Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1165 материал табылды

Әлем • 28 Тамыз, 2023

«Атаманның ақыры»

Өткен аптаның аяғында бүкіл әлем назары Ресейге ауды. Аталған елдің бұқаралық ақпарат құралдары сәрсенбі күні Твер облысында «Вагнер» жеке әсери жасағының басшысы Евгений Пригожинге тиесілі ұшақ апатқа ұшырағанын жарыса жазды. Бортта 7 жолау­шы, 3 экипаж мүшесі болған.

Қазақстан • 11 Тамыз, 2023

Серпінді саяси реформалар

Былтырғы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынған-ды. Жалпыхалықтық референдум 5 маусымда өтіп, еліміз үшін тағдыршешті кезеңге айналды. Референдумға халықтың 68,05 пайызы қатысып, 77,18 пайызы Ата заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады. Сөйтіп, Конституцияның 33 бабына өзгеріс енгізілді.

Саясат • 31 Шілде, 2023

БҰҰ қарары: Өшпенділік әрекеттері айыпталады

Біріккен Ұлттар Ұйы­мының Бас Ассамблея­сы конфес­сияаралық диалогті дамытуға және өш­пенд­ілікпен күресуге бағытталған Қарар қабыл­дады. Қазақстан атал­ған құжаттың тең авторы атанды.

Әлем • 28 Шілде, 2023

Гана өлім жазасынан бас тартты

Гана парламенті сейсенбі күні елдің Қылмыстық кодексіне өзгеріс енгізіп, өлім жазасынан бас тартты. Осылайша, аталған мемлекет Африкадағы мұндай қадамға барған 29-шы ел атанып отыр.

Қоғам • 28 Шілде, 2023

Есерсоқтар лаңы

Кейінгі кезде саясаттанушылар діни алауыздықты қоздырып, Құран өртеп жүрген есерсоқтарды қандай топқа жатқызуды білмей дал болып отыр. Мәселен, соңғы он күнде Солтүстік Еуропаның әсіреоң­шылдары үш мәрте Қасиетті кітапты отқа жаққан. Әлбетте бұл оқиға Ислам дінін ұстанатын мемлекеттердің наразылығын туғызды.

Қоғам • 28 Шілде, 2023

Трансшекаралық өзендер мәселесі

Жаздың аптап ыстығында диқандар егін суарудан қиыншылық көреді. Елімізде бірнеше ірі өзен бассейні болғанымен, қажет кезінде «тіршілік нәрі» сыздықтап ағып, ауыл шаруашылығымен айналысатындарды әбігерге салады.

Экология • 21 Шілде, 2023

«Жасыл энергетика» шартына әзір

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парсы шығанағы елдерінің ірі энергетикалық компанияларымен, әсіресе жасыл энергетика сала­сында тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін мә­лімдеді. Бұл туралы ол Жиддада Парсы шығана­ғы ынтымақтастық кеңесі (GCC) мен Ор­та­лық Азия елдерінің саммиті барысында айтты.

Қоғам • 21 Шілде, 2023

Астық келісімінің тар жол, тайғақ кешуі

Өткен аптада Ресей ресми түрде Қара теңіздегі астық ке­лісімінен шығатынын мә­лімдеді. Осыдан кейін іле-шала әлемдік нарықтағы бидай бағасы бірден жоғарылап шыға келді. Қазақстан – әлемдегі астық экспортқа шығару жө­нінен үздік ондыққа кіреді. Кремль билігінің бұл қадамы біздің елге қалай әсер етпек?

Экономика • 18 Шілде, 2023

Бақуатты ғұмыр бағасы

Кезінде дастарқан басында шай ішіп, әңгіме соғып отырғанда еліміздің қазба бай­лығы мол екенін айтып, арабтардай ба­қуатты ғұмыр кешуіміз керек дейтін едік. Сөйтсек, шынында арабтардың дең­гейге жетіп қалғанымызды байқа­мап­пыз. Бұл үшін, әрине, «қара қазан, сары бала­ның қамын жеген» атқарушы билік­ке мың алғыс айтамыз.

Әлем • 17 Шілде, 2023

НАТО саммиті: үміт пен күдік

Өткен аптада Литва астанасы Вильнюсте НАТО-ның кезектен тыс саммиті өтті. Халықаралық қоғамдастық та, әлемдік сарапшылар да, Украина тарапы да Трансатлант одағының жиынын асыға күткен. Алайда оның қорытындысы көпшіліктің көңілінен шыққан жоқ. Әсіресе Украина президенті Володимир Зеленскийдің қапа болғаны анық.