Әлем • 09 Ақпан, 2021
117 жастағы әже короновирусты жеңді
117 жасқа аяқ басқан француздық Люсиль Рандон коронавирусты жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz Var-Matin француз газетіне сілтеме жасап.
Әлем • 09 Ақпан, 2021
БАӘ-де авраамдық үш дін ғибадатханасы ашылады
Келесі жылы Абу-Дабиде авраамдық үш дін - христиан, ислам және иудаизм ғибадатханасы ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы БАӘ-нің Ресейдегі елшісі Мұхаммед Әл-Джабер мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 09 Ақпан, 2021
Қытайда Жаңа жылға дайындық басталды
Қытай халқы ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 09 Ақпан, 2021
Индонезияда 5,5 мыңнан астам үйді су басты
Индонезияның Батыс Ява провинциясының Бекаси қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан 5672 тұрғын үй су астында қалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 09 Ақпан, 2021
Әліпби реформасы – рухани жаңғырудың өзегі
Қазақ елінің рухани жаңғыруының қарқыны күшті. Ұлт тарихындағы ақтаңдақтар айтылып жатыр – аштық құрбандарын түгел анықтап, олардың рухына тағзым ету бұрын тек зиялы қауым арасында көтерілген мәселе болса, қазір жаппай жұртшылық тарапынан талқыға салынып жатқанын көзіміз көріп отыр. Рухымызды түлететін қанша игі шара, бағдарлама қолға алынды. Осы бағдарламалардың ішіндегі халық санасына әсер етуі, бодан санадан бостан санаға жаңғыру тұрғысынан ерекшесі – латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшу реформасы. Аталған реформа өз шешуші межесіне келіп жетті. 28 қаңтар күні ғалымдарымыз әзірлеген әліпби мен емле жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы қазақ жазуын латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияда мақұлданды.
Руханият • 09 Ақпан, 2021
Сұрапыл соғыс жүріп жатқан кез. Елді еңбекке шақырып жырын көкке самғатқан ақын Нартайдың атақ-даңқы дүркіреп тұрған сәт. Көкірегі жырға толған ақын«Алғабастың» қырманында қара гармонды құлаштай сермегенде көкке ұшқан дала қыранындай көрінетін. Неткен шырқау, төгілген жыр.
Пікір • 09 Ақпан, 2021
Адамзатқа ақыл, ойы ортақ Абай атамыздың торқалы тойы ешқашан да тоқырап та, тоқтап та көрген емес. Ол қазақ халқы жасаған сайын қоса жасасып, ой мен санада жаңғырығып жалғасын таба береді.
Абай • 09 Ақпан, 2021
Былтыр Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының (1845-1904) 175 жылдық мерейтойына арналғандығы қалың қауымға аян. Мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылған ақынның торқалы мерейтойының аясында еліміздің түкпір-түкпірінде оның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында көптеген ауқымды мәдени, ғылыми іс-шаралар өткізілді. Әрине, бұл заңды үдеріс саналады, өйткені артында қалдырған рухани мұрасы тек қазақ халқына ғана емес, бүкіл адамзатқа ортақ ұлы тұлғалардың бірегейі хакім Абайды дәріптеу әрбір парасатты адамның борышы деп білеміз.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2021
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, бұрқасын, шектеулі көріну) еліміздің сегіз өңірінде – Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Тарих • 08 Ақпан, 2021
«Есіл көтерілісі» кімнің мүддесін көздеді?
Осыдан 100 жыл бұрын Ресей тарихшылары үшін «Батыс Сібір шаруалар көтерілісі», ал қазақтар үшін «Есіл көтерілісі» деген атпен тарихта қалған елеулі оқиғалардың бірі ақпан айында басталған еді. Кеңес дәуірінде «контрреволюция» деп айыпталған қарулы көтеріліс қазіргі Ресей тарапынан ақталып, коммунистік кеңес билігіне қарсы азаттық соғысы деп бағалануда. Осы пікірді жақтаушылар Қазақстанда да бар.