Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
843 материал табылды

Қоғам • 15 Тамыз, 2022

Шошынған жатыр, ұшынған ұрпақ

Жуықта маңғыстаулық Мір Шайыр атты автордың екі жыл бұрын жарық көрген «Әулиетас» атты әңгімелер жинағы қолымызға түсті. Бұл туындыда 1920-1930 жылдары жаппай ашаршылық және асыра сілтеудің салдарынан үрейленіп, туған жер, өскен өлкесін тастап жан-жаққа босып кеткен жұрттың әйелдері ұзақ жыл бойы бала көтеріп, жүкті бола алмай ел-жұрт пұшайман күйге түскені жайлы айтылыпты.

Сұхбат • 10 Тамыз, 2022

«Тау жылқысы табанды болады»

Жуықта жолымыз түсіп Моңғолияның батыс шебіне қоныс тепкен ағайын арасында болып қайттық. Ел аман, жұрт тыныш... Пандемиядан кейін ел жаппай той қамымен шауып жүр. Оның сыртында бұл ел биыл көне Ғұн ұлысының 2230, Моңғол империясының 815, ұлт-азаттықтың 110, Халық төңкерісінің (тәуелсіздіктің) 100 жылдығын атап өтті. «Наадам» деп аталатын мемлекеттің ұлттық мерекесі ежелден бері «ер жігіттің үш өнері» саналатын балуандар бәсекесі, ат жарыс, садақшылар сайысы негізінде ұйымдастырылды. Осы орайда біз байөлкелік туғандардың тойына куә болып, құнан, дөнен, бесті және жуан аттар мен айғыр жарысын тамашалап, аймақтық «Атбегілер» одағының негізін қалаушы және танымал бапкер Шәріп Сәйпіғалиұлымен жолығып, қазіргі таңда жергілікті атбегілік өнер жайлы сұхбаттастық.

Таным • 07 Тамыз, 2022

Сақ дәуірінің тасы

Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен елордадағы Ұлттық музей жанынан құрылған Рухани мұраны ғылыми-зерттеу институты «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» бөлімінің қызметкерлері облыс аума­ғына ғылыми-зерттеу экспедициясын жүргізіп, нәти­жесінде сақ дәуіріне тән құрбандық тасын тапты.

Тарих • 04 Тамыз, 2022

Қыран қазақ

Ұлы Отан соғысы жылдары кеңестік беделі зор басылым «Красная Звезда» газетінің 1942 жылғы 18 қазан күнгі санына майдангер тілші Илья Эренбургтің «Қазақтар» атты жазбасы жарияланғаны жайлы көпшілік хабардар. Бұл мақала «Социалистік Қазақстан» газетінде 1965 жылы Жеңіс күнгі (9 мамыр) мерекелік санына аударылып басылыпты. Осы жазба, «Бір фриц маған: «Бізге қарсы қайсар солдаттар соғысты – оларды ешқандай оқ тоқтата алмады. Кейіннен маған бұлар қазақтар екенін айтты. Мен бұрын мұндай батыр халық барын білмеуші едім» деп басталса, дәл осы жазбамен желілес газет бетінде соғыс жылдары Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алған қазақстандық ұшқыштар – С.Луганский, Т.Бигелдинов, Л.Беда, И.Павлов жайлы фото мәлімет беріліпті.

Тарих • 03 Тамыз, 2022

Жақсылықтың жолын ашқан

Биыл туғанына 110 жыл толып отырған мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты ұлықтау шарасы еліміз көлемінде жалғасып жатыр. Осы орайда бүгін біз көпшілік қауым ұлт тарихында орны зор тұлға Жақсылық Үшкемпіровтің 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының чемпио­ны атауына Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың ықпалы болғаны жөнінде айтпақпыз.

Сұхбат • 14 Шілде, 2022

Ұлттық архив – ұлт тарихының қоймасы

Француз архивтанушысы Шарль Бребан: «Архив дегеніміз – тарихтың сарқылмас қоры», деген екен. Расында құжатсыз архив жоқ, архивсіз тарих жоқ, тарихсыз халық жоқ. Шынымен де, қай заман, қай қоғам болмасын, отаншылдық бастауында ұлттық мақтаныш сезімі тұратындығы, ал оның қайнар көзі тарих пен мәдениет екендігі анық. Осы орайда, елорда төрінде орналасқан Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова ханыммен жүргізген шағын сұхбатты ұсынып отырмыз.

Сұхбат • 05 Шілде, 2022

«Айттым. Айтуға тиіс болдым!»

Ұлы Мұхтар Әуезовтен тәлім алған, «Алыптар тобынан» кейінгі әдебиетке келген тегеурінді толқынның өкілі, қазақ прозасына психологиялық қатпары мол, реалистік көркем шығармаларымен қайталанбас қолтаңбасын қалдырған сөз зергері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы С.Шаймерденов көзі тірісінде газет тілшісіне берген бір сұхбатында: «Халық алдындағы жауапкершіліктің не екенін сезінбеген жазушының жолында қатер көп: арзан атақ-данқ, жалған бедел, биік мінберге орай жазылған көркемдігі жалған плакат шығармалар... Бұның бәрі сөз өнерін жоққа шығаратын әзәзіл жол», депті. Осы орайда қаламгердің туғанына биыл 100 жыл толуына байланысты жазушының қолында өсіп, тәрбиесін көрген бауыр – баласы, белгілі журналист Сайын Есмағимен жүргізген сұхбатты ұсынып отырмыз.

Өнер • 30 Маусым, 2022

«Күй ойнайды қазағымның қанында»

Қазақтың үлкен ақыны Қадыр Мырзалиев «На­ғыз қазақ, қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» десе, дауылпаз жыршы Ілияс Жансүгіров: «Домбыра, сенде мін бар ма?, Мінсіз болсаң — тіл бар ма?, Тіл жоқ деуге бола ма, Тілден анық үн барда?, Домбыраның, күші мол, Көмейінде күй барда!» деген екен.

Өнер • 30 Маусым, 2022

Сырлы аспаптардың сиқырлы үні

Ұлттық музейде Ұлттық домбыра күніне орай Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Алматы қала­сын­дағы Мемлекеттік орталық музей қорындағы қазақ­тың дәстүрлі музыкалық аспаптары коллекциясы негізінде жасақталған «Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» атты жылжымалы көрме ашылды. Шараның мақсаты – мәдени орталық Алматы қаласында орналасқан Мемлекеттік орталық музей қорында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қазақтың бірегей музыкалық аспаптарымен елордалықтарды таныстыру екен.

Өнер • 28 Маусым, 2022

Жалғыз қолды шебер

Ұлттық музейде Корея Республикасының ел­­шілігі және елор­да­лық Корей мәдени ор­талығының ұйым­дас­тыруымен оңтүстік-кореялық кескіндеме өнерінің шебері Пак Дэ Сонгтің «Мәң­гілік» атты көрмесі өз жұ­мы­сын бастады. Атал­­­ған іс-шара Қазақ­стан мен Корея елдері арасында орнаған дип­ломатиялық қаты­насқа 30 жыл толу құр­метіне орай өткізіліп отыр.