Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19031 материал табылды

Тарих • 18 Мамыр, 2021

«Аштық туралы мәселе» бойынша сөз

1922 жылы 8 шілдеде кешкі сағат 18.30-да ҚазОАК төрағасы Сейітқали Меңдешев екінші сайланған Қазаткомның 3-сессиясын (сессия жұмысы 14 шілдеде аяқталды) ашық деп жариялап, сессияға қатысушылар ал­дында «Аштық туралы мәселе» бойынша кіріспе сөз сөйледі. Ашыққандарға көмектесетін Орталық Комиссияның (АКОК) төрағасы бол­ған С. Меңдешевтің 1921-1922 жылдардағы аштық пен оған қарсы жүргі­зілген жұмыстар туралы мол мәлімет беретін тарихи сөзін сессияның стено­графиялық есебінен қазақ тіліне аударып, оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.  

Тарих • 18 Мамыр, 2021

Ұрпақ үндестігінен туындаған ұлағат

Туған жерім болған соң Алматы облысының аумағында талай мәрте сапарлап жүруге тура келді. Сол күре жолдың бо­йында мен аялдамай өтпейтін екі бекет бар. Ол жерге арнайы тоқтап, тағзым етіп өтуді  дағдылы қағидатқа айналдырғалы қашан?!

18 Мамыр, 2021

Қазақстанның гуманитарлық көмегі Қырғызстанға жетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қырғызстанға 4 500 тоннаға жуық бидай ұны тиелген гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 Мамыр, 2021

Өмірбек Шыныбекұлы: Түркістанға туристер тарту үшін алдымен өзімізді түзеп алуымыз керек

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының бастамасымен қалың көрерменге подкаст түріндегі жаңа бағдарламаның алғашқы шығарылымы «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбына арналды деп хабарлайды Egemen.kz Ruh.kz порталына сілтеме жасап. 

Тарих • 18 Мамыр, 2021

Елін сүйген ерен ер

Талай марғасқаның табанының ізі қалған қызырлы топырақтың қай тұсын қазсаңыз да тарих тәбәрігі менмұндалайды. Түйе өркешін ықтап өскен халықтың тағдыры теріс қарап түксигенде жанына желпу, рухына сая болған атанжілік азаматтар бүгінде баба кейпінде оралды. Бұл келелі іске Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мұрындық болғаны баршаға аян.   

Аймақтар • 18 Мамыр, 2021

Алакөлге пойызбен баруға болады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Алакөл курорттық аймағы бағытында жазғы кезеңге бірнеше жолаушылар пойызының тағайындалғаны туралы хабарлады.  

Қазақстан • 18 Мамыр, 2021

Жолаушыларды отырғызуға уақытша тыйым салынды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хаттарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бо­­йынша коронавирустың таралуын болдырмау үшін 2021 жылғы 13 мамыр сағат 00.00-ден бастап жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға, Өскемен және Ново-Өскемен стансалары бойынша «Алматы-Өскемен» бағытындағы №351/352 жолаушылар пойызына жолаушыларды отырғызуға және түсіруге уақытша тыйым салынғанын хабарлады.

Таным • 18 Мамыр, 2021

Адамзатқа қалтқысыз қызмет

2021 жылдың дөңгелек даталарға толы жыл екенін ерекше атап өткеніміз дұрыс. Алдымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, сондай-ақ адамзаттың ғарышқа алғаш ұшқанына 60 жыл және Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл. Бұл орайда осы даталардың барлығына дерлік қатысы бар тұлға кім дегенде біз ойланбастан ұлы замандасымыз Олжас Сүлейменовтің есімін атаймыз.

Спорт • 18 Мамыр, 2021

Шынашақтай спортшы шындығы

Кәрімжан Әбдірахманов – «Достық-84» халықаралық ойындарының күміс жүлдегері, әлем кубогының командалық есептегі жеңімпазы (1985), Еуропа чемпионатының (1985) және «Ізгі ниет-86» ойындарының қола медалисі, Кеңес Одағының 2 мәрте чемпионы (1984, 1990).

Өнер • 18 Мамыр, 2021

Киносыншыларды ынтымақтастыққа шақырды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева киносыншылармен кездесті. Ол Министрлік телехикаялар өндірісі бойынша сметалық қаржыландыру мәселесіне қатысты жұмыстарды пысықталып және "продакшндердің" кәсіпқойлық деңгейі негізінде іріктеу мақсатында мемлекеттік ақпараттық тапсырысты үлестіру ережелерін өзгертуді жоспарлап отырғаны туралы хабардар етті.