Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Руханият • 01 Сәуір, 2021

Дала данышпаны Қорқыт ата мұрасы жайында

Балауса кезімізден құлағымызға сіңісті болып, әсем әуезімен-ақ бесікте жатқанда әлдиге бөлеген Ұлы дала данышпаны Қорқыт атаның қасиетті қобызының сарыны жан дүниемізге ана уызымен бірге шым-шымдап еніп, қан тамырымызға ғасырлар лебімен таралып кеткен. Қорқыт ата желмаямен желіп өткен бұйрат адырлар, қобызын күңірентіп, ойға шомған сексеуілді, тораңғылы еспе құмдар, маясын шөгеріп, саясына дамылдаған нулы да сулы Сырдың желекті тоғайы, алып абыздың оғыз-қыпшақ жұртын жиып, мәслихат құрған көне шаһар, ескі кенттерінің сағаналы жұрты, жыраудың тыным тапқан бағаналы қорымы баршамызға балғын кезімізден мәңгілік өмір жырының тамылжыған сазындай ғажайып күмбірімен, тылсым күбірімен сыр шертіп тұратын.

Елбасы • 01 Сәуір, 2021

Бейбітшілік өмірдің тірегі – манифест. «Әлем. ХХI ғасыр»

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүкіл әлем халқы мен көшбасшыларына арналған тарихи манифесті осыдан тура бес жыл бұрын, 2016 жылғы 31 наурызда Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммитте жарияланды.

Қоғам • 01 Сәуір, 2021

Дәрі жарнамасы дұрыс болуы тиіс

Дәрілік препараттар мен медициналық бұ­йым­дардың жарнамасында тауарларды тиімді пайдалануға ықпал ететін толық және расталған мәліметтер болуы тиіс. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидалары туралы жаңартылған бұйрығымен бекітілген.

Қоғам • 31 Наурыз, 2021

Тіліміз тұғырлы болсын десек...

Тіліміздің таусылмайтын жырын отыз жылдан бері толғап келеміз. Ата Заңымызда мемлекеттік тілдің мәртебесін алған ана тіліміздің шын мәнінде өзінің ұлттық болмысын иеленгеніне шүбәсіз көңілмен қуанғанымызға да отыз жылға жуықтады.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2021

Оңтүстіктегі су проблемасы қалай шешіледі?

Су шаруашылығы еліміздегі әлі күнге шешімін таппай келе жатқан түйткілді мәселелердің қатарында. Бұған бірнеше себеп бар деп тұжырымдауға болады. Әуелі су шаруашылығы министрлігін таратып жіберіп, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қосты. Кейін де бірнеше ведомствоны аралап, қазір Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігі құрамына тұрақтады.

Экология • 31 Наурыз, 2021

Жасыл желек – жанға дауа

Наурыз мерекесі қарсаңында бір қызық түс көрдім. Түсімде өзімнің туып-өскен ауылым – Қаратау жотасындағы шырайлы аймақ Көсегенің Көкжонындағы алақандай Үшбаста жүр екенмін. Жадыраған көктемнің шуақты күнінде ауылдың жасы бар, қарты бар қолдарына күрек, кетпен ұстап, топ-топқа бөлініп, тау беткейіне жүздеген жас ағаш көшетін отырғызып жүрміз...

Сұхбат • 31 Наурыз, 2021

Думан Базарбеков: «Аграрлық» банк құру ауыл шаруашылығына серпіліс әкеледі

Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасының басты көзіріне айналуы тиіс сала. Дегенмен бұл сала әлі аяғынан тұрып кете алған жоқ. Секторда шешілуі тиіс түйткіл көп. Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысындағы аграрлық холдинг басшысы Думан Базарбековпен аз-кем сұхбаттасқан едік.

Қоғам • 31 Наурыз, 2021

Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру арқылы өзекті мәселелер шешімін табады

Еліміздің өсіп-өркендеуі алдымен оның ұстанған басты бағыт-бағдарына байланысты. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асуы арқылы аймақтағы өзекті мәселелердің шешімі табылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан • 31 Наурыз, 2021

Бүгін Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді

Бүгін, яғни, 31 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де онлайн форматта Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.