Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2372 материал табылды

Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Алматы «бомждары» қайда барып паналайды?

Елімізде төтенше жағдай енгізіліп, Алматы алғашқы қалалардың қатарында карантинге алынғаннан кейін, мегаполисте үйсіз-күйсіз күнелтіп жүрген жандарға қатысты журналистер тарапынан қайта-қайта мәселе көтерілген болатын. Індет жайлаған күндерде онсыз да тағдыр тәлкегіне түскен жандар қайда барып паналайды? Оларды күнкөріс үшін ары-бері сандалтпау, азықтандыру  ісін қалай тиімді ұйымдастыруға болады?

Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Алматыда індеттің 20 ошағы бар

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің 26 наурыздағы түнгі дерегі бойынша Алматыда коронавирус ошақтары, яғни 20 кіреберіс карантинге алынды.

Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Карантин: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 7 қадамы

Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі төтенше жағдай режиміне бейімделген, яғни өз клиенттері үшін қабылданған 7 қадам туралы төмендегідей  мәлімдеме мәтінін жариялады.

Коронавирус • 27 Наурыз, 2020

Індетпен күрестегі Қытай тәжірибесі

Жаһанды дүрліктіріп, адамзатты күйзелтіп отырған коро­­навирус пандемиясын ауыз­­дықтап, оның бетін қай­та­­руда жақсы нәтижелер жоқ емес. Ақпараттық ке­ңіс­тікте тілсіз жаудың тілін тауып, оны еңсеруде қол жет­кізілген табыстар туралы мәлім­демелер жария­ла­на бас­тады. Мәселен, пан­де­мия­ның бастапқы ошағы бол­ған Қытай елі «құмырадан шы­ғып кеткен жыннан» бетер вирустың екпінін басуда әжептәуір іс тындырған көрі­неді. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қа­зақ­стандағы Бас консулы Гэн Липиннің әңгімесі төмен­де­гідей.

Қоғам • 26 Наурыз, 2020

Алматыға ақшамен кіріп-шығуға болатыны туралы ақпараттар расталған жоқ

Бүгін Алматы полициясы қаланың шекарасынан ақылы түрде өту мүмкіндігі туралы әлеуметтік желілерде тараған хабарлардың ешқайсысы расталмағанын мәлімдеді.

Қоғам • 26 Наурыз, 2020

Алматыда індетінен арылған алғашқы әйел өз үйіне оралды ма?

Бүгін кешкі онлайн-брифингте Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаев мегаполистегі 26 наурыздағы соңғы мәліметтерге сәйкес, 40 адамның дертті болғанын хабарлады.

Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Бүгін індеті расталған науқастың бірі Нью-Йорктан келген

Бүгін 26  наурызда, сағат 18.40 кезінде  Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырып алған 40 жағдай тіркелді. Бұл жөнінде Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Алматылықтар мемлекеттік қызметтерді тек онлайн алып отыр

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында карантин барысында еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды.  Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлімдеді.

Қоғам • 25 Наурыз, 2020

Алматы: Қосымша шектеу шараларын енгізуге мәжбүр

Бүгін Алматыда профилактикалық және эпидемияға қарсы қосымша шектеу шараларын енгізуге байланысты кезекті онлайн-брифинг өтті.

Қоғам • 25 Наурыз, 2020

Алматыда төтенше жағдай режимін бұзған 99 факт анықталды

Алматы қаласында карантин жарияланған сәттен бастап төтенше жағдай режимін бұзудың 99 фактісі анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев мәлімдеді.