Аймақтар • 12 Қараша, 2022
Ғазиз Байтасовқа арналған мемориалдық тақта ашылды
Петропавл қаласының Полиция басқармасында 2011 жылы Тараз қаласында лаңкесті ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 11 Қараша, 2022
Сайлаудың басты алгоритмі – ашықтық
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров кезектен тыс президент сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысына келіп, өңірдегі аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен танысты.
Қазақстан • 10 Қараша, 2022
Солқылдақ сот әділетті Қазақстанға қалай қызмет етеді?
«Ет сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер?» дейді қазақ. Егер кеңес заманында халық әділдік партия пәрменімен жеткен болса демократиялық қоғамда тек соттың шешімімен ғана қол жеткізе алады. Сол үшін қазір қоғамдағы соттың ықпалы барынша күшейген, ол түрлі салалар бойынша мамандандырылған, саны да барынша көбейген, сондай-ақ шешімді мәжбүрлеумен орындататын сот орындаушылар институтына да заңмен үлкен құзырет берілген. Алайда... соттардың солқылдақтығы, бірінші шешімінде бір, екіншіде сол шешімге қарама-қарсы басқа шешім шығару сияқты дүдәмал жағдайлар етек алып барады. Солтүстік Қазақстандағы сондай өрескел қылықты төмендегі мақаладан оқи аласыздар.
Экономика • 09 Қараша, 2022
Солтүстік шаруалары бағындырған белес
Осы жылдың 9 айындағы мәліметке сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша республикада бірінші орынға шықты. Тұтастай алғанда жылдың соңына дейін облыс 1 трлн теңгенің өнімін шығарады деп межеленген. Жер көлемі басқалармен салыстырғанда шағын облыс бұл жетістікке еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері бірінші рет қол жеткізіп отыр.
Қоғам • 07 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкіметте халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етудің кезеңдік жоспары әзірленген. Осы жоспарға сәйкес Солтүстік Қазақстанда әлі су жеткізілмеген 226 ауылға су тарту көзделген. Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Павел Шиловтың айтуына қарағанда, бұл мақсат 2026 жылға дейін толық орындалады. Әзірге ауыз су толық жетпей отырған 18 ауылға сумен қамтамасыз ету нысандары салынады, ал 164 ауылға кешенді блок-модульдер орнатылады, тағы 47 ауылда топтық су құбыры жаңғыртылады.
Ғылым • 01 Қараша, 2022
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Ә.Марғұлан атындағы археология институтының филиалдары ашылды.
Аймақтар • 01 Қараша, 2022
Солтүстік Қазақстан облысының орталығында осы жылғы алғашқы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған облыстың 13 ауданының өкілдері келіп, ауылшаруашылық өнімдерін саудалады.
Аймақтар • 25 Қазан, 2022
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада осы ұжымның мүшелерінің күшімен дайындалған «Қазақстан – көк байрақты нұрлы ел» атты Республика күніне арналған мәдени шара өтті. Оған облыстың ардагерлер алқасының мүшелері, мемлекеттік және Ұлттық ұлан қызметкерлері, студенттер мен курсанттар, мектеп оқушылары қатысты.
Аймақтар • 20 Қазан, 2022
Алаш қайраткерлерінің айшықты іздері
Республика күнінің қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысында Алаш қайраткерлерінің қазақ халқына сіңірген ерен еңбектерін еске алып, ұрпаққа танытқан айтулы іс-шара болды. Осы шараның аясында алдымен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Ғасырлар тоғысындағы Солтүстік Қазақстан: тарих және қазіргі заман» атты республикалық ғылыми-теориялық семинар ашылды. Оның жұмысына қатысу үшін Алматы мен Астанадан, Қостанай мен Көкшетаудан белгілі ғалымдар, зерттеушілер, қоғам қайраткерлері Сабыр Қасымов, Аманжол Күзембайұлы, Серік Негимов, Жандарбек Мәлібеков, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Гүлнәр Мұқанова, патриоттық тамаша әндердің авторы, композитор Жоламан Тұрсынбаев және т.б., сондай-ақ жергілікті өлкетанушылар мен зерттеушілер қатысты.
Бизнес • 19 Қазан, 2022
Кәсіпкерге – мемлекеттік қолдау
Бизнесті мемлекеттік қолдау кәсіпкерлік секторды ынталандыруға мүмкіндік береді. «Даму» қорының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Олег Пак қордың кәсіпкерлерді қаржылық қолдау нәтижелері туралы айтты.