмысқа баруға немесе саябақта серуендеуге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 18 Қаңтар, 2021

Елордада 18 қаңтардан бастап ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді

Нұр-сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері С.Бейсенованың шектеу және карантин шаралары туралы қаулысына сәйкес елордалық ХҚКО-ның жұмыс уақыты екі сағатқа қысқартылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 18 Қаңтар, 2021

Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған

Шымкент қаласында қарт ананы қыздары мен күйеу балалары үйді бөлісу үшін ұрып-соққан, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2021

Шалқар көлін сақтап қалудың басты жолы

Еліміздің бірқатар айма­ғындағы өзен-көлдердің суы азайып, арнасы тартылып бара жатқаны туралы мәселелер соңғы уақытта жиі айтылып жүр. Сондай кеп Батыс Қазақстан об­лысындағы Теректі ауда­нының оңтүстігі мен Жайық өзенінің солтүс­тік-шығыс бөлігінде орна­ласқан Шалқар көліне де орнауы мүмкін.

Пікір • 18 Қаңтар, 2021

Саяси модернизация кезеңі келді

Президент Мәжілістің жаңа шақыры­лымындағы депутаттар алдында сөйлеген сөзінде саяси реформаларды жүзеге асыру­дағы бірізділігін көрсетті.

Пікір • 18 Қаңтар, 2021

Ұтымды ұсыныстар жасалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парла­менттің VII шақырылымдағы бірінші сессиясының ашылуында Қазақстанның саяси жүйесін жаңғырту шеңберінде бірқатар негізгі міндеттерді атап өтті.

Қоғам • 18 Қаңтар, 2021

ҚазҰУ: Жер учаскелерін иеліктен шығаруға өтініш берілген емес

Газетіміздің өткен жұма күнгі (№10, 15 қаңтар, 2021 жыл) санында «ҚазҰУ: Қара шаңырақтағы жер дауы неден туды?» деген тақырыппен жарияланған мақалаға орай, редакциямызға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің басшылығынан ресми хат келді. Қоғамда алаңдаушылық тудырған мәселенің анық-қанығын дәйекті түрде баяндап, оқу ордасының ұстанымын жеткізген хаттың толық мәтінін төменде ұсынып отырмыз.

Қоғам • 18 Қаңтар, 2021

Ұлттың жаңа болмысын қалай қалыптастырамыз?

Ғалымдардың пайымдауынша, жер бетінде екі мыңнан бастап, төрт мыңға жуық ұлт пен ұлыс, халық бар көрінеді. Кесіп-пішіп айта қоятын нақты сан әлі де жоқ. Себебі кейбір халықтар ғасыр алмасқан сайын жоғалып, жұтылып, өзге халықтарға сіңісіп кетіп жатады. Сонда ұлттан ұлтты, халықтан халықты ерекшелеп, айқындап тұратын нендей құдірет бар? Әрине әрбір ұлтқа тән өзіндік келбет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып бар делік. Одан бұрын жұрттың жеке болмысы, өмірлік ұстанымы, өзіндік қасиеті болмаушы ма еді? Қазақтың «болмысы бөлек» дегені осыған саяды. ХІХ ғасыр ХХ ғасырға ойысар тұста біз де жоғалып, жұтылып кетудің аз-ақ алдында қалдық. Жаһандану мен урбандалудың уынан ұрттаймыз деп ХХІ ғасырда да көсегеміз көгере қоймады. Шегенделіп тұрған шекарамыз бар демесеңіз, интернет желісі іске қосылғалы бері ғаламтордағы, әлеуметтік желідегі әлпетіміз ұлттық болмысымызды ұлықтай алған жоқ. Қайтпек керек? Бәлкім, заман талабына сай келетін, ғасыр сынынан сүріндірмейтін жаңа болмысты қалыптастыру қажет болар. Осы бір өзекті мәселені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та назарға алып, былтырғы Жолдауында халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыруға, тұтас ұлт сапасын арттыруға қатысты ой-пікірін ортаға салды. Президенттің пайым-пікірін «Egemen Qazaqstan» газеті ұйымдастырып, онлайн режімде өткен дөңгелек үстелде сарапшылар қауымы ұштай түсті. Дөңгелек үстел жұмысына Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты Кәрібай Мұсырман, ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, Жоғарғы сот жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры, философия ғылымдарының докторы Төлеуғали Бөрібаев, исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлы, журналист Дархан Әбдік, Нұр-Сұлтан қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов, Қазақстан Жазушылар одағы Семей өңірі филиалының төрағасы, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мерей Қарт қатысты.

Саясат • 18 Қаңтар, 2021

Басты мақсат – Қазақстанды қуатты елге айналдыру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты. Президент сессияға қатысушыларды сайлаудың аяқталуымен құттықтап, жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тіледі. Өткен шақырылым депутаттарына ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.

Таным • 18 Қаңтар, 2021

Енді ешкім дауласа алмайды

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында жариялаған мемлекетіміз үшін аса маңызды мақаласы біздің көкейімізде жүрген көп түйткіліміздің орынын толтырғандай болды. Бірнеше тараудан тұратын толымды мақалада Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығымен байланысты біраз белесіміз дәйекті баяндалған. Сондай-ақ еліміздің тұтастығына, тарихына күмәнмен қарайтын кейбір сыңаржақ пікірлерге де сауатты жауап қайтарылған.