Парламент • 19 Қараша, 2020
Жолдауды іске асыруға бағытталған заң жобалары
Кеше Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Онда Мәжіліс бірқатар заң жобасын талқылады. Бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу және Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыруға қатысты заң жобаларын мақұлдады.
Әлем • 19 Қараша, 2020
Еуропалық одақтың бюджеті бекітілген жоқ
Еуропалық одақтың алдағы жеті жылға арналған 1,82 триллион еуро тұратын бюджеті бекітілген жоқ. Құжатқа Венгрия мен Польша вето қойды. Жоспар бойынша, қаражат коронавирус індетінен кейінгі кезеңде экономиканы құтқаруға және 2021-2027 жылдарға арналған-ды.
Саясат • 19 Қараша, 2020
Сайлауалды бағдарлама қалай жүзеге асып жатыр?
Кеше Мәжіліс Спикері, палатадағы Nur Otan партиясының фракция жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен фракцияның кеңейтілген отырысы өтті. Онда партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы Үкіметтің есебі тыңдалды.
Таным • 18 Қараша, 2020
Ұлыбритания ауқатты елдің бірі саналады. Тұманды Альбион ішкі жалпы өнім көлемі бойынша әлемде бесінші орында тұр. Тауар сатып алуға қабілеті жөнінен де ағылшындар топ басында. Қысқасы, әлеуметтік тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген. Әрине, мұның экономикалық себептері көп. Бірақ ең бастысы, халықтың өмір салтына, атап айтқанда, ұйықтау мәдениетіне тікелей қатысты.
Әлем • 17 Қараша, 2020
Еуропада коронавирус өршіп тұр
Италияда тәулігіне коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 41 мыңға артты. COVID-19-бен ауырған 550 науқас қайтыс болды. Кампания және Тоскана облыстары «қызыл аймаққа» енді. Елде «қызғылт сары аймақтардың» қатары да кеңейіп келеді.
Әлем • 17 Қараша, 2020
Мысырда 100-ден астам саркофаг табылды
Мысырда өте құнды жәдігерлер табылды. Олардың қатарында екі жарым мың жылдан астам уақыт сақталған жүзден астам саркофаг, жерлеу орындары мен ондаған мүсін бар.
Сұхбат • 17 Қараша, 2020
БҰҰ Даму бағдарламасы үшін ұлттық даму басымдықтары маңызды
Қазіргі кезде Қазақстанның бастамалары халықаралық қоғамдастық тарапынан да жоғары бағаланып отыр. Әсіресе «тоғызыншы территорияның» ұстанымы Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен негізгі құндылықтармен үйлесім тауып, әлемдік аренадағы абыройын биіктете түсті. Биыл коронавирус пандемиясы шартараптағы ахуалды өзгерткені белгілі. Осы орайда Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Якуп Беришпен сұхбаттасып, іргелі ұйымның атқарып жатқан қызметі, індетпен күрестегі еліміздің әрекеті төңірегінде әңгіме қозғаған едік.
Әлем • 16 Қараша, 2020
Интернет компанияларды «ауыздықтамақ»
Қытай үкіметі таяуда интернет компанияларды бақылауға арналған жаңа заң жобасын жариялады. Билік өкілдерінің айтуынша, аталған құжат алпауыт IT-платформаларының монополиясына жол бермеуге бағытталған. Бірақ сарапшылар бұл қадам компанияларды қатаң бақылауда ұстаудың бір амалы екенін айтып отыр.
Руханият • 13 Қараша, 2020
Кенжесінің тойын күтіп жүрген еді...
Ерлік – әркімнің бойына ұя сала бермейтін қасиет. Қас-қағым сәтте жүрегінің әміріне жүгініп, өзгелер үшін басын бәйгеге тігетін, парызы мен қарызын адал атқаратын нағыз азаматтар ғана тәуекелге бара алады. Халық қаһарманы, капитан Ғазиз Байтасов осындай азамат еді. Ол бейбіт халықты террористен қорғап қалу үшін тура келген ажалды қаймықпай қарсы алды.
Парламент • 13 Қараша, 2020
Салық кодексіне өзгерістер енгізіледі
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында Салық кодексіне түзетулер енгізілді. Заң салық саясатын жетілдіру, бизнес жүргізу тәртібін жеңілдету және Қазақстанға инвестиция тарту мәселелерін қарастырады. Жан-жақты талқылаудан кейін сенаторлар құжатты Мәжіліске кері қайтарды.