Тәуелсіздік • 24 Қараша, 2021
Тәуелсіздікті әлемге танытқан қазақ күресі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы шілде айында ұлттық спорттық бірегей жоба «Қазақстан барысы» турниріне бес жыл толған дүбірлі жарысқа бастан-аяқ қатысып, тәуелсіздік жылдары жаңаша бағыт алып, байырғы халықтық болмыс-бітімін сақтай отырып, заманауи жаңғыру арқылы дамып келе жатқан қазақ күресі жайлы толымды ой толғаған болатын.
Тарих • 23 Қараша, 2021
Өткен ғасырлардағы тарихи оқиғалар мен уақыттық кезеңдерді анықтауда археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған немесе жеке коллекционерлер қолында сақталған нумизматикалық материалдардың міндеті айырықша.
Қазақстан • 18 Қараша, 2021
«Көш келеді!Ағайын, көш келеді!Қарсы алдынан шық енді өскен елі, Бауырлармен қауышу оңай ма екен?! –Екі көзден еріксіз жас келеді», деп ақын ағамыз Исраил Сапарбай жырлағандай, тәуелсіздік тарихындағы баға жетпес байлықтарымыздың бірі – қазақ көші, яғни Алаш баласы азаттық алған тұста, алыс-жақын шетелде өмір сүріп жатқан қандастардың атажұртқа оралуы.
Қазақстан • 17 Қараша, 2021
Еліміз тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылдан бастап шет мемлекеттерде өмір сүріп жатқан қандастар көші атажұртқа ағылды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегінде: «Шетелдегі қазақ диаспораларының сан мыңдаған өкілі елдегі экономикалық дағдарыс пен тұрмыстың төмендігіне қарамастан, тәуелсіз Қазақстанға ағыла бастады. Олардың арасында белгілі ғалымдар, жазушылар, әртістер, суретшілер, қоғам қайраткерлері бар еді» деп жазғандай, азаттықтың ақ таңымен бірге атамекенге бағыт алған қазыналы көшке биыл 30 жыл толып отыр.
Тарих • 16 Қараша, 2021
Құнды мұралар музейге табысталды
Өткен аптаның аяғында, отандық археология ғылымының негізін қаласқан қайраткер ғалым Кемел Ақышевтың жеке заттары және Ақмола облысының, Атбасар ауданы, Тайпақ ауылы маңынан табылған қола дәуіріне тән көне жәдігерлерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейіне табыстау рәсімі өтті.
Руханият • 13 Қараша, 2021
Құнды мұралар музейге табысталды
Өткен апта аяғында, отандық археология ғылымының негізін қалаған қайраткер ғалым Кемел Ақышевтың жеке заттары және Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Тайпақ ауылы маңынан табылған қола дәуіріне тән көне жәдігерлерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейіне табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 10 Қараша, 2021
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында Қазақстандағы халық ағарту ісінің тұңғыш абызы деп баға берген, сондай-ақ биыл туғанына 180 жыл толып отырған Ыбырай Алтынсаринге қатысты тарихи-деректі құжаттар көп сақталған. Соның бірі – ұлы ұстаз жары Айғаныс және балаларымен бірге түскен отбасылық фотосуреті.
Руханият • 03 Қараша, 2021
Биыл туғанына 175 жыл толып отырған, заманында «ХХ ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың Ұлы Отан соғысы жылдары әдеби хатшысы болған нағыз халықтық талант Ғали Ормановтың латын ғарпімен Жәкең жайлы жазып қалдырған күнделігі табылды. Бұл оқиға жайлы отандық ақпарат құралдары көпшілікті құлағдар етуде.
Қазақстан • 03 Қараша, 2021
Кеңестік саясаттың келеңсіздігі
Жақында ҚМДБ-ның ұйымдастырумен «Қазақстандағы «Дін дүрбелеңі»: Кеңестік биліктің дінге қарсы репрессиялық шаралары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Руханият • 28 Қазан, 2021
Қазақ халқының жаратылыс ерекшелігі – қоршаған орта, тылсым табиғатпен біте қайнасып жатыр. Яғни адам баласы өзі өмір сүрген айналасын танып, білуі оның тіршілік ету дағдысын жеңілдетері анық. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды» дейді. Ұлт көшбасшысы айтқандай, халқымыздың дүниетанымына әсер етіп, ерте дәуірде нағыз тіршіліктің өзегіне айналған өнерінің бірі – қазақтың аңшылық кәсібі. Бұл орайда, осы өнердің бүгінгі таңда қоғамдағы орны мен маңызы жайлы білу үшін елорда төрінде орналасқан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеті Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Жасхайыр Қарағойшин мырзаны сөзге тарттық.