Әлем • 21 Қыркүйек, 2021
БРЮССЕЛЬ. Норвегиядағы кейінгі оқиғалар алдағы қарашада Глазгода өтетін БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференцияда (COP 26) айтылатын климатқа қатысты міндеттемелерге әсер етуі мүмкін.
Экология • 20 Қыркүйек, 2021
Тынық мұхиттағы аралдар жойылып барады
Жаһандық жылыну Тынық мұхиттағы аралдарға үлкен қауіп төндіріп тұр. Климаттың өзгеруіне байланысты өңірде су деңгейі көтеріліп, нөсер жауын көбейіп, долы дауыл жиілеген. Ғалымдардың болжамына сүйенсек, келесі ғасырда әлемдегі ең үлкен мұхит қоршауында жатқан бірнеше ел мүлдем жойылып кетуі мүмкін.
Әлем • 19 Қыркүйек, 2021
Франция АҚШ пен Аустралияға ренішті
Франция билігі АҚШ пен Аустралиядағы елшілерін кері шақыртып алды. Саяси сахнадағы мұндай әрекеттің астары үлкен. Бұл мемлекеттер арасындағы қатынасқа селкеу түскенін білдіреді. Батыс демократиясының Отаны саналатын елдің мұндай қадамға баруының себебі неде?
Экология • 16 Қыркүйек, 2021
Кіші Талдыкөлдің Манхэттеннен несі кем?
Бірнеше жыл бұрын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы кезінде оқырманға ақпарат жеткізу үшін Нью-Йорк қаласына барған едік. Осы сапарымызда америкалықтардың бетон ғимараттар мен әсем табиғатты үйлестіре білгеніне куә болдық.
Саясат • 16 Қыркүйек, 2021
Балаларды кибербуллингтен қорғау – күн тәртібіндегі міндет
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар баланың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты депутаттардың бастамасымен әзірленген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Саясат • 15 Қыркүйек, 2021
Байқау жеңімпаздары марапатталды
Елордада «Қазақстандағы климаттың өзгеруі» тақырыбымен өткен БАҚ өкілдері арасындағы байқаудың қорытындысы жарияланды. Байқауды БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырды.
Саясат • 14 Қыркүйек, 2021
ЛОНДОН. Еуропаның кейбір бөлігін су басты, Американың батысы ыстықтан, өрттен және құрғақшылықтан зардап шегіп жатыр. Бай елдер көптеген дамушы елдерге жақсы таныс ахуалды бастан кешіруде. Су ағынын бақылау деңгейі бұрынғыдай болмай қалғанда, климаттың өзгеруі жүгендеуге келмей кетеді.
Әлем • 13 Қыркүйек, 2021
Еуропалық комиссияны атом реакторлары мазалайды
Қазіргі таңда әлемде атом электр стансаларын салу қажет пе деген сұрақ күн тәртібінен түспей тұр. Кейбіреулер оны экологиялық таза деп есептесе, енді бірі реакторлардан келетін қауіп көп деп есептейді. Бұл мәселенің қызу талқыланғаны соншалық, Еуропалық комиссия ядролық энергияны қолданудың тиімділігі мен зиянын зерттеп жатыр.
Әлем • 13 Қыркүйек, 2021
Каталонияда азаттық шеруі өтті
Мыңдаған каталондық сенбіде Барселонада шеру жасап, Испаниядан тәуелсіздік алуға үндеді. Nacional Catalana ассамблеясы деп аталатын топ ұйымдастырған шеру кейінгі кезде өткен ең ірі наразылық акциясы атанып отыр.
Әлем • 13 Қыркүйек, 2021
Қаза тапқандар арасында террористер болмаған
The New York Times газеті таяуда АҚШ әуе күштері Кабулда дроннан жасаған әуе шабуылынан бірде-бір террорист қаза таппағанын хабарлады. Басылым келтірген деректерге сүйенсек, 43 жастағы Земари Ахмади есімді қарапайым тұрғын отбасының тоғыз мүшесімен қаза тапқан. Қайтыс болғандардың жетеуі бала екен.