Әлем • 11 Мамыр, 2020
Мигранттар Мальтаны мазалап тұр
Таяуда Мальта үкіметі мигранттарды игере алмай отырғанын айтып шағымданды. Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер Таяу Шығыс пен Африкадан ағылған мигранттар түйткілін тарқата алар емес. Аталған мәселе, әсіресе Жерорта теңізінің маңында орналасқан елдерге қиын соғып отыр. Өйткені босқан халық ең әуелі сонда барып паналайды.
Экология • 11 Мамыр, 2020
Әдетте арзан, бағасы төмен дүниені көрсек, «сутегін екен» деп сипаттап жатамыз ғой. Келешекте бұл ұғым түбегейлі өзгеруі мүмкін. Климат ауысып, мәңгілік мұздықтар қарқынмен еріп жатқан кезеңде су бағалы қазынаға айналмақ. Кей сарапшылар суды, тіпті, мұнайдан кейінгі байлыққа балап үлгерді.
Қоғам • 07 Мамыр, 2020
Бітімгерлік – бейбітшіл елдің басты миссиясы
Қазақстан тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдайтын мемлекет екенін төрткүл дүниеге әйгілі етіп, көптеген дау-жанжалды бейбіт жолмен шешу тәсілін ұсынып келеді. Осы бағытта атқарылған жұмыстардың бір парасы – бітімгершілік миссиялары. Ұлы даланың ұландары бүгінде БҰҰ-ның бітімгер әскері құрамында әлемнің бірқатар бөлігінде міндетін абыроймен атқарып жүр.
Әлем • 04 Мамыр, 2020
Әбу-Даби мен Анкара: қарым-қатынас ушыға түсті
Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері тағы да тәжікелесіп қалды. Тағы да дейтініміз, бұған дейін екі мемлекеттің Таяу Шығысқа қатысты көптеген мәселеде мүдделері сай келмеген-ді. Бұл жолғы даудың басы Ливиядағы жағдайдан басталды.
Әлем • 04 Мамыр, 2020
Facebook кибершабуылға қарсы қамдана бастады
Facebook әлеуметтік желісі қауіпсіздік мәселесімен айналысатын жиырмаға жуық қызметкерін жұмыстан шығарды. Олар қауіптерді анықтауға, сайттың жұмысын жетілдіруге және оны жеткізіп отыруға тиісті еді. Бұл қызметкерлер Facebook-тің Лондондағы, Сиэтлдегі және Калифорниядағы офистерінде жұмыс істеген.
Әлем • 04 Мамыр, 2020
Африка қарызын қалай қайтарады?
Коронавирус пандемиясы салдары Африка құрлығына оңайға соқпайтын түрі бар. «Қара құрлықтың» мемлекеттерінде карантин жариялағалы бері көптеген жұмыс орны қысқартылып, экономикаға түсетін пайда күрт азайған. Соның салдарынан бірқатар мемлекет сыртқы қарызын өтей алмай қалуы мүмкін.
Қазақстан • 01 Мамыр, 2020
Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері, WBC, WBA, IBF тұжырымдамасының әлем чемпионы атанған Геннадий Головкин 2013 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөз сөйлеп, «менің ұлтым туралы сұрағанда, былай деп жауап беремін: әкем – орыс, шешем – корей, ал мен – қазақпын!» деп саңқ ете қалғаны есімізде.
Әлем • 28 Сәуір, 2020
АҚШ Арктикадағы ықпалын күшейту мақсатында Гренландияға 12,1 миллион доллар көлемінде қаржылай көмек берді. Бұл қадам стратегиялық тұрғыда маңызға ие әрі Қытай мен Ресейдің солтүстік полюсте еркін тыныстауына кедергі келтірмек.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2020
Қазақстан туралы алпауыт бұқаралық ақпарат құралдарына шыққан әрбір жаңалықты жіті қадағалап отырамыз. Таяуда Рейтер агенттігінде Ауғанстанға жіберілген көмек жөнінде сурет шықты. Оған қарап отырып қазақ әріптері көзімізге оттай басылды.
Әлем • 27 Сәуір, 2020
Йеменде тыныштық орнар түрі жоқ
Өткен аптада Йемендегі атысты уақытша тоқтату келісімі аяқталды. Осыған байланысты Сауд Арабиясы бейбітшілік жөнінде жаңа келіссөздер жүргізбек. Алайда хуситтер жағы ұсыныстан бас тартты.