Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
843 материал табылды

Таным • 27 Наурыз, 2020

Аманат арқалаған «фашист» немесе Қараторғай әні

Өткен ғасырдың 80-жылдары. Құмдағы ауылда сабан-топырақты илеп соққан бір қабат сегіз жылдық орта мектепте оқимын. Мамыр айы туған соң мектепте қызу мереке басталады. Әуелі, 1-мамыр Бейбітшілік күнін атап өтеміз. Одан кейін 9-мамыр – Жеңіс күні жетеді желпініп. Ауылда соғысқа қатысқан бар-жоғы 7-8 ақсақал болушы еді, біз оқып жүргенде 3-уі тірі-тін.  Бір қызығы осы үш ардагердің бірі Жанғали атамыз «Жеңіс күні» мерекесіне бірде қатысып, бірде қатыспай шеттеп қалып жүреді. Неге олай?

Әлем • 27 Наурыз, 2020

Әлемде 378 492 адам коронавирус жұқтырған

Дүние жүзінде орта есеппен бір күнде 41003 адамынан коронавирустың белгісі анықталып жатыр. Қазіргі таңда бұл сан 378 492-ге жетті. Бұған дейін ажал құшқандары саны – 16495. Әлемде 101 608 адам бұл дерттен айықса, оның  72 703-і  Қытай елінің үлесінде екен.

Қоғам • 27 Наурыз, 2020

Генералмен кездесу

Осыдан 21 жыл бұрын, яғни 1999 жылдың маусым айы болатын. Астаналық басылым - «Ақшам» газетінде қатардағы қызметкер едік. Төтеден тапсырма түсті. Облыстық өлкетану және тарих музейінде армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовпен кездесу өтеді екен. Ұмытпасам, шараны ұйымдастырушы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Оразкүл Асанғазы.

Әлем • 27 Наурыз, 2020

Коронавирус туралы Билл Гейтстің пайымы

АҚШ-тың атақты бизнесмені Билл Гейтс коронавирус қасіреті жайлы өз пайымын білдіріпті. Оның хатын Наоми Кэмпбелл өзінің Instagram желісінде жариялапты. Бизнесменнің айтуына қарағанда, жамандықтың артында жақсылық жасырынып тұрады. Бұл - ақиқат. Ендеше, тыңдаңыздар!

Әлем • 27 Наурыз, 2020

Байөлкеліктердің майданға көмегі

ІІ дүниежүзілік соғыс басталған сәтте Моңғол Халық Республикасының Мемлекеттік Кіші Құрылтайы кезектен тыс сессиясын шақырып, фашистермен шайқасып жатқан Қызыл Армияға  қаржылай һәм мүліктік көмек көрсету туралы шешім қабылдап, халық арасында «Екінші дүниежүзілік соғысқа көмек» акциясын бастайды. Оған малшы араттар қолындағы жылқысын, сандығындағы алтын-күмісін, қой терісінен жасалған жылы тондарын, ет-май, құрт-ірімшік, сүт өнімдерін ұсынады.

Коронавирус • 26 Наурыз, 2020

Коронавирус жұқтырған жұлдыздар не дейді

Соңғы мәліметке қарағанда Covid-19 дерті әлемнің 196 еліне тарап үлгеріпті. Шамамен 410 мың адам зардап шегуде көрінеді. Бір таңданарлық жағдай – бұл вирус адам таңдамайды. Тіпті әлем жұртты жақсы танитын, атағынан ат үркетін, денсаулығында иненің көзіндей кінарат жоқ жұлдыздардың өзі, нақтырақ айтқанда, белді баткетболшы, атақты аяқдопшылар дерт жұқтырып, емделіп жатыр.

Таным • 26 Наурыз, 2020

Мүшел есебі һәм жыл қайыру

12 жыл бір мүшелге жатады. Яғни, адам 12 жасқа толып, 13-ке аяқ басқанда алғашқы мүшелді толтырып, «Бозбала» немесе «Бойжеткен» атанады. Екінші мүшел – 25 жас. Нағыз жігіттік кезең. Үшінші мүшел – 37, төртінші мүшел – 49, бесінші мүшел – 60 жас... осылай кете береді. Ежелгі түркілер 5 мүшелді, яғни 60 жылды бір цикл (жарын) деп атап («Григориан» жыл есебіндегі ғасыр сияқты), заман барысын жаңартып отырған.

Руханият • 26 Наурыз, 2020

Жаңа жарынның басы – Темір тышқан

Жоғарыда атап өткеніміздей, бір мүшелге жататын жыл аттарының алғашқысы – Тышқан. Көне түркі жазбаларында «табығасын» деген атпен белгілі бұл жануар «жарын» есебінің бірінші жылы. Ежелгі түркілер бір жарында, яғни 60 жылда 12 жыл атауы бес дүркін қайталанатындықтан, қателесіп кетпес үшін оларға бес түрлі түс және бес түрлі материалдық зат атауын берген.  

Таным • 22 Наурыз, 2020

Тышқан жылы жайлы толғам

Қазақтың ежелгі жыл санау есебі – байырғы көшпенділер мәдениетінің бір үзігі. Яғни, сонау ғұн, сақ дәуірінен ірге тартып, кейінгі түркі қағанаты кезінде кең қолданыста болған, әрбір жылы 12 жануардың атымен атылып, уақыт өлшеу есебі Айдың қозғалыс фазасына негізделіп жасалған қазақ жыл санауы 5 мүшелге (цикл) жүгіндірілген өлшем.

Руханият • 21 Наурыз, 2020

Татулық тойы

Наурыз мерекесінің рухани ма­ңызын зорайтатын тетіктерінің бірі – татулық мейрамы екендігі. Яғни наурыз күні араздасқан адамдар кешірісіп, татуласады. Өйткені татулық – берекенің басы. «Төртеу түгел болса – төбедегі келеді, алтау ала болса – ауыздағы кетеді» деген­дей та­тулықтың туы желбіреген жер­де елдің ырысы өседі, бағы артады, бола­­шағы баянды болады.