Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Әлем • 27 Қаңтар, 2021

Алабамада қуатты торнадодан адамдар көз жұмды

Американың Алабама штатында қуатты торнадо болды. Торнададан қазір бір адам мерт болып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz CNN жаңалықтар порталына сілтеме жасап.

Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021

Шымкент циркі жануарлардан бас тартпайтын болды

Шымкент циркінде жануарлармен өнер көрсету тоқтатылады деген ақпарат жалған болып шықты. Цирк әкімшілігінің айтуынша, ақпарат таратуда түсініспеушілік орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 27 Қаңтар, 2021

Ақтөбелік полицей баспанасыз қалған әжені өз қамқорлығына алды

80 жастағы қарт ананы туған немересі қуып шыққан. Оның баратын жері болмағандықтан, учаскелік полицей өз қамқорлығына алған, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 27 Қаңтар, 2021

Қазақстандықтар үй жануарларынан бас тартып отыр

Соңғы бір жылда қазақстандықтар коронавирус жұқтыру қауіптілігіне байланысты үй жануарларынан жиі бас тарта бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Саясат • 27 Қаңтар, 2021

Қытайдың Африкадағы «қаржы қармағы»

«Жұт жеті ағайынды» демекші, коронавирус пандемиясы әлемді бірқатар қиындыққа душар етті. Індет салдарынан көптеген жұмыс орындары жабылып, қызмет көрсету салалары үлкен шығынға ұшырады. Бұдан бөлек, Covid-19-ға қарсы вакцина әзір болғанымен, оны жеткізу, тасымалдау мәселесі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялаған мақалалар топтамасында коронавирустың теріс әсерлері туралы сөз қозғалады. Принстон Университетінің биоэтика профессоры Питер Сингер коронавирусқа қарсы вакцинаны егуде кезігетін қиындықтарды этикалық тұрғыда талдайды. Оның айтуынша, екпе бірінші кезекте денсаулық сақтау саласының мамандарына салынуға тиіс. Бұған талас жоқ. Алайда екінші кезекте кімдерге вакцина егілуі керек? Мақала авторы бұл мәселеге этикалық тұрғыда қарауды ұсынады. Яғни тізімді түзер кезде қария кісілерді ғана емес, нәсілдік және этностық ерекшелікті де ескеру қажет. Queen Mary университеті Жаһандық саясат институтының халықаралық экономика профессоры Паола Субачки коронавирус пандемиясы Африкадағы кедей мемлекеттерге ауыр соққы болды деп есептейді. Мақала авторының айтуынша, Бейжің билігі «қара құрлықтағы» дамушы елдерге шарттары қатаң несиелерді көптеп беріп, оларды қармағына түсірді деп жазады. Естеріңізге салайық, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

Әлем • 27 Қаңтар, 2021

Вакцинаны бөлу мәселесі «бас қатырып» тұр

Таным • 27 Қаңтар, 2021

Шәкәрім өсиетіне арналған сабақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.

Оқиға • 27 Қаңтар, 2021

Тарих ғылымының көшбасшысы

Былтыр Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының құрылғанына 75 жыл толды. Институт Кеңес Одағының фашизмге қарсы екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуі тұсында құрылды. Бұл соғысты Кеңес халықтары фашистік Германияға қарсы «Ұлы Отан соғысы» деп атаған еді. Соғыстан тұралап шыққан елдің, күйреген экономиканың, миллиондаған адамдардың өмірі қиылған трагедияның орын алуына қарамастан Қазақстанда 1945 жылы Тарих, археология және этнография институты құрылды. 1941 жылдан бері бұл ғылыми ұжым Тіл, әдебиет және тарих институты құрамында болып келген еді. Жаңа институттың ашылуына 1944 жылғы 6 желтоқсандағы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы және 1945 жылғы 14 тамыздағы КСРО ҒА Қазақ филиалының Президиумының қаулысы негіз болды. 1961 жылы қаңтар айында институтқа қазақ академиялық ғылымының негізін қалаушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың есімі берілді. 1991 жылдың қыркүйегінен бастап институт Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты болып аталды. Мен осы өзгерістердің куәсі болдым.

Оқиға • 27 Қаңтар, 2021

Ғылыми-технологиялық дамуға инвестиция құяды

ҚазҰУ ІТ, инновациялық және медико-биологиялық кластерлерді қамтитын «Әл-Фараби» ғылыми-технологиялық алқабын (ҒТА) құру жөніндегі ірі инвестициялық жобаны іске асыруға кірісті.

Таным • 27 Қаңтар, 2021

Мәскеу фестиваліне барғанда...

1985 жылы кешегі келмеске кеткен Кеңес Ода­­ғының айдай әлемге әйгілі астанасы – Мәс­кеу қаласында жас­тар мен студенттердің дүние­жүзілік XII фестивалі өткенін бүгінде біреу білсе,біреу білмейді.Жер шарының түкпір-түк­пірінен жиналған жалындап тұрған жас жүрек иелерінің аталған басты бас қосуына, әри­не, күн сәулетті Қа­зақ­станнан да (о тұста осылай деп жиі айтушы едік) үлкен делегация қатысты.