Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Таным • 28 Шілде, 2020

Әйел бейнесі – қоғам бейнесі

«Отбасының жүрегі, алтын діңгегі – ана» депті бұрынғылар. Ата-бабамыз жалпы әйел затын адамды жоқтан бар ғып өсіретін, ұрпақты адам етіп тәрбиелейтін, ел мен елді ұйыстыратын ел ұйытқысы – ана деп қастерлеген. Абыз-даналарымыз, би-шешен, ақын-жазушылар ана туралы тайға таңба басқандай өз тұжырымдарын жалпақ жұртқа жария етіп ұсынған.

Тарих • 28 Шілде, 2020

Алаш-арман

(Соңы. Басы 141-нөмірде) Алаш автономиясының облыстары мен үйездерінде Алашорда Кеңестерін құру, земство жұмысын жаңғырту, қазақ соттары мен тергеу комиссияларын тағайындау, Алашорда жанынан Әскери кеңес құру шаруалары жүргізілді. Омбыдағы Уақыт­ша Сібір үкіметіне 1918 жылғы 10 шілдеде қазақ автономиясын тану және онымен қызметтестік келісімдерге келу жө­нінде хат берілді. Арнайы комиссия құ­­­­рып, бірлесіп атқаратын шаралар ке­ше­­нін қарастыру көзделді.

Футбол • 28 Шілде, 2020

Легионерлер ойқастаған чемпионат немесе жергілікті футболшылар неге «запаста» отыр?

3 тамызда футболдан Қазақстан премьер-лигасының ойындары қайта жалғасын табады. Пандемияға байланысты барлық кездесу жанкүйерсіз өтеді.

Қазақстан • 27 Шілде, 2020

Білімі кемел елдің болашағы зор

2007 жылы 27 шілдеде Республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған, 68 баптан, 12 тараудан тұратын Білім туралы заңы қабылданды. Бұл Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген.

Оқиға • 27 Шілде, 2020

500 көпфункциялы кереует алынды

Нұр-Сұлтан әкімдігі №3 көпсалалы қалалық аурухананың «Рамада Плаза» жұқпалы аурулар стационарындағы науқастар үшін 500 көпфункциялы кереует сатып алды.

Руханият • 27 Шілде, 2020

Жастар тарихи мұраны жандандырмақ

Түркістан облысы жастар ресурстық орталығы «Birgemiz: Asyl mura» жалпыұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау жобаларына волонтерлерді тарту мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасының Түркістан облысындағы арнайы фронт-кеңсесінің ашылуы да орталық жұмысын оңтайландырып, аймақ волонтерлеріне қанат бітірді.

Саясат • 27 Шілде, 2020

Реформаға үлес қосады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркен­деуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы» деп атап көрсеткен болатын.

Тарих • 27 Шілде, 2020

Алаш-арман

Тұңғыш рет өзінің халықтық атауымен XV ғасырдың ортасынан өте бере елдік туын көтерген Қазақ Ордасы төрт ғасыр дербес өмірден соң самодержавиелік қуатты империяның отарына айналды. Содан XX ғасырдың басындағы тегеуірінді революциялық қозғалыстар нәтижесінде қайта түледі. Тарих қойнауына тасталған Қазақ Ордасы атауы монархия құлатылғаннан соң туған бостандық таңы арайымен, өркениетке лайық саяси күрес туындысы ретінде Алаш Ордасы аталып, қазақтың мемлекеттілігін жаңғыртты.

Абай • 27 Шілде, 2020

Даналық парасаты

Биыл қазақтың бас ақыны, ғұлама-ойшыл Абайдың туғанына 175 жыл. Қазақ Елі мағынасы терең даналық тойына жан-жақты дайындық үстінде. Хакім Абайға арналған осы үлкен елдік мәдени-танымдық шарадан Абай музейі де сырт қалған емес. Күндіз-түні қауырт жұмыс үстіндеміз. Түйіп айтсақ, құрылыс-жөндеу, қайта жаңғырту, музейлендіру және ғылыми-танымдық жұмыстар.

Президент • 27 Шілде, 2020

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының бұрынғы президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Кенжеғали Әбенұлы Сағадиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.