Әлем • 20 Сәуір, 2021
Ұлыбританиядағы тақ мұрагерлігі
Өткен сенбіде Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің жұбайы, принц Филипп жер қойнына тапсырылды. Ешкім мәңгілік емес. Күндердің бір күні патшайымның да уақыты келетіні анық. Осы орайда, принц Филипптің бақиға аттануы тақ мұрагерлігі туралы, Біріккен корольдіктің келешегі жөніндегі әңгімені Ұлыбританияда қайта күн тәртібіне шығарды.
Әлем • 15 Сәуір, 2021
Өткен аптада Дүниежүзілік қор нарықтары рекордтық деңгейге көтерілді. Мұның басты себебі коронавирус пандемиясына байланысты қойылған шектеулер қайта жеңілдетілген соң, АҚШ-тағы инфляция деңгейі өспеген.
Әлем • 15 Сәуір, 2021
Кариб теңізіндегі Сент-Винсет аралында Ла-Суфриер жанартауы оянды. Қиындыққа тап болғандарды эвакуациялауға аймақтағы круиз кемелері жұмылдырылды.
Әлем • 15 Сәуір, 2021
Мысыр билігі Суец каналына қайраңдап қалған жүк кемесі Ever Given-ді тәркіледі. Кеменің иесі әлемдік саудаға үлкен шығын әкелген оқиғаның өтемақысын төлемейінше, Ever Given енді орнынан қозғалмайды.
Парламент • 15 Сәуір, 2021
Жер туралы заң Сенатқа жолданды
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Палата депутаттары бірқатар жаңа ратификациялық заң жобасын мақұлдады. Сондай-ақ шетелдіктерге жер сатуға тыйым салуға қатысты заң жобасы Сенатқа жолданды.
Саясат • 14 Сәуір, 2021
Неліктен жұрттың бәрі президент болғысы келеді?
Неліктен жұрттың бәрі президент болғысы келуі мүмкін? Елдің ең жоғарғы қызметі түрлі артықшылықтарға қарамастан, өте ауыр міндет. Вашингтондық журналист Элизабет Дрю өз мақаласында осы сұрақты қойып, оның жауабын іздейді. Автор қазіргі АҚШ президенті Джо Байденнің президенттік лауазымға кіріскен кезі өте сәтті өткенін алға тартады. Оның пайымдауынша, Байден бастапқыда тиімді саясат жүргізе білді. Дегенмен уақыт өте келе оның әкімшілігі көптеген қиындыққа тап болды.
Әлем • 14 Сәуір, 2021
Өмірмен қоштасуға медициналық тұрғыдан көмектесу
Принстон Университетінің биоэтика профессоры Питер Сингер «Өлуге медициналық көмектесу» атты мақаласында жазылмайтын дертке шалдыққан, аурудан тәні мен жаны қиналған науқастардың фәни дүниемен өз еркімен қоштасуы қажет пе деген мәселені талқылайды. Оның айтуынша, қазіргі таңда әлемнің бірқатар елінде мұндай тәсілге рұқсат етілген. Бірақ бұл физикалық тұрғыда зардап шегетіндерге ғана берілген құқық. Автор психикалық тұрғыда қиналатындарға да осындай мүмкіндік берілу қажет деп есептейді. Айта кетерлігі, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
Әлем • 13 Сәуір, 2021
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Женевада өткен брифингте 220 мемлекеттің 194-інде коронавирусқа қарсы вакциналау басталғанын мәлімдеді. «Алайда 26 ел әлі бастаған жоқ», деді ол.
Әлем • 13 Сәуір, 2021
Қытай Alibaba компаниясына айыппұл салды
Қытай билігі Alibaba корпорациясына 18 миллиард юань (2,75 миллиард доллар) айыппұл салды. Бейжің билігі компанияны монополия шарттарын бұзды деп айыптап отыр.
Әлем • 13 Сәуір, 2021
Солтүстік Ирландиядағы жастар наразылығы
Кейінгі он шақты күнде Солтүстік Ирландияның бірқатар өңірінде жаппай наразылық акциялары өтіп, жүзге жуық полиция қызметкері жарақаттанды. Әзірге шеруге шыққан жастар ғана. Үлкендер тарапы оларды сабырға шақырып әлек.