Аймақтар • 06 Сәуір, 2020
«Есіл тасып барады жардан асып...»
Солтүстік Қазақстан облысындағы Шал ақын ауданында Есіл мерзімінен бұрын тасып кетті. Қазір осындағы Сергеев су қоймасының гүрілі адамның тұла-бойын түршіктіріп, бірнеше шақырым жерден естіледі.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2020
СҚО: Жалған хабарлама таратқандар іздестіріліп жатыр
Көрші Ресей Федерациясы тұрғындары мессенджерлер топтарына енген жерлестерімізге бір арамза 13 сөйлемнен тұратын үркіту хатын салыпты. WhatsApp арқылы жеткен бұл хабарламаны ақ-қарасын айырмағандар талай адамға жіберіп үлгерген. Хабарламада тұрғындардың ешкімге есік ашпауы сұралады. Соның ішінде полиция қызметкерлерімен бірге келген дәрігерлерден аса сақ болу керектігі ескертіледі. Өйткені, олар вирустық инфекцияға тест жүргізіп, нәтижесінде өлімге әкеп соқтыратын екпе егеді-мыс делінген.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2020
СҚО: Автопатрульдер тұрғындарға карантин режимін ескертуде
Осы күндері Петропавл қаласының көшелерінде 15 автопатруль дыбыс күшейткішпен: «Құрметті қала тұрғындары! 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қалаға кіруге және шығуға тыйым салынған. Тұрғындарға тек қана дүкенге, дәріханаға, жұмысқа және үйге баруға рұқсат. Қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналмау, 65 жастан асқан азаматтардың үйде болуы қажет. Балалар ата-аналарымен бірге жүруі қажет. Азық-түлік дүкендері және дәріханалар сол қалпы жұмыс істейді. Сауда үйлері және орталықтары, базарлар жабылады. Супермаркеттер сағатт 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді» деген ескертулерді талмай айтып жүр. Оның нәтижесі де жақсы, қала көшелерінде қазір бейсауат жүрген бір адамды көрмейсіз.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2020
Жаңа жағдайға жылдам бейімделу – іскерліктің белгісі
Еліміздің барлық түкпірлеріндегі сияқты Петропавл тұрғындары да карантиндік режімге үйрене алмай, жергілікті билік пен жанашыр қызметтерге түрлі сұрақтарын төпелетіп жатыр.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2020
Петропавл: 16 жастағы бойжеткен ұсталды
Бізде «шаш ал десе бас алу» да жиі орын алады ғой. Мына індетке қарсы күресте де сондайларға жол беріле бастады. Кеше Петропавлдың орталығындағы М.Жұмабаев пен К.Сүтішев көшелерінің қиылысында кешкі сағат жетінің маңында 16 жасар бір бойжеткен ұсталды. Ол өз үйінен шығып, бір шаруамен туыстарының үйіне бара жатқан екен.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Солтүстік Қазақстандағы тасқынға мониторинг жүргізілді
Екінші және үшінші сәуірде СҚО-дағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында су тасқыны қаупі бар аймақтарға аспаннан бақылау жүргізілді.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Петропавлға бағыт алған көліктер легі күрт төмендеді
Қызылжар қаласында бүгін үшінші тәулік бойы карантин. Қазір қалада жүрген адам саны барынша сирек. Тек әне жер-міне жерде ғана бір адамды көріп қаласың. Жұрттың бәрі карантиннің талабын орындап, бейсауат жүргені үшін төленетін айыппұлдан сақтанып, үйлеріне тығылған сияқты. Көлік саны да Кеңес одағы жылдары сияқты, кептеліс түгілі, 10-15 минөтте бір мәшине ғана өтеді.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Бүгіннен бастап, Петропавл қаласы карантинге жабылды. Осы кезден бастап ешқандай көліктің қалаға кіруіне рұқсат жоқ. Барлық көшелер мен тротуарлар, алаңдар дезинфекцияланады. Барлық қоғамдық орындар, парктер жабық.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
«Қайғы келсе қарсы тұр»... үйден шықпай
Бүгінгі түнгі 00 сағат 00 минуттан бастап, Петропавл қаласы карантинге жабылады. Осы кезден ешқандай көліктің қалаға кіруіне рұқсат жоқ. Барлық көшелер мен тротуарлар, алаңдар дезинфекцияланады. Барлық қоғамдық орындар, парктер жабық. Қалаға кіру мен шығу тоқтатылады. Қоғамдық көліктер жүрмейді. Меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорын-мекемелер өз жұмысын тоқтатады.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
ТЖ режімін ойыншық көретіндер көп
Солтүстік қазақстандық полицейлер ТЖ режімін бұзған алғашқы адамды анықтады. Жеке кәсіппен айналысатын ол Польшадан ұшып келген екен. Жасы 36-да. Нұр Сұлтан қаласындағы әуежайда ол үйінен 14 күн бойы шықпауға қолхат береді. Өйткені, бойында вирус болса осы күндері белгі береді. Ал ондай болса маңындағы адамдардың бәріне жұқтырады, сондықтан үй карантинінде болуы керек.