• 22 Қазан, 2019
Қазақта бұрыннан келе жатқан «Уәде – құдай аты» дейтін өте мәнді тіркес бар. Неге мәнді? Өйткені уәде бұзылып, оның қоғамдағы рухани һәм имани құндылығы әлсіреген жерде береке қашады. Өйткені уәде дегеніміз – қауымды берекесіздіктен сақтайтын әрі адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынасты бұзбай ұстап тұратын мызғымас ұстын.
Руханият • 21 Қазан, 2019
Өткен жұма күні елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен танымал әдебиеттанушы ғалым, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің «Ұлы Дала әдебиеті» және «Қорқыт ата кітабы» атты туындыларының тұсаукесер рәсімі өтті.
Руханият • 18 Қазан, 2019
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты ұжымының ұйымдастыруымен «Алтын Орда: тарих пен тағылым» атты дөңгелек үстел өтті.
Қоғам • 17 Қазан, 2019
Руханият • 17 Қазан, 2019
Үржарда туып, Ұлан-Батырда атылған қазақ
Он шақты жыл бұрын Ұлан-Батыр қаласында қазақ тілінде жарық көрген «Нәубет құрбандары» атты кітапта 1938-1950 жылдар аралығында атылған немесе қандай да бір жаза жүктеген 1250-ге жуық моңғолиялық қазақтардың аты-жөні жарияланыпты.
Руханият • 15 Қазан, 2019
Соңғы жылдары дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі биыл бесінші рет Атырау төрінде ұйымдастырылып, 51 шақырымдық қашықтыққа жіберілген 37 жүйріктен қызылордалық Бердібек Мыхановтың «Қоянқасқасы» маңдайы жарқырап дара келді.
Тағайындау • 07 Қазан, 2019
Федерацияға жаңа басшы сайланды
Өткен сенбі күні Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде республикалық «Qazaq kuresi» федерациясының жылдық есеп беру конференциясы өтті.
Руханият • 03 Қазан, 2019
«Алтын тұлпар» –Жайық жағасында
«Алтын тұлпар» аламан бәйгесі алғаш рет 2014 жылы «Нұр-Отан» ХДП қолдауымен, партияның 15 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған болатын. Сондай-ақ аталмыш бәйге келесі 2015 жылы «Қазақ хандығының 550 жылдығына», 2016 жылы Қазақстан Респубикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық құрметіне, 2017 жылы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өткен болатын.
Әдебиет • 23 Қыркүйек, 2019
Бай-Өлкеде мәдени орталық ашылды
Моңғолия Республикасы Бай-Өлке аймағының орталығы Өлгей қаласында орналасқан ақын-драматург, өлкенің жаңа низам әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Ақтан Бабиұлы атындағы орталық кітапхананың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында, аталған өлкеде Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды.
Руханият • 23 Қыркүйек, 2019
Халхын-гол шайқасының қаһарманы
Екінші дүниежүзілік соғыс басталмай тұрып фашистік Германияның одақтасы – жапон милитаристері 1935 жылы Қытайдың шығыс бөлігін басып алды. Ол аздай Кеңес Одағы мен оның Моңғолия жақтағы шекарасын қайта-қайта түртпектеп мазасын алды. Бұлар да қарап жатпай 1936 жылдың 12 наурызында КСРО Қорғаныс Халық комиссары К.Е.Ворошиловтың бұйрығымен 57-ші арнаулы корпусты күшейтіп, Моңғол елінің шығыс шебі Халхын-гол маңына орналастырды.