Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
843 материал табылды

Қоғам • 25 Қыркүйек, 2022

Архивтің жаңа жобасы

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйым­дастыруымен би­ыл­ғы Балалар жылы аясында еліміздің барлық мемле­кеттік архивтерінде жүзеге асатын «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық жоба бойынша елорда төрінде орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде ашық есік шарасы өтті.

Руханият • 18 Қыркүйек, 2022

Алаш жолы – жанкештілік пен жасампаздық үлгісі

Алаштанушы-академик Мәмбет Қойгелдиев «Ұлттық саяси элита» атты зерт­теу еңбегінде: «Алаш идеясы бірін­ші­ден – ұлттық демократиялық мемлекет құруын, екіншіден – жердің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қа­зақтың өзіне қызмет етуін, үшіншіден – қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекет азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуін, төртіншіден – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлт­тың тілі өзге ұлттарға қарағанда үс­тем болуын, бесіншіден – ұлттық дәс­түр­ге негізделген Жапония үлгісіндегі ұлт­тық де­мократиялық мемлекет құруды ұс­тан­ды» депті.

Таным • 13 Қыркүйек, 2022

Алтыннан жасалған Ай-Күн

Қазақтың рухты ақыны Мағжан Жұмабаев «Пайғамбар» атты жырында: «Ерте күнде отты Күннен Ғұн туған, Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам. Жүзiмдi де, қысық қара көзiмдi, Туа сала жалынменен мен жуғам», деп толғағанын білеміз. Осында ақын атамыз айтқандай, «отты Күн» мен одан туған «Ғұн» ұғымы тек образдық көркем теңеу емес, оның тарихи терең сыры бар екен.

Қоғам • 08 Қыркүйек, 2022

Әділдік тұғыры – береке

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауының өзегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты тұғыр­лы тарихи тұжырымды негізге алып, Әділетті Қазақстанды құру жолында түбе­гей­лі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет дегенді атап өтті. Әділетті қоғамның басты ұстыны – ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетіні жайлы баяндап: «Әді­летті Қазақстанды құру ісі енді ғана бас­талды. Бұл бағдарымыз ешқашан өзгер­мейді, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса береді», деп түйіндеді.

Тарих • 01 Қыркүйек, 2022

Бай-өлке музейі: Қобда беті қазақтарының қазыналы ордасы

Жуықта Бай-Өлке аймағына барған сапарымызда өңір тарихынан сыр шертетін мәдени мекеме орталық музейге ат басын бұрдық. Бұл мәдени ошақ – аталған өлкеге келіп қоныстанғанына 165 жыл толып отырған осындағы қазақтардың этнографиясы, тұрмыстық мәдениеті һәм тарихынан сыр шертетін бірден-бір қазыналы орда екен.

Қазақстан • 29 Тамыз, 2022

Қобда бетіндегі Құнанбай жегжаты

Өткен айда Бай-Өлке аймағына барған сапарымызда ақын-драматург, даңғыл жыршы Ақтан Бабиұлы атындағы орталық кітапханада өткен іс-шараға қатыстық. Биыл туғанына 125 жыл толып отырған Ақтан ақын – Моңғолия мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер және Алтай-Қобда қазақтарының әдеби фольклорлық үлгілерін заманға сай дамытқан тұлға.

Қоғам • 25 Тамыз, 2022

Бала тәрбиесі – баршаға ортақ

Қазіргі таңда көзін жаңадан тырнап ашқан сәбидің өзі әке-шешесінің қолындағы телефонға ұмтылатын болды. Онсыз ас ішіп, аяқ босатпайтын күйдеміз. О, құдірет зар жылап жатқан сәби қолына смартфон тисе, жымың қағып жайдарлана қалатынын қайтесіз. Екі жастағы бала анасының смартфонын ашып-жа­уып өзіне қажет дүниені тауып алатындай қабілетке ие болса, бес жастағы баланың жекеменшік телефоны бар қазір. Осы орайда, «жас балаларға смартфонның зия­ны бар ма, әлде жоқ па?» деген сұрақ қа­зір қоғамның бас ауруына айналатын түрі бар. Өйткені бала тәрбиесі – баршаға ортақ бол­ғандықтан, бұл сұрақтан біз де тыс қала алмаймыз.

Әдебиет • 18 Тамыз, 2022

Жырдың жезкиігі Ақын Кәкімбек Салықов жайлы толғау

Ел астанасы Алатау бөктерінен Арқаға ауған қос ғасырдың тоғысында алашқа аты мәлім небір қайраткер тұлғалар елорда төрінен қоныс тепті. Солардың бірі һәм бірегейі – мемлекет және қоғам қайраткері, «жырдың жезкиігі» атанған ақын Кәкімбек Салықов ағамыз еді. Осы жылдары қалалық басылым «Астана ақшамы» газетінің редакциясы Желтоқсан көшесінің бойында-тын. Дәл редакция­мен іргелес Бөгенбай көшесі мен Желтоқсан көшесінің қиылысына жаңадан салынған қызыл үйде ағамыз тұрды. Сәл қолы босай қалса, жарықтық бәлсініп жатпай редакцияға бас сұғып, келіп-кетіп жүрді. Жай келмейді, қоғамның беталысы, еліміздегі саяси ахуал жайлы тың пікірлерін, ниет-пейілін жазып әкеледі. Кәкеңнің өмір жолы мен шығармашылығынан хабардар адам ретінде әр жолыққан сайын бірді-екілі сұрақ қойып, ағамыздың айтқан жауабын жазып алып жүрдік. Жарықтық көңілі түскенде әңгіменің тігісін жатқызып, жүрегіңе жеткізіп айтушы еді. Міне, биыл қайраткер тұлғаның туғанына 90 жыл толып отыр. Осы орайда балалық шағы қазақы ортада өтіп, кейінгі өмірінің дені кеңестік дәуірдің қазанында қайнап, КСРО кезінде жеке республика басқарған аз қазақтың бірі ретінде тарихта аты қалып, сонымен қатар оқыған мамандығы басқа болса да, ұлт руханиятына үлкен үлес қосқан ағамыздың аузынан жазып алған дүниелерді орайы келгенде, жастарға ғибрат, көпке өнеге болар деген ниетпен газет оқырмандарына ұсынғанды жөн көрдік.

Тарих • 18 Тамыз, 2022

Кебенек

Көбіміз білеміз қазақта «Кебенек киген келеді, кебін киген келмейді» дейтін тәмсіл бар. Сол сияқты ауызекі тілде «Ерді кебенек ішінде таны» деп те жатады. Сөйте тұра кебенектің не екенін көбіміз біле бермейміз.

Таным • 17 Тамыз, 2022

Қасқыр жайлы хикаялар

Атам қазақ «ел іші – өнер кеніші» деп бекер айтпаған екен. Дәл осы тұрақты тіркестің растығына жуықта туған жерге барып, сол өлкеде өсіп-өнген ағайындармен болған әңгіме үстінде көз жеткіз­гендей болдық. Яғни ел аузынан небір қызықты оқиғалар есті­дік. Әсіресе тау жас­танып, жазира жамылып, тұмса табиғаты бұзылмаған өлкеде өмір сүрген халық арасында небір таң­ғаларлық, тосын қызықты оқиға­лар кездеседі екен. Оның дені қасқыр жайлы хикаялар. Соның бір шоғырын газет оқырманына ұсынып отырмыз.