Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1574 материал табылды

Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2020

Әкелі-балалылардың үйлерінен кептірілген қарасора мен тіркелмеген қарулар тәркіленді

СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қызылжар ауданының екі тұрғынын ұстады. Олардан тіркелмеген екі атыс қаруы және бір килограмға жуық кептірілген қарасора тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020

Криминалистер саусақ іздерінен 95 қылмысты дәлелдеді

Петропавл қаласының Полиция басқармасында 18 криминалист жұмыс істейді. Олар қылмыс орнында қалған саусақ, аяқ киім, көлік, бұзу құралдарының биологиялық іздерін алып, дәлелдемелер базасын толықтырып қылмыскердің жауапқа тартылуына мүмкіндік тудырады. Жыл басынан бері криминалистер оқиға орындарын қарауға 1200 рет қатысып, 2600-ден астам криминалистикалық зерттеулер жүргізген. Соның нәтижесінде 95 күдікті анықталып, жәбірленушілер және куәгерлермен "Образ++" базасы бойынша 100-ден аса адам танылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

Рейд барысында екі автобетонараластырғышқа 10 хаттама толтырылды

Бұлар "Петропавл-Жезқазған" автожолының "Петропавл-Подгорное" бағыты бойынша бетон тасымалдап жүрген. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері  мен облыстық көліктік бақылау инспекциясының өкілдері оларды тоқтатып, тексергенде ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері тарапынан бірнеше бұзушылыққа жол берілгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

3,5 мыңнан астам жаяу жол тәртібін бұзған

СҚО полицейлері оқу жылының басталуына орай жаяулардың жол тәртібін бұзуына алаңдаушылық білдіруде. Жыл басынан бері 3,5 мың адам жол тәртібін бұзғаны үшін ұсталған қалада оның саны көбейіп кетпесе екен деп профилактикалық шараларды күшейтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020

Шал ақын ауданы тұрғынынан шолақ мылтық шықты

Шал ақын ауданында қаруды заңсыз сақтаудың бір фактісі анықталды. Аудан орталығы Сергеевка қаласының 60 жастағы тұрғынының уақытша тұруға арналған жапсарлас үй-жайынан маркасы белгісіз шолақ мылтық табылды. Иесі қару туралы ештеңе білмейтінін айтып, қарудың осы  үй-жайда ұзақ уақыт бойы тұрған қайтыс болған ұлына тиесілі болуы мүмкін екенін жеткізген.  

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020

Ауыр жүк көлік иелері жол ережесін бұзған

СҚО-да  жол құрылысына ерекше назар аударылады. Асфальт төселген жолдар жүкті шамадан тыс артып алған көліктердің салмағына шыдамайды. Сөйтіп, асфальттар бүлінеді. Бұл барлық жол қозғалысының қатысушыларының қауіпсіздігіне әсерін тигізеді.

Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2020

"Nur Otan" партиясы праймеризінің бірінші кезеңі аяқталды

Кеше "Nur Otan" партиясы СҚО облысы филиалы төрағасының орынбасары Әсем Рахметова праймериздің бірінші кезеңінің қорытындылары туралы журналистерге мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2020

Әрбір қолайлы сәтті тиімді пайдалану керек

Биыл Солтүстік Қазақстанда күн райы ыстық болып тұр. Диқан еңбегінің бағы жанар осы мезгілдің жауын-шашынсыз болғанын қалайды. Пісіп тұрған алтын астық та басын ие бастаған. Бұл жиын-терімді тезірек жүргізуді қажет ететін белгі. Бидай басын иіп осылай көп тұрса, дәні шашылып қалуы мүмкін. Осыған орай диқандар да әрбір сәтті мүлт жібермеуге тырысуда.

Аймақтар • 31 Тамыз, 2020

СҚО-да 29 адам өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айрылған

СҚО-да сот шешімімен жыл басынан бері 29 адам көлік жүргізу құқығынан айрылған. Бұлар жол тәртібін сақтау мен көлікке мас күйінде бірнеше рет отырғандар. Алайда ондайлардың біразы жүргізу құқығынан айырыла тұра, буынына тараған алкогольдің әсерінен қайтадан рөлге отыратыны полицейлерді алаңдатып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 31 Тамыз, 2020

Бір жарым сағаттық тікелей эфирде 47 сауал түсті

"Жолда қабылдау" республикалық акциясы аясында Facebook және Instagram әлеуметтік желі қолданушыларымен солтүстікқазақстандық полицейлер бір жарым сағаттай үзіліссіз, тікелей эфирге шыққанда 47 сауал келіп түсті, - деп хабарлайды Egemen.kz.