Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2022
Ахаң атындағы мектеп есігін айқара ашты
Биыл Қызылжар қаласындағы №9 орта мектепке Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілген болатын. Ұлт ұстазының есімін алған оқу орны оның 150 жылдық мерейтойына өзінің тұсаукесерін өткізді.
Ахмет Байтұрсынұлы • 05 Қыркүйек, 2022
Петропавлдағы С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған кеш болып өтті. Оның жұмысына кітапхана қызметкерлерімен қатар облыстық Полиция департаменті кадр саясаты басқармасының басшысы, полковник Абылғазы Ғабдуллин бастаған жеке құрамның белсенділері, М.Қозыбаев атындағы университеттің оқытушылары мен студенттері, ардагерлер ұйымы, БАҚ өкілдері қатысты.
Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2022
Даласы қазыналы Қызылжар: Төрт түлік өсірушілердің слеті табысты өтті
Ауыл шаруашылығының ірі саласының бірі – мал өсірушілердің дәстүрге айналған слеті биыл Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Чапай ауылында өтті. DALASY QAZYNALY QYZYLJAR деген атау алған слетттің Қызылжар өңірін таңдауы тегін емес. Слетке қатысқан Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Солтүстік Қазақстан облысының мал өсіру бойынша еліміздің алдында келе жатқан өңірлердің бірі екенін айтты.
Аймақтар • 30 Тамыз, 2022
Өңірдегі өзекті мәселелермен танысты
Солтүстік Қазақстанға сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Оқушылар сарайының мәжіліс залында облыс тұрғындарымен кездесті. Кездесу кезінде ТЖ туындаған кезде халықты хабардар етуге, су тасқыны кезеңінде суда және тұрғын үйлерді су басудың алдын алуы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға, көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігіне қатысты халық қойған өзекті сұрақтарға жауап берді.
Білім • 27 Тамыз, 2022
Жаңа оқу жылында Солтүстік Қазақстан облысында 472 мектеп білім береді. Бұл – шамамен мың адамға бір мектеп деген сөз. Оқушылардың саны – 74 мың. Былтырғы оқу жылында бұдан сәл артық болған, бірақ биыл азайып қалды деп байбалам салуға болмайды. Биылғы мектеп бітіргендерден бірінші сыныпқа келушілердің саны әзірге аздау, алайда оқу жылы басталғанша мектеп табалдырығын аттаушылар саны көбейе түсуі мүмкін. Әрине, мектепке алу жөніндегі өтініштерді қабылдау 1 тамызда аяқталған, бірақ көші-қон мәселесімен жүрген ата-аналардың мәселесі түсіністікпен қаралады. Сонда былтырғы оқушылар мен биылғылардың саны шамамен бірдей болады. Әзірге, біріншіге баратын балдырғандар саны – 7 418.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2022
Қоныстанушылардың жағдайымен танысты
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Солтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік жобалармен танысты.
Қазақстан • 26 Тамыз, 2022
Ата Заңға енгізілген өзгерістердің тиімділігіне тоқталды
Биылғы 5 маусымда референдум арқылы Конституцияға енгізілген өзгерістер 33-бапқа қатысты болып, Ата Заңымыздың үштен біріне өзгеріс енгізілді. Халықтың негізгі бөлігі оған үлкен үміт артып, қолдағанына куә болдық. Өйткені өзгерістердің негізгі өзегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, елді «суперпрезиденттік басқару формасынан ықпалды Парламенті мен есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға» айналдыру болатын.
Қоғам • 26 Тамыз, 2022
Сол күні солтүстікқазақстандық кәсіпкер Жоламан Ахметов (аты-жөні өзгертілген) банктегі депозиттік шотында жатқан 15 млн теңгесінен бір-ақ сәтте айырылып қалармын деп ойламаған еді. Тірнектеп жинаған ақшасын ол өндіріске салмай, баласына астанадан пәтер сатып әпермек болған. Биыл астық жақсы шықты, шашпай-төкпей жинап алсам, депозиттегі ақшамды еселеп, біріншіге баратын үлкен немереме арнадым деп астанадан бір көрікті үйге қол жеткізбек еді...
Аймақтар • 25 Тамыз, 2022
Бүгінгі таңда Солтүстікте жалдамалы жұмыскерлердің саны 9,5 мың адамға, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 5,2 мың адамға азайған. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9-дан 3,9 пайызға дейін өскен.
Экономика • 23 Тамыз, 2022
Сыртқы сауда айналымы өсіп келеді
Қазақстан, Беларусь, Ресей арасында 2010 жылы құрылған Кеден одағы экономиканың, оның ішінде сауданың дамуына қомақты үлес қосып келді. Еуроодақ елдерінің үлгісімен құрылған бұл интеграциялық ұйым 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) құрылуына ұласты. Енді Кеден одағы ЕАЭО-ның негізгі құрамдас бөлігіне айналды. Сол 2015 жылы оның құрамына Армения мен Қырғыз Республикасы қосылды.