Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19056 материал табылды

Басылым басшылары • 17 Желтоқсан, 2019

Басылым басшылары - Әмiр ҚАНАПИН (01.1941-11.1942)

Ә. Қанапин Қостанай облысының шеткерi аймағындағы кедей шаруаның отбасында өмiрге келген. Бастауыш бiлiмдi Қостанай мектеп-интернатында алады. 1930 жылы қаладағы мұғалiмдер курсын бiтiредi де, Қазақ оқу-ағарту институтына түседi. Бұл жерде екi жыл оқып, математика және әлеуметтiк-экономикалық пәндерi бойынша мұғалiмдiк диплом алып шығады. Содан кейiн Таулы Алтай облысындағы “Ойрот” колхоз институтында қызмет iстейдi.

100 • 17 Желтоқсан, 2019

Тархан текті редактор

Осыдан бір ғасыр бұрын ұлтының болашақ бас газетіне айналар «Ұшқынның» алғашқы нөмірінің тұсауын кескен адамның есімі – Халел Есенбаев еді. Бірақ жетпіс сегіз жыл бойы оның аты-жөні кейінгі ұрпаққа белгісіз болып келді. 1997 жылдың 22 ақпанында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Ұшқынның» редакторы болдым...» деген жарияланымнан кейін ғана Халел басылым көшбасшыларының қатарына қосылды. Газетті басқарған белгілі тұлғалармен бірге қарашаңырақ тарихында тұғырланды.

100 • 17 Желтоқсан, 2019

Ғасырлық шежіре ғибраты

Ұлт баспасөзі мен журналистика тарихындағы, шын мәнісінде, замана айнасындай, тарихтың айғағындай «Егемен Қазақстанның» ғасырлық жолы – қазақ халқының күрделі, шытырман тарихы мен жанкешті тағдырының жолы. Өрлеп-өркендеп, шарықтап-толысқаны да бар, ашаршылыққа, кәмпескеге, сталиндік қуғын-сүргінге душар болғаны да бар. Ата-бабаларымыздың замандар мен дәуірлер бойы еркіндік үшін жан берісіп, жан алысып, арыстанша арпалысып, ақырында тәуелсіздікке қол жетіп, әлем қауымдастығындағы айбарлы ел болдық, мемлекеттік рәміздеріміз бар мәртебелі мемлекет атандық. Мінеки, солардың керемет бір көрінісі – 5 томдық «Жүз жылдық жылнама». Елдің тарихы мен руханиятынан, мемлекет басқару жүйесі мен саясатынан, экономикасы мен қоғамдық-әлеуметтік жағдайынан сыр шертетін дәуірнама.

100 • 17 Желтоқсан, 2019

Асыл қазына жиналса екен

1926 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне жарық көрген Жүсіпбек Аймауытұлының «Асыл қазына жиналса екен» атты мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.

100 • 17 Желтоқсан, 2019

Рысбала Әбдіқадыр: «Егемендегі» әр күнім - тарих

Биыл 100 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған ғасырлық басылымда талай-талай тұлғалар қызмет еткені белгілі. Бас басылымның игілігі үшін өмірінің көп бөлігін арнаған олардың әрбірінің еңбегі өлшеусіз. Солардың бірі газетте 32 жыл түрлі жауапты қызметте жұмыс істеген Рысбала Әбдіқадыр өзі еңбек еткен жылдардағы естелікке толы әңгімесімен бөлісті.

100 • 17 Желтоқсан, 2019

Ұлт мәселесі туралы баяндама

1923 жылы «Еңбекшіл қазақ» газетінің №87 санында шыққан «Ұлт мәселесі туралы баяндама» мақаласын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл мақаланы Манап Шамиль деген бүркеншік есіммен Сәкен Сейфуллин жазған.

100 • 17 Желтоқсан, 2019

Баспасөзді күшейту жұмасы

1923 жылы «Еңбекшіл қазақ» газетінің №82 санында шыққан «Баспасөзді күшейту жұмасы» мақаласын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл мақаланы Манап Шамиль деген бүркеншік есіммен Сәкен Сейфуллин жазған.

Руханият • 17 Желтоқсан, 2019

«Ұшқыннан» «Егеменге» дейін

Биыл жүз жылдық межесін атап өткен республикалық басылым – «Егемен Қазақстан» газеті алғаш рет өз оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді. Содан бері бұл газетте әр жылдары Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды ұлтымыздың біртуар азаматтары қызмет істеп, басылымды дамыту, бет-бейнесін қалыптастыру, беделін арттыру ісіне зор үлес қосты. Газет өз тарихында «Ұшқыннан» кейін «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», кейіннен «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» атауымен жарыққа шықты. Еліміз егемендік алған тұста аты «Егеменді Қазақстан», ал 1993 жылы «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.

100 • 16 Желтоқсан, 2019

Ел газетке не жазбақ?

«Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған жаңа айдардың кезекті материалын назарларыңызға ұсынамыз. «Ел газетке не жазбақ?» мақаласы 1924 жылы «Еңбекшіл қазақ» газетінің №201 санына шыққан.

Экономика • 16 Желтоқсан, 2019

Қаржы министрлігі тәуелсіздік күнін атап өтті

Қаржы министрлігінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.