Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2014 материал табылды

Құқық • 15 Қыркүйек, 2023

Мәдениет пен әділет

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – бүгінгі таңда күн тәртібінен түспей тұрған күрделі мәселелердің бірі. Әлемнің көптеген елі секілді біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Экономика • 14 Қыркүйек, 2023

Жолдаудың өзегі – экономика

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған мәселелердің дені әлемнің көптеген еліне тән. Құжатта еліміздің даму жағдайына баға беріліп, алдағы жылдарда кезек күттірмейтін іс-шараларды жүзеге асыру жолы ұсынылды. Елімізде мұндай үрдіс 1996 жылдан бастау алғанынан барша жұрт хабардар.

Денсаулық • 14 Қыркүйек, 2023

Аутрич неден сақтандырады?

Қазіргі кезде кез келген аурудан қорғанудың негізгі жолы алдын алу екені белгілі. АИТВ инфекциясына келетін болсақ, профи­­лак­тика­лық шаралар вирустан сақтанудың жалғыз мүмкіндігі бо­лып са­налады.

Тұлға • 14 Қыркүйек, 2023

Тілегіне жеткен тұлға

Тұңғышбай Жаманқұлов деген есім бұл күнде бар қазаққа, тіпті өзге ұлттар үшін де әйгілі болып отыр. Оның әйгілілігі сондай, көшеде келе жатса да назар аудармайтын, реті келсе иіліп сәлем бермейтін адам жоқ. Сәті түскендері оның қолын алып, сол үшін өздерін бақытты жандай сезінеді. Театрда, кино залында немесе көпшілік жиналған жерде жұрттың жапа-тар­мағай онымен амандасып, реті келсе бір жапырақ қағазға қол қойдырып алып жатқанын көргенде менің есіме Сәбит Мұқановтың: «Осы да жетті деген тіле­гіне, жол таптым бар қазақтың жүрегіне» деген өлең жолдары еріксіз түседі.

Әдебиет • 14 Қыркүйек, 2023

«Абай жолында» қанша кейіпкер бар?

«Абай жолы» роман-эпопеясын неше рет қайталап оқысам да, әлі күнге дейін кейіпкерлер мен жер-су аттарынан шатаса беремін. Әлем әдебиетін зерттеушілердің бірінің еңбегінде (есімін ұмытып отырмын) «Абай жолы» романы көркем әдебиеттердің ішіндегі ең көп кейіпкері бар, жер-су аттары мен ру атаулары молынан берілген күрделі шығарма» дегенді оқып едім. Осы жаңа жылдан бастап 26 тараудан, екі эпиологтен тұратын төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясын қайтадан оқуға бел буып, асықпай қарап, кейіпкерлерді тарауға бөліп, ру атауларын бөлек, жер-су аттарын бөлек тізімдеп шықтым.

Пікір • 14 Қыркүйек, 2023

Ел экономикасының жаңа парадигмасы

Ел экономикасының жаңа парадигмасы өндірістің барлық негізгі факторы – еңбек, адам капиталы, ресурстар мен технологиялар әлеуетін тиімді пайдалануға негізделіп отыр. Бұл бастамалар экономика салаларының жұмыс істеу тетігін толығымен өзгертетінін айрықша атап өткен жөн.

Пікір • 13 Қыркүйек, 2023

Мемлекеттік қызметші: ұстыны мен ұстанымы

Бүгінде еліміз бойынша мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын бұзу, түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылу деректері азайып келе жатқаны қуантады. Мысалы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің жанындағы Әдеп кеңесінде 2020 жылы – 65, 2021 жылы – 59, 2022 жылы 39 тәртіптік іс қаралып, әдеп нормаларын бұзу дерегі өткен жылы 14%-ға азайған. Ал Әдеп кеңесінде қаралатын мәселелердің жартысына жуығы профилактикалық сұрақтарға арналып отыр.

Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2023

Түркістан Ясауи әлемімен жаңғырады

Қазір Түркістанды рухани және туристік орталыққа айналдыру бағытында едәуір жұмыс атқарылып жатыр. Алайда бұл күш-қуаттың барлығы Түркістанды материалдық тұрғыдан көркейтуге бағытталған. Жәдігер қаланың рухани қуатын көтеру бұдан артық болуы керек деп есептейміз. Мәселен, осы күнге дейін Түркістанға келген қонақтарға айтылатын экскурсиялық мәтін әлі сол өзгермеген күйі қайталанып келеді.

Руханият • 13 Қыркүйек, 2023

Алаш жолын темірқазық еткен ғалым

Тарихшы, ғалым Әлімғазы Дәулетхан ағамыз туралы ойлаған сәтте ардақты Жағда Бабалықұлының есімі еске түседі. Мен бұл өмірімде ауыр тағдырды басынан кешкен, бірнеше империялық қысымның шеңгелінде болса да, ұлттық ұстанымын биік қойған, тек қана еңбек және күрес жолында еңсесін тік ұстаған екі адамды кезіктірдім. Бірі – Жағда Бабалықұлы болса, екіншісі – тарихшы һәм жазушы Әлімғазы Дәулетхан.

Пікір • 13 Қыркүйек, 2023

Мемлекет ғылымсыз дамымайды

Саясат пен экономика қашанда қатар дамуға тиіс. Әр салаға өз ісіне берік, жан-жақты қабілетті, дарынды әрі білікті маман жетекшілік етуі керек. Егер белгілі бір кәсіпті басқару өз ісін білмейтін адамға берілсе, көп нәрсе бүлінеді.