Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
157 материал табылды

Мереке • 07 Ақпан, 2024

Алаш қадірлеген Наурыз

Мемлекет басшысы «Egemen Qazaq­stan» газетіндегі сұхбатын­да: «Наурыз – жаңару мен жаңғы­ру­дың символы. Сон­дықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барын­ша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек», деп айтқан еді.

Жәдігер • 24 Қаңтар, 2024

Баукеңнің көңіл айтуы

1973 жылдың 18 сәуірінде жазушы, қоғам қай­рат­кері, академик Сәбит Мұқанов 73 жасында Алматы қала­сында дүниеден өтті.

Оқиға • 22 Қаңтар, 2024

Цеденбалдың сапары һәм Димекеңнің сыйы

70-жылдар та­рихына көз салсақ, Кеңес ода­ғы мен Моңғол Халық Респуб­ли­касы арасында сол ке­зеңге сай мәдени-экономикалық қарым-қатынас орнады. Соның бір дәлелі – мына сурет. Кеңестік дәуірде елімізді ұзақ жыл басқарған Д.Қонаев ақсақал Моңғолия елінің басшысы Ю.Цеденбалға қазақы дәс­түрмен шапан жауап, басына тақия кигізіп, қошемет көрсетіп тұр.

Мирас • 21 Қаңтар, 2024

Кимешек – құндылық

«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың дәстүрлі жүйесі» атты бес томдық энцикло­педияның бірінші томында қазақ әйелдерінің ұлттық дәстүрлі бас киімі кимешекке: «Көшпелі ортада қалыптасқан, экологиялық талаптарға толықтай жауап беретін қазақ әйелдерінің бас киімі» деген анықтама беріліпті.

Қоғам • 15 Қаңтар, 2024

Жошы ұлысы – мемлекеттілігіміздің негізі

Өткен апта соңында елорда төрінде Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының ұйытқы болуымен «Жошы ұлысы тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл Жошы ұлысының 800 жылдығы іс-шараларын талдап-таразылауға арналып отыр. Оған танымал тарихшы, шығыстанушы, археолог, қоғамтанушы ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Тұлға • 14 Қаңтар, 2024

Тұлғалар белесі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуықта «Egemen Qazaqstan» газетінің 3 қаңтар күнгі санына жарияланған сұхбатын­да: «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады», дей отырып, еліміз тарихында тағылымы зор тұлғалардың өмірі мен өнегесін насихаттау ісі тиісті деңгейде атқарылуы қажеттігін ескерткен еді.

Архив • 25 Желтоқсан, 2023

Құнды құжат көшірмесі елге жеткізілді

Мәденит және ақпарат министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жазба жәдігерлер және рухани мұра» ғылыми зерттеу мекемесінің ұйымдас­тырумен «Үндістан елінің қорларындағы Қазақстан тарихына қатысты көне қолжаз­балар мен архивтік деректер» атты ғылыми семинар өтті.

Руханият • 25 Желтоқсан, 2023

Баянды Алаш пен «Манас»

Өткен аптаның соңында елорда төріндегі Ұлттық академиялық кітапханада Парламент Сенаты­ның қолдауымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, жырау Баянғали Әлім­жановтың «Алаш пен Манас» атты шығармашылық кеші өтті. Бұл іс-шара – бауырлас қырғыз халқы­ның әлемге әйгілі эпосы «Манас» жырын танымалдандыруға арналды.

Кітапхана • 15 Желтоқсан, 2023

Ясауи кітапханасы ашылды

Жақында елорда төрінде орналасқан Юнус Эмре түрік мәдениет орталығында Қожа Ахмет Ясауи кітапханасының ашылу рәсімі өтті. Оған Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджу және Парламент Мәжілісінің депутаттары мен астаналық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Архив • 11 Желтоқсан, 2023

Жазба мұраларды сақтау – заман талабы

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қол­жаз­балар және сирек кітаптар ұлттық орта­лығында «Қазақстандағы жазба­ мұралар­дың реставрациясы және сақтау мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжіри­белік семинар ұйымдастырылып, оған еліміз бойынша архив саласының білікті мамандары, кітапхана және музей қызмет­­кер­лері қатысты.