Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1489 материал табылды

Қазақстан • 11 Шілде, 2022

«Қазақстан халқына» қоры – Петропавлда

Жуырда Петропавл қаласына Президенттің бастамасымен осыдан жарты жыл бұрын құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев бастаған өкілдері келіп, қала жұртшылығы, облыс кәсіпкерлері, мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

Қоғам • 10 Шілде, 2022

Жат атаулардан арылу керек

Қызылжардан Көкшетауға келе жатқан үлкен жолдың бойындағы елді мекендердің атауы кіл орысша: «Трудовая Нива», «Чапаев», «Астраханка», «Рублевка», «Келлеровка», «Драгомировка», «Ивангород», «Обуховка», т.б. Алайда осы аталған ауылдардың бәрінің де жер мен суға қатысты қазақша атаулары (топонимдері) бар.

Қоғам • 08 Шілде, 2022

Көрермен көңілін көншіткен кеш

Шілденің басынан 7-сіне дейін Петропавл қаласында Qyzyljar Music Fest атты дәстүрлі халықаралық ән-би фестивалі өтті. Оған өзіміздің өнерпаз­дармен қатар Қазақстанның көрші облыстары және Ресей Федерациясының аймақтарынан жеке әншілер мен өнер ұжымдары қатысуда.

Театр • 07 Шілде, 2022

Сахнада – ел қорғаны Құлеке батыр

1702-1764 жылдары өмір сүрген Құлеке батыр Абылай ханның оң тізесін баса отыратын құрметті билерінің бірі, елшілікке жұмсайтын мәмілегері, ақылшысы болған. Ол – атақты Шал ақынның (шын есімі Тілеуке) әкесі. Биыл туғанына 320 жыл толатын батырдың құрметіне Солтүстік Қазақстан облысының Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалы драма театрында «Құлеке батыр» атты тарихи драма қойылды.

Қоғам • 07 Шілде, 2022

Астана күніне арналды

Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада Астана күні мерекесі өз ерекшелігімен аталып өтті. «Бейбітшілік пен үміт қаласы» атты қазақ-орыс тілдерінде жүргізілген бұл іс-шараға осы ұжымдағы әдеби үйірмеге қатысатын ата-әжелерден бастап жас ұрпақтарға дейін қатысып, өздерінің астанаға арнаған өлеңдері мен тілектерін оқыды.

Қоғам • 06 Шілде, 2022

Қалтасынан есірткі табылған бойжеткен 3 жылға сотталды

Петропавлдың 22 жастағы әйел тұрғыны есірткіні заңсыз сақтағаны үшін сотталды.

Аймақтар • 06 Шілде, 2022

Озық өндіріс орнында болды

«Кирпич СК» зауыты – Солтүстік Қазақстан облысының Қызыл­жар ауданындағы Подгорное селосына орналасқан тәулі­гіне 150 мың кірпіш шығаратын озық өндіріс. Мәжіліс депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода осы жылдың мамыр айында іске қосылған осы кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Қоғам • 05 Шілде, 2022

Интернет дүкендерден абай болған жөн

Тұтынушының құқын қорғау мәселесі елімізде әлі күнге күн тәртібінен түсер емес. Керісінше, электронды сауда шыққаннан бері бұрынғыдан да күрделеніп кетті. Солтүстік Қазақстан облысының тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне түсіп жатқан арыз-шағымның көбейіп бара жатқанынан осыны көруге болады.

Аймақтар • 03 Шілде, 2022

Өңірде даму үрдісі бар

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық ком­муникациялар қызме­тінде «Мемлекет бас­шысының тапсырма­лары аясында Солтүс­тік Қазақстан облы­сы­ның әлеуметтік-эконо­микалық дамуы» тақы­рыбында журналистер алдында брифинг берді.

Қоғам • 29 Маусым, 2022

«Құнанбаев көшесі», «Жабаев даңғылы» деген қайдан шыққан...

Бірде жол түсіп Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласына бара қалдық. Кезінде шашылып жататын сұрғылт мекен еді, қазір әрленіп, орта тұсы сәнді болып қалыпты. Ең үлкен орталық көшелерінің бірін «А.Құнанбаев көшесі» деп атаған екен, «е, бұл бір жергілікті, белгілі адам болды ғой» деп назар аудармадық... Бірақ есімізге сарт ете түсті, ойхай-ау бұл ұлы Абайдың фамилиясы екен ғой...