Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1574 материал табылды

Аймақтар • 27 Тамыз, 2020

Интернет алаяқтары тағы бір Петропавл тұрғынын алдап кетті

Ем-домға қолданатын кушетка сатамын деп хабарландыру берген тұрғынға көп кешікпей болашақ клиенттен сұраныс түседі. Тауарды көрмей, тек алдарқатып әрнемесін сұрап, сосын: «маған банк карточкаңыздың номерін айта қойыңыз, мен ақшаңызды аудара қояйын» дейді «алушы». Одан арғы әрекеттер көмескі. Бірдеңеден секем алған әйел банк менеджеріне телефон соғып, өзінің есепшотындағы операциялар туралы сұрағанда үлкен соманың алынғанын естіп, санды бір-ақ соғады. Ал «сатып алушыға» хабарласса оның телефоны сөндірулі болған. Қазір алаяқ құрбанының арызы бойынша іздестіру шаралары жасалуда.

Аймақтар • 27 Тамыз, 2020

Айласын асырмақ болған жұп қолға түсті

Петропавлда бірнеше дүкеннен ұйымдасқан түрде заттар ұрлаған екі адамдық алаяқтар тобы ұсталды. Олар бетпердені беттеріне баса киіп дүкендерге кіреді екен де қолдарындағы пакеттеріне азық-түлік пен арақты толтырып салады екен. Сосын біреуі дүкеншіні алдастырып тұрғанда екіншісі есіктен сып беретін көрінеді. Дүкенші байқап қалып, айғай салып соңынан қуса екінші алаяқ оған болысқансып, бірге қуған сыңай танытады екен.

Аймақтар • 27 Тамыз, 2020

Орақ барысы ойдағыдай

Биыл солтүстікқазақстандық диқандар егіс даласына агротех­но­логиялық шараларды толықтай жасады. Соның ішінде егіс ал­қап­тарына 94 мың тонна минералдық тыңайтқыштар себілді, 3,5 млн гектар жерге химиялық өңдеулер жүргізілді.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2020

СҚО-да 5 күн бұрын жоғалған кейуана ағаш арасынан табылды

Жуырда Петропавл қаласының бір тұрғыны 75 жастағы шешесінің үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлаған. Қарттың жады нашарлап, есте сақтау қабілеті төмендеген екен. Мұндай жандар үйінен алысырақ кетсе қайтадан тауып бара алмайтыны белгілі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2020

Аралық нәтижеде білім саласы өкілдері белсенділігін көрсетті

"Nur Otan" партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында праймериздың алғашқы 10 күнінің аралық қорытындысы шығарылды. Осы уақыт ішінде өңір бойынша 600-ге жуық адам қатысуға өтінім берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 26 Тамыз, 2020

Солтүстікқазақстандықтар белсенді

Nur Otan партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова журналистерге арналған брифингте праймериз басталған алғашқы 4 күнде солтүстікқазақстандық 400-ден астам адам оған қатысуға ниет білдіргенін жеткізді.

Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

Көші-қон 68 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті

Жыл басынан бері СҚО-ның Көші-қон қызметі ғана азаматтарға 68617 мемлекеттік қызмет көрсетті. Бұл халықтың мемлекеттік қызметке жүгінуі жылдан жалға арта түскенін көрсетеді. Соның ішінде қызметтердің басым бөлігі электронды түрде жасалған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

Мал бағудың жаңа ережелері

«Жайылымдар туралы» Заң күшіне енгеннен бері биыл СҚО-да соның негізінде қолдағы малды бағудың жаңа ережелері өз күшіне енді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

"Астық" жедел-профилактикалық іс-шарасы 5 қылмысты ашты

Елдегі маңызды шаралардың бәріне полиция қызметі қатысып, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол тәртібін бақылаумен қатар түрлі қылмыстарды әшкерелеуде де белсенділік танытады. Биылғы орақ науқанында да полиция қыраығылық танытуды көздеп, "Астық-2020" жедел-профилактикалық іс-шарасын іске асыруға кірісті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 24 Тамыз, 2020

Иесінен көлігін тартып әкеткен және дүкен тонаған қарақшылар ұсталды

СҚО-ның Жамбыл ауданындағы «Новорыбинка» мен «Кладбинка» селоларының арасында қанды болмаса да өрескел қылмыс болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.