Әлем • 26 Қаңтар, 2022
ЖЕНЕВА. 2022 жылы коронавирус пандемиясы мен одан келген дағдарыстар біртіндеп баяулай бастауы мүмкін. Бірақ тіпті ахуал жақсы жағына өрбісе де, климаттың жылынуына қарсы әрекеттің сәтсіздігінен бастап әлеуметтік бірліктің құртылуына дейінгі жаңа сын-қатерлер цунами секілді әлемді басып қалмақ. Оларды шешу биліктен өзгеше басқару үлгісін қабылдауды талап етеді.
Әлем • 26 Қаңтар, 2022
ТЕЛЬ-АВИВ. Ақ үй басшысы Джо Байден АҚШ-тың Қытаймен бәсекелестігін демократия мен автократия арасындағы шайқас, яғни қырғи-қабақ соғысты еске түсіретін идеологиялық қақтығыс ретінде бірнеше рет сипаттады. Алайда мұндай пікір дұрыс емес. Америка Құрама Штаттары мен Қытай стратегиялық үстемдік үшін бәсекелеседі әрі шешім табуға ниетті емес. Материалдық активтер мен қауіпсіздік мәселелеріне қатысты талаптар орындалғанымен, идеологиялық күрестің әдетте бір ғана соңы бар. Тараптардың бірі сөзсіз жеңіледі.
Ауыл • 21 Қаңтар, 2022
Ірі аграрлық компаниялар ауылды дамытуға атсалысуға тиіс
Кеше Сенат отырысында Премьер-Министрге сауал жолдаған сенатор Ақылбек Күрішбаев ауыл тұрғындарын алаңдатқан проблемаларға назар аударды.
Үкімет • 21 Қаңтар, 2022
Ортақ стандарт енгізуге жол ашатын құжат
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Депутаттар «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарап, қабылдады.
Үкімет • 20 Қаңтар, 2022
Ортақ энергетикалық нарық құрылады
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Депутаттар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігінде) өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.
Әлем • 19 Қаңтар, 2022
ЭДИНБУРГ/ЖЕНЕВА. АҚШ пен Батыс елдерінің сарбаздары Ауғанстаннан шығарылғанына да төрт айдан асты. «Талибан» елді бақылауға алған кезде Батыстағы мемлекеттер арнайы рейстер жалдап, босқындарды қабылдау ережелерін жеңілдетіп, қаражат бөлу арқылы бірнеше мың ауғанды қауіпсіз жерге жеткізді. Әйтсе де елде қалғандар – «Талибанды» жақтайтыны бар, жақтамайтыны бар, әлемнің қалған бөлігінен ажырады.
Әлем • 19 Қаңтар, 2022
Ресейдің Украинаға төндірген қаупі Шығыс Еуропадағы биылғы ықтимал дағдарыстың бірі ғана емес, Босния және Герцоговина да күрделі саяси кезеңге аяқ басады.Алдағы қазан айында елде маңызды сайлау күтіп тұр.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2022
Қазақстан Республикасында 2 қаңтарда басталған зорлық-зомбылықтың өршуі басты тақырыптарға айналып, мемлекетке қатысты қызығушылықтың артуына себеп болды. Орталық Азия мемлекетінің үкіметі жылдар бойы елді Еуропаға жақындатуға бағытталған мақтауға тұрарлық күш-жігеріне қарамастан, Испанияда әлі де танымал емес.
Әлем • 16 Қаңтар, 2022
Ұлттық қордың үлгісі Норвегияның тәжірибесі қандай?
«Қасіретті қаңтар» оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің отырысында Үкіметке елді дамытуға қатысты көптеген тапсырма берді. Соның бірі «Самұрық-Қазына» қорына қатысты болатын. «Үкіметке Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, «Самұрық-Қазынаның» жұмысына қатысты квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалау үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Егер «Самұрық-Қазына» жұмысын реформалау мүлдем мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны дұрыс», деді Қ.Тоқаев. Осы орайда, әлемдегі әл-ауқат қорларының қалай жұмыс істейтінін сараптап, Норвегияның Жаһандық зейнетақы қорына тоқталғанды жөн көріп отырмыз.
Әлем • 12 Қаңтар, 2022
Иран ядролық келісіміне осы айда қол қойылуы мүмкін
Жыл жабылар тұста Венада Иранның ядролық қару бағдарламасы жөніндегі келіссөздердің кезекті раунды өтті. Толыққанды уағдаластыққа қол жеткізілмесе де, ортақ мәмілеге келуден үміт мол.